Өзіңді тексер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тақырыбы: Өзіңді тексер

Оқу мақсаттары: 3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару

Сабаққа қажетті ресурстар: кестелер, көрсетілім

Сабақта қолданатын деректі материалдар:

Үлес-бүтіннің тең бөліктерге бөлінген бір бөлігі.Бүтін санды немесе шаманы тең екі бөлікке бөлсе,онда әр бөлігі – бөлігі болып табылады.

Санның (шамашың,санның,фигураның) үлесін табу үшін,санды үлес санына бөлу керек.

1-тапсырма.Дөңгелектердің боялған бөліктерін бөлшек түрінде жазуды ұсыныңыз. Дөңгелектердің боялған бөліктерін бөлшек түрінде жаз.Бұл тапсырма фигураны берілген фигурадағы үлесті анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылар үлес ұғымынан алған білімдерін қолдана алады.

Тапсырманы орындауға қиындық келтірген оқушыларға көмектесіңіз.

Үлес-бүтіннің тең бөліктерге бөлінген бір бөлігі.Дөңгелекті тең төрт бөлікке

бөлсе,онда әр бөлігі бөлігі болып табылады.Оның бөлігі боялған.

2-тапсырма. Фигураның бөліктерін берілген жазуға сәйкес бояуды ұсыныңыз. Фигураның тең қанша бөліктерге бөлінгенін назарын аудартыңыз.

Оқушыларға алдымен бөлшекті оқып алуын ескертіңіз.

Бұл тапсырма оқушыларға фигураны тең бөліктерге бөлу білігін меңгереді. Берілген бөлшек бойынша қажетті бөлікті бояй біледі.

3-тапсырма.Есепте. Оқушыларға алдымен бөлшекті оқып алуын ескертіңіз.

Санның үлесін қалай табатынын оқушылардың есіне түсіре отырып,санның үлесін табу үшін,санды үлес санына бөлу керек екенін қорытынды шығарады.

а) 90-ның = 9 40-тың = 10

18-дің = 9 54-тің = 9

ә) Санның кубын үш көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жаз.Есептеуді ұсыныңыз.

Санның кубы дегеніміз үш көбейткіштің көбейтіндісі екенін еске түсіре отырып,есептеуді қолданады.

100+23 = 100+2·2·2= 108 80-33=80-3·3·3=53

4-тапсырма.Есепті шығаруды ұсыныңыз.

Таспаның ұзындығы – 10 м. бөлігі қиып алынды.Қанша метрі қалды?

10 м таспаның 5-тен 1 бөлігін табады.Ол үшін 10-ды 5-ке бөліп,1-ге көбейтеміз.

Сонда оның бір бөлігіңде 2 м таспаны қиып алып тастады.

Болды- 10 м таспа

Қиып алды -?, бөлігін

Ш:10:5·1=2 (м)

Ж: 2 метр таспа қиылды.

5-тапсырма.Есепті шығаруды ұсыныңыз.

а)Болды- 27 м мата

3 көйлекке - ?

Қалды-? м мата

Болған 27 метр матаның бөлігін 3 көйлекке жұмсаса, 3 көйлекке қанша метр мата жұмсалғанын табамыз. Ол үшін 27-нің 3-тен 1 бөлігі,яғни 27-ні 3-ке бөлеміз 1-ге көбейтеміз.Сонда 3 көйлекке 9 метр мата жұмсалғаны белгілі болады.Қалғанын табу үшін 27 метр матадан 3 көйлекке жұмсалатын 9 метр матаны қиып аламыз.Сонда 18 метр мата қалады.

Ш:27:3·1=9 (м)

27-9=18(м)

Ж:18 метр мата қалды.

ә) 3 көйлекке - 9 м мата

21 м матадан - ? көйлек

(3 көйлекке 9 метр мата қажет болса, онда бір көйлекке қана метр мата қажет екенін табамыз.Жұмсалған матаны көйлек санына бөлеміз.Сонда бір көйлекке

3 метр мата жұмсалса, 21 метр матадан қанша көйлек тігуге болатынын табамыз.Ол үшін барлық матаны бір көйлекке жұмсалатын ұзындығына бөлеміз.)

Ш:9:3=3 (м)- 1 көйлек

21:3=7 (к)

Ж: 21 метр матадан 7 көйлек тігуге болады.

6-тапсырма.Кесте бойынша есепті тексеріп, қатесін табуды ұсыныңыз.

Бірдей 6 жәшікте 30 кг жеміс болса, 1 жәшікте қанша килограмм бар екенін табамыз.

Жалпы массаны санына бөлсек, 1 жәшіктің салмағы шығады.(30:6=5) Сонда 1 жәшікте 7 килограмм болса, 7 жәшікте қанша килограмм жеміс бар екенін табамыз. Жалпы массаны табу үшін 1 жәшіктің массасын жәшіктің санына көбейтеміз. (5·7=35)

7 жәшікте 35 килограмм жеміс бар.

(Оқушының жауабы дұрыс)

ә) Бағалары бірдей 6 дәптер 54 теңге болса, 8 дәптерге қанша теңге төлейді.

6 дәптер 54 теңге болса 1 дәптердің бағасын табу керек.Ол үшін заттың құнын заттың санына бөлеміз.(54:6=9) Сонда 1 дәптер 9 теңге болса, 8дәптерге қанша төлейді?

Заттың бағасын заттың санына көбейтеміз.(8·9=72) 8 дәптерге 72 теңге төлеуі керек.

Ендеше,оқушының шығарған есебі қате.

Рефлексия.

«Ақиқат-жалған» ойыны.

Оқушылар белгі беретін кеспеқағаздардың көмегімен мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

− 5 саны – бұл 25-нің бестен бір бөлігі ме?

− Сағаттың 4-тен 1 бөлігі – 20 минут па?

− Адам тәуліктің жартысын ұйықтайтыны рас па?

− Метрдің оннан бір бөлігі – 5 см?

− Қарбыздың массасы 14 кг болса 2-ден 1 бөлігі 7 кг?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу