Жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығару / Қоғамдық орындардағы демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


152-сабақ

Тақырыбы: Жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығару / Қоғамдық орындардағы демалу мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Қылышбаева А.Т.

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.5 Жанаматүрдетұжырымдалғанесептерді («бірнешебірліккеартық/кем», «бірнешеесеартық/кем») талдаужәне шығару

3.5.2.5 деректердіжинақтау, жүйелеужәнедиаграммалармен пиктограммаларқолданыпсалыстыру

Тілдікмақсаттар

Дағдыларындамыту:

Сандық және әріптік өрнектерді оқи алатын болады.

Пәндік лексика және терминология:

жанама түрде тұжырымдалған есептер («артық/кем», «есе артық/кем» қатынастарымен байланысты).

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Жанаматүрдетұжырымдалғанесепдегеніміз не?

Жазу:

сызба, қысқашажазу, шешім, есептіңжауабы.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Әртүрлітапсырмалардышешу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-3

Ынталандыру.

Сабақты оқушылармен мәдени орындар туралы әңгімелесуден бастау.

  • Мәдени орындарға не жатады?
  • Мәдени орындарда өзіңді қалай ұстайсың?
  • Біз мәдени орындарға не үшін барамыз және оның пайдасы қандай?

Алматы қаласындағы Орталық музей туралы әңгімелеу. Орталық музейдің «Музей туралы»,

«Экспозициялар», «Коллекциялар», «Ғылыми-қор қызметі», «Мәдени-білім жұмысы», «Қонақ кітабы»  деп аталатын алты бөлімнен тұратынын және әрбір бөлімнің қызметі туралы ақпарат беру.

Мәдени орындар суреттері,

Слайд

4-6

(Ұ) Ламинатталған парақтарға есептердің тек жауабын жазу:

1.Мараттың 9 жапсырмасы бар, бұл Дәуреннің жапсырмасынан 3 есе аз.   Дәуреннің жапсырмасы нешеу?

2. Мараттың 9 жапсырмасы бар, ал Дәуреннің жапсырмасы одан 3 есе аз.   Дәуреннің жапсырмасы нешеу?

... 45 бала, бұл ересектерге қарағанда 3 ее артық...

... 25 минут, бұл жаяу жүргеннен 5 есе кем...

Сұрақтарына толық жауап алу. Оқушылар берілген деректерді есептер құрастырады.

Мұндай есептің түрі қалай аталады? (жанама түрде тұжырымдалған есептер)

Есептердің қысқаша жазылуын, шешуін, жауабын жазып шығарады.

Топтар жауаптарын ауыстыра отырып тексереді. Жіберілген қателіктерді жөндейді, неліктен жөндегендеріне түсінік береді.

Үлестірмелер , ламинатталған парақтар, слайд

7-11

(Ө) 2-тапсырма.

Есептерді топта талқылап, жұпта сұраққа қалай жауап беретінін анықтайды. Содан кейін өз беттерімен орындайды.

Музейге түске дейін келген балалар саны белгілі.Ал, түстен кейін келген балалар саны «бұдан» сұрағы болғандықтан «жанама түрде берілген» . Белгісіз екі амалмен табылатынына тоқталу. Алдымен түстен кейінгі музейге келген оқушылар санын, содан кейін барлық балалар санын табады.

Жауабы: а)205-68+205= 342 бала келген.

ә)1.Өнер бөліміне келген оөырмандар саны белгілі (160);

2.Бұл мультимедия бөлімінен 4 есе артық болғандықтан 160 : 4 = 40 оқырман;

3. «Қазақстан кітаптары» бөліміндегі оқырмандар саны: 160 + 40 = 200 оқырман;

Жауабы: «Қазақстан кітаптары» бөліміне 200 оқырман келді.

Слайд, есептер жазылған қима қағаздар

12-29

Қиындықтарды түзету

Тапсырманың орындалу дұрыстығын тексеру.

– Кімде қиындық туындады?

– Сіз қай жерде қателік жібердіңіз?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындамаған балалар өз іс-әрекетіңіздің мақсатын құрастырыңыз.

(Қосымша тапсырманы орындау).

– Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай?

(Қатені түзету).

– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.

(Т) 3-тапсырма. Әрбір топ сызба бойынша есеп құрастырады. Әрбір топ құрастырған есептерін басқа топтарға айтады, есептерді шығарады.

) 4-тапсырманы ауызша болжау арқылы жауап беру. Оқушылардан екі есепті салыстыруды сұрау.

–Бірінші есепте терек көшетінің санын табу үшін қандай амал қолданамыз? (Көбейту)

–Екінші есепте терек көшетінің санын табу үшін қандай амал қолданамыз? (Бөлу)

Есептерді тақтада шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жазып орындау.

Оқулық, дәптер

30-40

(Т) Оқушылардан бос уақыттарында немен айналысқанды ұнататындарын сұрау. Әлияның отбасы мүшелерінің бос уақыттарында немен айналысатынын білу үшін қима қағаздарды тарата отырып, есепті шығару. Оқушылар пиктограмма бойынша сұрақтар құрастырып, оны сыныптастарына қояды. Әрбір оқушы өзінің отбасы мүшелерінің қандай мәдени орындарға барғанды ұнататыны туралы пиктограмма құрастырады.

Бос уақытта айналысатыны: теледидар көру, театрға бару, ойын-сауық орталығына бару, спорттық ойындарды тамашалау, кітапхана, цирк, саябақта серуендеу екенін сурет бойынша анықтап алу.

) 7-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді. Қатардың жазылу заңдылығын анықтау және әр қатардың екі жағына цифрлар жазып толықтыру. Мысалы:

а)1, 3, 5, 7, 9, 11, 13;

ә) 1, 2, 5, 6, 9, 10, 13,14.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Сабақ барысы бойынша сұрақтар қою.

Оқулық, дәптер,

карточкалар,

түрлітүстіқаламсаптар

41-45

Рефлексия.

«Мен-саған, сен-маған» әдісі арқылы, сабақ барысындағы жіберген қателіктері мен жетістіктерінайту



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу