Купюра / Мұздықтар мен мұзтаулар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тақырыбы: Купюра

Оқыту мақсаттары: 1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау

Жоспарланған іс-әрекет

Ынталандыру.

Мұғалім сабақтың басында су – сұйық, газ, қатты күйде болатыны туралы айтады.

Судың қатты күйдегі бөлігін мұздықтар дейді. Мұздықтарды кейде мұзарттар деп те атайды. Олар – жер бетіндегі мұздардың табиғи жиынтығы. Мұздықтар қатты атмосфералық жауын-шашынның жыл бойы түскен жалпы мөлшерінің оның еріген және ауаға буланған үлесінен артық болған жерде пайда болады. Әдеттте, тау беткейлерінің қар жиегінен жоғары жатқан бөлігінде шоғырланады. 

Мұздық - ауқымды тұщы су қоймасы. Қазақстандағы биік тау өңірлерінде 2724 мұздық бар.

Мұзтау (Айсберг; ағылшынша icebergice - мұз, berg - тау) - мұхит пен теңіздерде жүзіп жүретін немесе қайырлап шөккен аса ірі мұз кесегі, басқаша айтқанда мұздықтардан бөлінген ірі шойтасты мұздар.

Мұзтаулар мұздық шетінің сынып (судың гидростатикалық қысымының, лықсудың, ағыстың, желдің әсерінен) суға түсуінен пайда болады. Олар мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүреді немесе теңіздің таяз жері – қайырда шөгіп жатады.

Бүгінгі сабақта оқушылар мұздықтар және мұзтаулар туралы білетін болады және тіпті кейбір мұздықтарға саяхатқа барады. Сабақты бастамас бұрын келесі сұрақтарға жауап берейік.

«Ой ашар».

1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

4. 45 минут сағаттың қанша бөлігі (¾)

5. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

Өзектендіру.

«Кассир» ойыны.1-тапсырманы орындауды ұсыныңыз.

500 теңгелік, 200 теңгелік купюралар мен 100 теңгелік монеталардың бейнелері бар карточкаларды ұсынып, автобусқа билет сатып алып ойын арқылы орындалады.Бір оқушы кассир болып, ересектер билеті 800 теңге,ал балалар билеті 500 теңгеден сатады.Оқушылар қолдарындағы купюраларды пайдаланып билет сатып алады.

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

Купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау туралы білімдерін бекіту.

Топқа топтастыру. 500,1000,2000,5000 теңгелік купюралар арқылы топтастырыңыз.

(Т.Ж) «Дүкен» ойыны.2-3-тапсырманы топпен шығару ұсыныңыз.

І топ: 2-тапсырма (а)

Берді – 5000 теңге

Сатып алды - бұқтырылған ет – 500 теңге 2 қалбыр және балық - 250 теңгеден 4 қалбыр

Қайтарылды -? теңге

Ш: 5000-(500·2+250·4)=3000 (тг)

Ж: 3000 теңге қайтарылды.

ІІ топ: 2-тапсырма (ә)

1 метр арқан – 250 теңге

3 метр арқан - ? теңге

4 метр арқан - ? теңге

Ш: 250·3=750(тг) – 3м арқан

250·4=1000(тг) – 4 м арқан

Ж: 3 метр арқан 75 теңге,4 метр арқан 1000 теңге тұрады.

ІІІ топ: 3-тапсырма (а)

2 қалпақ – 6000 теңге

3 қалпақ - ? теңге

Ш: 6000:2=3000 (тг) – 1 қалпақ бағасы

3000·3=9000 (тг)

Ж: 3 қалпаққа 9000 теңге төлейді.

ІV топ: 3-тапсырма (ә)

Ш:10000:2=5000(тг)

3000·2=6000(тг)

Ж: 2 көзәйнек 6000 теңге тұрады.

Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар баға,саны,құны шамаларына байланысты есептерді шығару дағдысын бекітеді.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.

– Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындаған балалармен жұмыс

(Қатені түзету).

Бұл тапсырманы орындау барысында 1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырата білу, түрліше төлем жасай білуді және олармен түрліше төлем жасауды білуді меңгереді.

Өткенмен жұмыс.

(Ж.Ж) 4-тапсырманы топпен орындауды ұйымдастыруға болады. Әрбір топқа бір теңдеуден бөліп беруге болады. Теңдеулерді шешу арқылы олар суретте қандай мұздық бейнеленгенін, атауын, орналасқан жері туралы мәлімет алады.

Х:2=750:6 у+656=207·4

Мұздықтар туралы түсінік қалыптасқан соң, оларды мұзтаулардан ажыратуды үйретуге болады. Ол үшін

5-тапсырманы қатармен орындатуға болады. 1-қатар «Мұздықтар» бірінші өрнектің, 2-қатар «Мұзтаулар» екінші өрнектің мәнін табады. Өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтайды және есептейді. Соңынан әр қатар мұздықтар мен мұзтауларға тән белгілерін айтып береді.

(Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» әдісі бойынша 6- тапсырманы түсіндіре отырып жұппен орындайды.Топта есепті талқылайды,орындайды,бір-бірін тексереді,салыстырады және әрбір жұп өздері құрастырған есептерін сыныпқа оқып береді.

Өрнек құр.(Т.Ж)7-тапсырмадағы бірінші сызбаны оқушылармен талдау жасайды және амалдардың орындалу алгоритмін құрады және есептейді.Сызбаларды әрбір топқа бір сызбадан бөліп топпен орындатуға болады.

Бұл тапсырма есептеу дағдысын дамытуға бағытталған.Тапсырманы орындау алдында оқушылар өрнектегі амалдардың орындалу ретін ескере отырып орындайды.

8-тапсырманы практикалық жұмыс ретінде орындатуға болады. Практикалық жолмен екі рет өлшеудің жеткілікті екенін анықтайды. Жалған монетаны анықтау үшін әрбір табақшаға 2 монетадан салу қажет. Егер таразы тең болса, онда салынбаған бесінші монетаның жалған болғаны. Ары қарай өлшеудің қажеті жоқ. Ал егер таразы теңесбесе, онда жалған монета жоғары көтерілген табақша болып табылады. Жоғары көтерілген табақшадағы екі монетаны алып, енді табақшаларға бір-бірден салып өлшеу қажет. Қай табақша жоғары көтерілсе, сол табақшадағы монетаның жалған болғаны.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек.

Рефлексия.

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар таратады, оқушылар сөйлемнің жалғасын жазады:

Мен бүгін… білдім.

… қызық болды.

… қиын болды.ек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу