Өзіңді тексер! Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Тақырып: 139-сабақ Өзіңді тексер!

Оқу мақсаттары: 3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану

3.2.1.5 әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру

Тірек сөздер:

  • бірлік
  • ондық
  • жүздік
  • көбейту алгоритмі
  • бөлу алгоритмі.

Ресурстар:

  • жануарлар суреттері
  • карточкалар
  • карта әдісіне қима қағаздар
  • домино әдісіне қима қағаздар
  • жұлдызша
  • кесте
  • есеп жазылған қима қағаз
  • тапсырма жазылған қима қағаз
  • оқулық
  • өрнектер жазылған қима қағаз
  • кесте
  • есеп макеті
  • шаблондар
  • тест
  • сызба

Сабаққа қатысты деректі материалдар

  • . Бұл сабақта оқушылар екі таңбалы сандарды

бір таңбалы санға баған түрінде жазып көбейтуді

меңгеруі тиіс.

  • . Бірліктерді көбейтіп, бірліктердің астына

жазамын.

  • Ондықтарды көбейтіп, ондықтардың астына

жазамын..

Сабаққа арналған ескертулер

Сабақтың басында оқушылар көбейтудің

компоненттерін түсінгенін тексеру

ұйымдастырыңыз. Ол үшін көбейту

компоненттерінің қалай аталатынын, белгісіз

көбейткішті қалай табуға болатынын сұраңыз

Ынталандыру.

"Сіздер білмейсіздер" тренингін өткізіп, ынтымақтастық атмосферасын құрып алыңыз..Оқушылар шеңберге жиналып,"Сіздер білмейсіздер..." деп бастап, өзгелер білмейтін бір құпиясын айтып шығады "Мозайка" әдісі арқылы топқа біріктіріңіз. Балық,гүл,

қоян,жылқы суреттерінен мозайка жасап,қиындыларды құрастыру арқылы топқа бірігеді.

Білу

"Карта" әдісі арқылы 1-тапсырманы орындатыңыз

1-тапсырма

Баған түрінде жазу,есептеу

Оқушыларға қима қағазға жазылған өрнектер және өрнектердің жауабы таратылып беріледі.Берілген өрнектерді жауабымен сәйкестендіріп, бір-біріне беттестіріп қояды.Орындап болған соң әр топтан спикерлер шығып, топтардың жұмыстарын тексеріп, бағалап шығады.

430∙2 860 103∙3 309 107∙5 535

640:2 320 303:3 101 760:5 152

Түсіну

"Домино" әдісі арқылы көбейту кестесін еске түсіруді ұсыныңыз.

Көбейту кестесін қайталау

«Домино»

 Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне өрнек жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол өрнектің жауабын жазып, оң жағына өз өрнегін жазады, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.

 Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді.)2-тапсырма

Баған түрінде жазу, есептеу. Дұрыстығын тексеру.

120∙3=360 304∙2=608

420:2=210 804:4=201

Қолдану

3-тапсырманы орындауды ұсыныңыз.

а)Баған түрінде жазып, амалдардың орындалу реті бойынша өрнектің мәнін табуды тапсырыңыз

209∙3+636:6

1)209∙3=627

2)636:6=106

3)627+106=733

ә)"Ротация" әдісі арқылы өткенді еске түсіруді тапсырыңыз.

Тапсырма:

1.Көбейтуге өрнек құрастыр

2.Бөлуге өрнек құрастыр

3.Әріпті өрнек құрастыр

Үш топқа 3 түрлі маркер беріледі.Әр топ бастапқы өздеріне берілген түспен жазады, шапалақ ұрғанда парақтар ауысады, алдына келген параққа тапсырманы өз маркерімен жазады.Ойын соңында мұғалім жинап алып маркер түсі бойынша қай топ қатесіз жазғанын, қай топ қателескеніне талдау жасап, бағалайды

Талдау.

(Ө.) 4-тапсырма

Кесте бойынша өрнектер құрастыру, олардың мәнін салыстыру

880:4+101∙5=725 340∙2-606:3=478

707:7+410∙2=921 802:2-104∙3=89

Жинақтау

(Ө.)5-тапсырма

а)Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастырып, оны шығару

Қысқаша жазылуы:

Екі кемеде-220 адамнан

Үш кемеде-303 адамнан ? артық

ә)

Тіктөртбұрыштың ауданы 72 см2, ал ені 6 см. Тіктөртбұрыштың қабырғасының ұзындығын тап.

S=72см2

в-6см

а=?

а=72см2:6см

а=12см

Сергіту сәтіне "Қошемет" тренингін жүргізіңіз

Оқушылар шеңберге жиналады, жүргізуші "Шашы ұзын қыздарға қошемет дегенде "ортаға шашы ұзын қыздар шығады, қошемет көрсетіп, барлығы шапалақ ұрады.Әрі қарай "Галстук таққандарға қошемет", "Белбеу таққандарға қошемет", "Көзілдірік таққандарға қошемет" деген коментарийлер айтылып, қошемет жасалады.

Бағалау

Оқушылардың білімін тексеру мақсатында тест ұсыныңыз.

Тест.

 

1. 85:17 өрнегінің мәні.

а) 6

ә) 3

б) 5

 

2. у – 100 = 600 – 450 теңдеудің шешімі.

а) 200

ә) 250

б) 150

 

3. 4 санының кубы нешеге тең?

а) 60

ә) 64

б) 16

 

4. Қабырғалары 3см 2мм шаршының перимерін тап.

а) 12см 8мм

ә) 10см 8мм

б) 11см 8мм

5 15 жаңғақты ағайынды 5 балаға тең бөліп беру керек. Ағайындылардың

әрқайсысына неше жаңғақтан тиеді?

а) 3 жанғақ

ә) 2 жаңғақ

б) 1жаңғақ

6-тапсырма

Есептеулерді тексеру, қатесін түзеу

Рефлексия

Сабақ соңында рефлексия жасатыңыз.

Көңіл-күйбет-әлпеті салынған суретті таңдауды ұсыныңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу