Купюра / Өзендер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Есепті шешу жолдары | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна | |||||||||||
3-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
140-сабақ Тақырыбы: | Купюра / Өзендер | |||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.3.6 1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері Ғылыми тіл |
| |||||||||||
Тірекбілім, білік, дағдылар | Теңге, монеталар. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
0–2 | Ынталандыру. "Таңдау"әдісі бойынша 3топқа бірігеді, яғни 3 көшбасшы шығып,өзіне топ мүшелерін таңдайды «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған өткен тақырыпқа байланысты өрнектер.Жаттығу шарты: Қобдишадан әр топ кезекпен бір тапсырманы таңдап алып, ішінде жазылған өрнектердің мәнін топпен ойласып табады | Сұрақтар жазылған карточкалар, Қобдиша 2-слайд | ||||||||||
3–5 | Өзектендіру. Тақтада бірнеше елдің валютасын алып, бірнеше купюраларды араластырып қою. Оқушылар соның ішінен өздеріне таныс күнделікті өмірде пайдаланып жүрген теңге купюраларын бөліп алу. Бөліп алған купюраларды өсу ретімен орналастыру. 200 тг,500тг,1000 тг,2000 тг,5000 тг. | Әртүрлі купюралар 3-слайд | ||||||||||
6–10 | Мақсат қою (проблемалық жағдаят) (Ө.) 1-тапсырма Оқулықтағы купюралармен жұмыс жүргізу. Біз суреттегі қандай купюралармен сабақта таныспадық? Сіздер бұл купюраларды күнделікті өмірде көрдіңдер ме? Бұл купюраларды қалай ұсақтауды білесіңдер ме? Сіздер калай ойлайсыздар, бүгінгі сабақтың мақсаты қандай? | Оқулық Купюралар | ||||||||||
11–28 | Жаңаны ашу. (Т.)2-тапсырма Ақша туралы әңгіме жүргізу.
2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюралардың қалай ұсақталғанына қара. Тағы да қалай ұсақтауға болады? Оқушылар өздерінің купюраларды ұсақтау нұсқаларын ұсынады. 2000 теңгелік,5000 теңгелік ақшаларды қалай ұсақтағанына қара. Тағы да қалай ұсақтауға болады? 2000=1000+1000 2000=1000+500+500 2000=500+500+500+500 20000=200+200+200+200+200 5000=2000+2000+1000 5000=2000+1000+1000+1000 5000=1000+1000+1000+1000+1000 5000=2000+2000+500+500 5000=1000+1000+2000+500+500 "Отшашу"арқылы бағалау Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. (Т.)3-тапсырма Бұл тапсырма үшін оқушыларға әртүрлі купюралардың бейнелері бар карточкаларды ұсыну Тексеру барысында әртүрлі нұсқаларды қарастыру. Көрсетілген соманы әртүрлі тәсілмен қалай жинауға болады?Тапсырманы қима қағаздардың көмегімен орында: а)9000тг;ә)6000тг;б)3000тг;в)1000тг;700тг. 9000=5000+2000+2000 9000=2000+2000+2000+1000+1000+1000 9000=2000+2000+2000+2000+1000 9000=5000+2000+1000+500+500 6000=2000+2000+2000 6000=2000+1000+1000+1000+500+500 3000=2000+1000 3000=1000+1000+1000 3000=1000+1000+500+500 1000=500+500 1000=200+200+200+200+200 700=500+200 "Бағдаршам" арқылы бағалау Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды. Жасыл түс- "Түсіндім" Сары түс-"Сұрағым бар" Қызыл түс- Түсінбедім | 4-слайд Оқулық, әртүрлі купюралар- дың бейнелері бар карточкалар 5-слайд 6-слайд | ||||||||||
29–37 | Жаңаны қолдану. (Ұ.) 4-тапсырма Есептерді шығармас бұрын талдау жасату: а)
ә)
Есептердің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жаздырып есептерді тақтада орындату Қысқаша жазылуы: а)Барлығы-9 т. Ересек адамға-1000тг-лік-3б. Балаларға арналған-500тг-лік-6б. Шешуі: 1000∙3+500∙6=6000 тг Жауабы:олар билетке барлығы 6000 тг төледі. ә) Қысқаша жазылуы: Таңертең-50 т Түсте-120т Кешке-?, 3есе артық? артық Шешуі: 120∙3=360т 360-120=240т Жауабы:кешке 240 турист артық келді. (Т.)5-тапсырма Әр топқа бір өрнектен бөліп беріп, есептер құрастырту. 210∙2+150∙2=720 1000-490∙2=20 490+330+150=970 1000-(330+470)=230 Суреттерге қарап,әр топ есеп құрастыру. "Елшілік"әдісі арқылы бағалау Әр топтан бір оқушы елшілікке сайланып, басқа топтарға барып, жұмыстарын тексеріп, бағалап, өз тобына оралып, баяндап береді (Т.) 6-тапсырма «Дүкен» ойыны Оқушыларға әртүрлі купюралардың бейнелері бар карточкаларды ұсыну. Әрбір топ оқушылары барлық мүмкін нұсқаларды орындайды. Сырым мен Әлияның әрқайсысында 5000 тг-ден ақша бар. Олардың әрқайсысы дүкеннен осы сомаға төмендегі заттардың қайсыларын сатып ала алады? Сырым: 5000=3000ф.+2000д 5000=1000 б.+4000ой. 5000=3000ойын+2000д. Әлия: 2000ш.+3000т. 3000б.+2000ш. 4000ю+500об.+500об. Фишкамен бағалау Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі. Өткенмен жұмыс. (Ж.) 7-тапсырма Әрбір жұпқа бір өрнектен бөліп беру.Амалдардың орындалу ретін анықтайды және есептейді. Шыққан нәтижелерді кему ретімен жазып, Қазақстан аумағындағы ірі өзендердің ұзындығы бойынша ретін анықтайды. Ырғыз 580:5+196∙4-307=593 Шідерті (182∙5+45)-453=502 Жем(Ембі) 1000-904:4-62=712 Ойыл 576+708:3-12=800 Нұра 950:5+394∙2=978 Сағыз 900-557+672:4=511 Торғай 179∙4-160+269=825 978,825,800,712,593,511,502 Нұра Торғай Ойыл Жем Ырғыз Сағыз Шідерті Бармақ арқылы бағалау Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады. Сергіту сәті "Қошемет" тренингін Оқушылар шеңберге жиналады, жүргізуші:"Шашы ұзын қыздарға қошемет дегенде "ортаға шашы ұзын қыздар шығады, қошемет көрсетіп, барлығы шапалақ ұрады.Әрі қарай "Галстук таққандарға қошемет", "Белбеу таққандарға қошемет", "Көзілдірік таққандарға қошемет" деген коментарийлер айтылып, қошемет жасалады. (Т.) 8-тапсырма Теңдеулерді шеш: х∙7=330-274 (502-2)∙а=1000 х∙7=56 500∙а=1000 х=56:7 а=1000:500 х=8 а=2 8∙7=330-274 (502-2)∙2=1000 56=56 1000=1000 х+30∙5=365 х:4=100-22 х+150=365 х:4=78 х=365-150 х=78∙4 х=215 х=312 251+30∙5=365 312:4=100-22 365=365 78=78 "Бағдаршам" арқылы бағалау Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды. Жасыл түс- "Түсіндім" Сары түс-"Сұрағым бар" Қызыл түс- Түсінбедім (Ж.) 9-тапсырманы оқушыларға кез келген қолда бар материалдарды (фишка, қағаздан қиылған дөңгелектер т.б.) қолданып жұппен орындауды ұсыну. Әрбір дөңгелекке балалардың салмағын жазуға, ал қағаз параққа өзеннің жағаларын белгілеуге болады. Осыдан кейін кейіпкерлерді өзеннен өткізудің практикалық амалдарын орындау.Қайықтың өзеннің бір жағасынан екінші жағасына дейін бірнеше рет барып қайта алатынын нақтылау.Тексеру барысында салмақтары 54кг және 46кг болатын ұлдар қайықты тасымалдаушы рөлін атқаратынын ерекшелеу. 1-Айдос+Олжас Айдос қайтып келеді. 2-Марат Олжас қайтып келеді 3.Олжас+Айдос Жұлдызшамен бағалау Жауап берген оқушыыны жұлдызша беру арқылы бағалау. Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр. Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. «ВЕЕР» Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады. | Оқулық. Дәптер. Тақта. Әртүрлі купюралар- дың бейнелері бар карточкалар 7-слайд. Қысқаша есеп жазылған қима қағаз 8-слайд 9-слайд 10-слайд 11-слайд Купюралар Кесте Фишка 12-слайд Сигналды карталар Веер | ||||||||||
38–40 | Рефлексия. Плюс, минус, қызықты» «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады. «Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады | 13-слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?