Өзіңді тексер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы:Өзіңді тексер

Оқу мақсаттары: 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

Ынталандыру.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Кестеден тыс көбейту және бөлу бөлімінен алған білімдерін тексеру мақсататында тапсырмалар жазылған парақтар таратыңыз.

Берілген тапсырмалар кестеден тыс көбейту мен бөлу дағдысын бекітуге бағытталған. Оқушылар тапсырмаларды мұқият оқып, есептеп, дұрыс жауабын жазады.

1-тапсырма.Білу

Мен қосындыны бір таңбалы санға көбейту және бөлу ережелерін қолданады.

Қосындыны санға бөлу үшін, екі қосылғыштың қосындысын есептеп, шық қан мәнді санға бөлу керек. Сондай-ақ, қосындыны санға бөлу үшін, әр қосылғышты санға бөліп, шыққан нәтижелерді қосуға болады. Осы екі ережеден екі алгоритм құрастыруға болады:

1-алгоритм:

1. Қосындыны есептеу;

2. Шыққан мәнді санға көбейту,бөлу.

2-алгоритм:

  • Бірінші қосылғышты санға көбейту, бөлу;
  • Екінші қосылғышты санға көбейту, бөлу;
  • Шыққан мәндерді қосу.

Есептеудің іртүрлі тәсілдерін жаз

(20+30)·4=200 (18+12):3=10

1-тәсіл: (20+30)·4=50·4=200 1-тәсіл:(18+12):3=30:3=10

2-тәсіл: (20+30)·4=20·4+30·4=200 2-тәсіл:(18+12):3=18:3+12:3=10

2-тапсырма.Түсіну

Сандарды 10-ға және 100-ге ауызша көбейту және бөлуді қалай орындау керектігін түсінемін.

Бұл тапсырмада 10-ға,100-ге бөлу тәсілін түсіндіру керек. Санды 10-ға,100-ге бөлу үшін, бөлінгіш пен бөлгіштегі бірдей нөлдерді сызып тастап, бөлуді жалғастыру керек. Санды 10, 100, 1000 т. с. с. сандарға бөлгенде санның оң жағынан сәйкесінше 1 нөлді, 2 нөлді, 3 нөлді т. с. с. сызып тастау керек

Санды 10, 100, 1000 т. с. с. сандарға көбейткенде, сол санның оң жағына сәйкесінше 1 нөл, 2 нөл, 3 нөл т. с. с. тіркеп жазу керек. Оқушылармен бірге жұмыс барысында дөңгелек сандарды көбейту алгоритмін еске түсіреді.

• нөлге қарамай, сандарды көбейтемін;

• көбейтіндінің оң жағына екі көбейткіште барлығы қанша нөл болса, сонша нөлді қосып жазамын.

Есепті шығар және тексер

900:100=9 400:40=10

20·10=200 90·7=630

300·3=900 20·30=600

3-тапсырма.Қолдану

Мен қосынды мен көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу,қосындыны санға көбейту ережесін қолдана аламын.

Берілген мысалдар қосындыны санға көбейту және бөлу дағдыларын дамытуға бағытталған.

12·3=36 14·2=28

21·4= 84 21·4=84

110·3=330 11·8=88

23·30=690 440·2=880

210·3=630 32·30=960

4-тапсырма. Талдау

Есептеудің тиімді тәсілін таба аламын.Бұл тапсырмада көбейту мен бөлудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін еске түсіре отырып, қолданады.

Әр өрнекті есептеудің тиімді тәсілін тап.

(8+2)·12= 10·12 =120 (60+40):10=100:10=10 2·12·5=12 · (2·5)=120

(20+30):5=50:5=10 (27+12):3=27:3+12:3=9+4=13 4·5·8=(4·5)·8=20·8=160

5-тапсырма. Жинақтау

Есеп шығару және есептеу барысынды ережелерді қолдана аламын. Есепті көбейту мен бөлудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін еске түсіре отырып, шығарады.

Есепті әртүрлі тәсілмен шығар.

Бір қаптамада 12 қызыл және 20 көк шар бар.Осындай 3 қаптамада қанша шар бар?

Ш: 1-тәсіл: (12+20)·3=96 (ш)

2-тәсіл: 12·3+20·3=36+30=96 (ш)

Ж:3 қаптамада 96 шар бар.

6-тапсырма.Бағалау

Есептеудің дұрыс орындалғандығын тексере аламын.

Қателерді тауып,түзет.

220·4=880 660:3=220 770.7=110

4·12=48 840:20=24 880:40=20

40·12=480 55:5=11 110:10=11

Рефлексия.

«Алма ағашы» әдісі

- мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын,көңіл-күйім көтеріңкі.

-мен бүгін тапсырманы орындай алмадым,көңіл-күйім жоқ.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу