Купюра / Өзендер. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.
Тақырып: 140-сабақ. Купюра / Өзендер
Оқу мақсаттары: 3.1.3.6 1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау
- Тірек сөздер:
- теңге
- купюра
- монета
- ұсақтау.
Ресурстар:
- Қазақстан өзендерінің суреті
- карточкалар
- ақша суреттері
- тақта, үлестірмелі материалдар
- жұлдызша
- смайликтер
- сигналды карталар
- тапсырма жазылған қима қағаз
- оқулық
- өрнектер жазылған қима қағаз
- кесте
- веер
- шаблондар
- киім суреттері
- сызба
Сабаққа қатысты деректі материалдар
Ақша – кез келген басқа тауарға және қызметтерге
айырбас құралы ретінде қабылданатын ерекше
тауар. Ақша арқылы басқа тауарлардың құны
белгіленеді.
Теңге – Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасы. Валюта – мемлекеттің ақша жүйесі.
Сабаққа арналған ескертулер
Бұл сабақта оқушылар ақша шамаларына берілген
есептерді шығаруды бекітеді. Сонымен қатар, баға,
саны, құны шамаларына байланысты есептерді
шығару дағдыларын қалыптастырады.
Ынталандыру.
Оқушыларды "Таңдау"әдісі бойынша 3топқа біріктіріңіз, яғни 3 көшбасшы шығып,өзіне топ мүшелерін таңдайды «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған өткен тақырыпқа байланысты өрнектер.Жаттығу шарты: Қобдишадан әр топ кезекпен бір тапсырманы таңдап алып, ішінде жазылған өрнектердің мәнін топпен ойласып табады
Өзектендіру.
Тақтада бірнеше елдің валютасын алып, бірнеше купюраларды араластырып қойыңыз. Оқушылар соның ішінен өздеріне таныс күнделікті өмірде пайдаланып жүрген теңге купюраларын бөліп алулары тиіс. Бөліп алған купюраларды өсу ретімен орналастыруын тапсырыңыз.
200 тг,500тг,1000 тг,2000 тг,5000 тг.
Мақсат қою (проблемалық жағдаят)
1-тапсырма
Оқулықтағы купюралармен жұмыс жүргізу.
Біз суреттегі қандай купюралармен сабақта таныспадық?
Сіздер бұл купюраларды күнделікті өмірде көрдіңдер ме?
Бұл купюраларды қалай ұсақтауды білесіңдер ме?
Сіздер калай ойлайсыздар, бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?
Жаңаны ашу.
2-тапсырма
Ақша туралы әңгіме жүргізіңіз.
- Ақша купюралар не үшін қажет?
- Оларды қандай мақсаттарға пайдалансақ болады?
2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюралардың қалай ұсақталғанына назар аудартып, тағы да қалай ұсақтауға болатынын сұраңыз.
Оқушылар өздерінің купюраларды ұсақтау нұсқаларын ұсынады.
2000 теңгелік,5000 теңгелік ақшаларды қалай ұсақтағанына қара. Тағы да қалай ұсақтауға болады?
2000=1000+1000
2000=1000+500+500
2000=500+500+500+500
20000=200+200+200+200+200
5000=2000+2000+1000
5000=2000+1000+1000+1000
5000=1000+1000+1000+1000+1000
5000=2000+2000+500+500
5000=1000+1000+2000+500+500
Оқушылардың жұмысын тексеріп,"отшашу"арқылы бағалаңыз.
Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
3-тапсырма
Бұл тапсырма үшін оқушыларға әртүрлі купюралардың бейнелері бар карточкаларды ұсыныңыз. Тексеру барысында әртүрлі нұсқаларды қарастыруын тапсырыңыз..
Көрсетілген соманы әртүрлі тәсілмен қалай жинауға болады?Тапсырманы қима қағаздардың көмегімен орындауды ұсыныңыз.
а)9000тг;ә)6000тг;б)3000тг;в)1000тг;700тг.
9000=5000+2000+2000
9000=2000+2000+2000+1000+1000+1000
9000=2000+2000+2000+2000+1000
9000=5000+2000+1000+500+500
6000=2000+2000+2000
6000=2000+1000+1000+1000+500+500
3000=2000+1000
3000=1000+1000+1000
3000=1000+1000+500+500
1000=500+500
1000=200+200+200+200+200
700=500+200
Жұмыстарын тексеріп,"Бағдаршам" арқылы бағалатыңыз.
Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.
Жасыл түс- "Түсіндім"
Сары түс-"Сұрағым бар"
Қызыл түс- Түсінбедім
Жаңаны қолдану.
4-тапсырма
Есептерді шығармас бұрын талдау жасатыңыз
а)
- Барлығы неше турист келді? (9 турист)
- Ересек адамдар билеті неше теңге тұрады? (1000 теңге)
- Ересек адамдар билетінен нешеу сатып алды? (3)
- Ересек адамдар билетіне неше теңге төледі? (1000•3=3000 )
- Балалар билеті неше теңге тұрады? (500 теңге)
- Балалар билетінен нешеу сатып алды? (6)
- Балалар билетіне неше теңге төледі? (500•6=3000)
- Билеттерге барлығы неше теңге төледі? (3000+3000=6000)
ә)
- Түске дейін неше турист келді?(120)
- Түстен кейін неше турист келді? (3 есе артық )
- Түстен кейін келген туристердің санын анықтау үшін қандай амал қолданамыз? (көбейту)
- Түстен кейін түске дейін келген туристерге қарағанда неше турист артық келгенін қалай анықтаймыз? (Түстен кейін келген туристердің санынан түске дейін келген туристердің санын азайтамыз)
Есептердің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жаздырып есептерді тақтада орындатыңыз
Қысқаша жазылуы:
а)Барлығы-9 т.
Ересек адамға-1000тг-лік-3б.
Балаларға арналған-500тг-лік-6б.
Шешуі:
1000∙3+500∙6=6000 тг
Жауабы:олар билетке барлығы 6000 тг төледі.
ә)
Қысқаша жазылуы:
Таңертең-50 т
Түсте-120т
Кешке-?, 3есе артық? артық
Шешуі:
120∙3=360т
360-120=240т
Жауабы:кешке 240 турист артық келді.
5-тапсырма
Әр топқа бір өрнектен бөліп беріп, есептер құрастыруды тапсырыңыз.
210∙2+150∙2=720 1000-490∙2=20
490+330+150=970 1000-(330+470)=230
Суреттерге қарап,әр топқа есеп құрастыруды тапсырыңыз.
"Елшілік"әдісі арқылы бағалатыңыз.
Әр топтан бір оқушы елшілікке сайланып, басқа топтарға барып, жұмыстарын тексеріп, бағалап, өз тобына оралып, баяндап береді
6-тапсырма «Дүкен» ойынымен жүргізіңіз
Оқушыларға әртүрлі купюралардың бейнелері бар карточкаларды ұсыныңыз. Әрбір топ оқушылары барлық мүмкін нұсқаларды орындайды.
Сырым мен Әлияның әрқайсысында 5000 тг-ден ақша бар. Олардың әрқайсысы дүкеннен осы сомаға төмендегі заттардың қайсыларын сатып ала алады?
Сырым: 5000=3000ф.+2000д
5000=1000 б.+4000ой.
5000=3000ойын+2000д.
Әлия:
2000ш.+3000т.
3000б.+2000ш.
4000ю+500об.+500об.
Жұмыстарын фишкамен бағалатыңыз.
Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.
Өткенмен жұмыс.
7-тапсырма
Әрбір жұпқа бір өрнектен бөліп беріңіз.Амалдардың орындалу ретін анықтайды және есептейді. Шыққан нәтижелерді кему ретімен жазып, Қазақстан аумағындағы ірі өзендердің ұзындығы бойынша ретін анықтайды.
Ырғыз 580:5+196∙4-307=593
Шідерті (182∙5+45)-453=502
Жем(Ембі) 1000-904:4-62=712
Ойыл 576+708:3-12=800
Нұра 950:5+394∙2=978
Сағыз 900-557+672:4=511
Торғай 179∙4-160+269=825
978,825,800,712,593,511,502
Нұра
Торғай
Ойыл
Жем
Ырғыз
Сағыз
Шідерті
Жұмыстарын бармақ арқылы бағалатыңыз
Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.
Сергіту сәті ретінде"Қошемет" тренингін жүргізіңіз.
Оқушылар шеңберге жиналады, жүргізуші:"Шашы ұзын қыздарға қошемет дегенде "ортаға шашы ұзын қыздар шығады, қошемет көрсетіп, барлығы шапалақ ұрады.Әрі қарай "Галстук таққандарға қошемет", "Белбеу таққандарға қошемет", "Көзілдірік таққандарға қошемет" деген коментарийлер айтылып, қошемет жасалады.
(Т.) 8-тапсырма
Теңдеулерді шеш:
х∙7=330-274 (502-2)∙а=1000
х∙7=56 500∙а=1000
х=56:7 а=1000:500
х=8 а=2
8∙7=330-274 (502-2)∙2=1000
56=56 1000=1000
х+30∙5=365 х:4=100-22
х+150=365 х:4=78
х=365-150 х=78∙4
х=215 х=312
251+30∙5=365 312:4=100-22
365=365 78=78
"Бағдаршам" арқылы бағалаңыз
Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.
Жасыл түс- "Түсіндім"
Сары түс-"Сұрағым бар"
Қызыл түс- Түсінбедім
9-тапсырманы оқушыларға кез келген қолда бар материалдарды (фишка, қағаздан қиылған дөңгелектер т.б.) қолданып жұппен орындауды ұсыныңыз. Әрбір дөңгелекке балалардың салмағын жазуға, ал қағаз параққа өзеннің жағаларын белгілеуге болады. Осыдан кейін кейіпкерлерді өзеннен өткізудің практикалық амалдарын орындауды ұсыныңыз.Қайықтың өзеннің бір жағасынан екінші жағасына дейін бірнеше рет барып қайта алатынын нақтылаңыз..Тексеру барысында салмақтары 54кг және 46кг болатын ұлдар қайықты тасымалдаушы рөлін атқаратынын ерекшелеңіз.
1-Айдос+Олжас
Айдос қайтып келеді.
2-Марат
Олжас қайтып келеді
3.Олжас+Айдос
Жұлдызшамен бағалау
Жауап берген оқушыыны жұлдызша беру арқылы бағалаңыз
Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.
Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек.
«ВЕЕР»
Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.
Сабақ соңынан рефлексия жасатыңыз.
Рефлексия.
Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?