Өзіңді тексер! Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

65-сабақ. Өзіңді тексер!

Оқу мақсаты: 3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару

3.5.1.2 есептерді шығаруда ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану

3.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру

Сабаққа қажетті ресурстар: Геометриялық фигуралар; ламинатталған парақтар; маркер; кесте жазылған қима қағаздар; тіктөртбұрыш суреті; Координат нүктелер белгіленген торкөз парақтар

Сабақты өткізуге арналған ұсыныстар:

Сабақты топқа бірігуден бастаңыз. Әр топқа бір геометриялық фигураны таңдауды ұсыныңыз. Оқушыларға берілген уақыт аралығында осы фигурамен байланысты тапсырма ойлап табуды керек екенін хабарлаңыз. Оларға тапсырманы орындауға уақыт беріп, әр топтан сағат тілінің бағыты бойынша бір оқушы басқа топқа барып, ойлаған тапсырмасын түсіндіреді. Топ тапсырманы орындаған соң, оқушы келесі топқа көшеді. Сөйтіп, әрбір топ барлық ойластырылған тапсырмаларды шешеді. Нәтижелерді кестеге жазуларын ұсынып, әр тапсырма нөмірмен және дұрыс болса "+", қате болса "-" таңбаларымен белгілейді. Тапсырмалрды оқушылар ойдан құрастыратын болғандықтан жауаптары да әр түрлі болуы мүмкін.

Жұптық жұмыс. Алдын ала оқушылардан бір-біріне фигуралардың периметрі мен ауданының формуласын еске түсіретін сұрақтар қойып, оған тиісті жауап алуын қадағалаңыз. Жұпта ламинат парақтарға шаршының және тіктөртбұрыштың ауданын табатын формулаларды жазу керек екенін ескертіңіз. Оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беріп, кейін қағаздарға жауаптарын жазып, басқа жұптардың жауаптарымен салыстыру үшін, жоғары көтеруді ескертіңіз. Егер бір жұпта жауап басқа болса, себебін түсіндіруді сұраңыз.Жауаптарын интерактивті тақтамен тексеру:

Sтікт = a x b; S шаршы= a2

Формулаларды пайдаланып, фигуралардың ауданын табу. Тіктөртбұрыштың (S = a x b) және шаршының (S = a2) ауданын табудың формулаларын қолдану дағдысын дамыту мақсатында берілген.Әр жұпқа кесте жазылған қима қағаздар тарату. Бос орындарды толтыру. Белгіленген уақыт біткен уақытта келесі жұппен ауыстырып, жұмыстар тексеріледі.

Фигуралардың қабырғаларының ұзындықтары мен енін табуда көбейтінді арқылыбелгісіз көбейткіштерді табу.

«Динамикалық үзіліс»

Оқушылардың есепті шығаруды қаншалықты меңгергенін тексеру үшін, оларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

-Радиус белгілі болса, шеңбердің диаметрін қалай табамыз?

(Радиусты 2-ге көбейтеміз)

-Шаршының ауданы мен периметрін қалай есептейміз?

(Қабырғасының ұзындығының квадраты ауданға тең; қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейту арқылы периметрін табамыз)

-Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ауданы белгілі болса, оның енін қалай табамыз? (Ауданын ұзындығына бөлеміз)

-Егер түзулер қиылыспаса, олар бір-біріне қатысты қандай болып келеді? (Параллель)

Топтық жұмыс. Сызғышты симметрияның осі ретінде қолдануды ұсыныңыз немесе 45 мм болатын кесінді сызуын қадағалаңыз. Оны АВ әріптерімен белгілейді. А нүктесінен кесіндінің ұзындығына тең радиуспен шеңбер сызады.Оқушылардың математикалық тілді сақтауын қадағалаңыз. Талқылаудан кейін бір топтың жауаппен шығуына мүмкіндік беріңіз, ал қалған жауаптарды толықтырып отыру керек екенін ескертіңіз.

Талдау жұмыстары. Тапсырма тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен ауданын табуға берілген есептерді талдап, шығаруға берілген.Алдын ала ұзындықтың өлшем бірліктер кестесін еске түсіруді қолдану. Содан соң оқушылардың біреуі берілген тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің өзгеруін тақтаға жазып беріп тұруын сұрау. Кейін алған нәтижелерді салыстырып жауап беру.

Өзіндік жұмыс. Тапсырма тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу дағдысын бекітуге берілген. Тіктөртбұрышты үшбұрыштың ауданын табу ерекшелігіне тоқталу.

Координаттарды белгіле. Тапсырманы орындауға уақыт беріп, кейін ауыспалы жұптық құрам бойынша тексеруді ұйымдастыру.Жазықтағы нүктелердің дұрыс орналасқандығын тексеру үшін нүктелердің дұрыс қойылғандығына назар аудартыңыз.

Рефлексия

«Досыма хат» СМС хабарлама жазу

Не білдім?

Не түсіндім?

Нені қолдана аламын?

Нені таба аламын?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу