Купюра / Мұздықтар мен мұзтаулар. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.


Математика 3-сынып

Дидактикалық материалдар

Тақырыбы:Купюра

1.Мұздақтар туралы мәліметтер.

Судың қатты күйдегі бөлігін мұздықтар дейді. Мұздықтарды кейде мұзарттар деп те атайды. Олар – жер бетіндегі мұздардың табиғи жиынтығы. Мұздықтар қатты атмосфералық жауын-шашынның жыл бойы түскен жалпы мөлшерінің оның еріген және ауаға буланған үлесінен артық болған жерде пайда болады. Әдеттте, тау беткейлерінің қар жиегінен жоғары жатқан бөлігінде шоғырланады. 

Мұздық - ауқымды тұщы су қоймасы. Қазақстандағы биік тау өңірлерінде 2724 мұздық бар.

Мұзтау (Айсберг; ағылшынша icebergice - мұз, berg - тау) - мұхит пен теңіздерде жүзіп жүретін немесе қайырлап шөккен аса ірі мұз кесегі, басқаша айтқанда мұздықтардан бөлінген ірі шойтасты мұздар.

Мұзтаулар мұздық шетінің сынып (судың гидростатикалық қысымының, лықсудың, ағыстың, желдің әсерінен) суға түсуінен пайда болады. Олар мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүреді немесе теңіздің таяз жері – қайырда шөгіп жатады.

Мұзтау (Айсберг; ағылшынша icebergice — мұз, berg — тау) — мұхит пен теңіздерде жүзіп жүретін немесе қайырлап шөккен аса ірі мұз кесегі, басқаша айтқанда мұздықтардан бөлінген ірі шойтасты мұздар.

Мұзтау

Мұзтау

Су астындағы мұзтаудың көрінісі (фотомонтаж)

Мұзтаулар (ағылшынша іceberg, голландша іjsberg; іce, іjs – мұз, bergтау деген мағынаны білдіреді) мұздық шетінің сынып (судың гидростатикалық қысымының, лықсудың, ағыстың, желдің әсерінен) суға түсуінен пайда болады. Олар мұхиттар мен теңіздердеқалқып жүреді немесе теңіздің таяз жері – қайырда шөгіп жатады. Мұзтаулар, әсіресе Солтүстік жарты шардағы – Гренландия, Канаданың Арктикалық топаралдары жағаларында, Оңтүстікте – Антарктида жағасында жиі кездеседі. Мұз бен судың тығыздығына байланысты мұзтаулар көлемінің 83 – 90%-ы судың астында болады, қалған бөлігі су бетінде орта есеппен 70 м (Арктикада) – 100 м-ге (Антарктикада) дейін көтеріліп тұрады, ал ұзындығы бірнеше ондаған км-ге жетеді. Гренландия мұзтаулары Шығыс Гренландия және Лабрадор ағыстары арқылы 40 – 50° солтүстік ендікке дейін, ал кейбір жағдайларда БермудАзор аралдарына дейін жүзіп барады; Антарктида мұзтаулары 45 – 60° оңтүстік ендікке дейін жетеді. 1894 ж. мұзтаулардың 26° оңтүстік ендіктегі тропиктік белдеуден де байқалғаны тіркелген. Мұзтауларға көптеген кемелер соқтығысып, апатқа ұшыраған (мысалы, 1912 ж. “Титаник”, 1959 ж. “Хедтофт”).[1] Полярлық аймақтардағы материктік мұздықтардың жылжып теңізге жеткен шеттерінің омырылып бөлінуінен пайда болады (Антрактида мен Грендландия мұздықтары және басқалар). Олардың көлемінің 90%-ға дейінгі бөлігі су астында болады. Су үстіндегі бөлігі су бетінен 70-100 м көтеріледі. Теңіз ағыстары мұзтауды төмен ендіктерге алып кетеді. Мұзтау онда біртіндеп еру барысыңда жойылады.[2]

1.Билеттің бағасын әртүрлі купюра және монетамен қалай жинауға болады?

2.Кесте бойынша есеп құрастыр.

3.Теңдеулерді шешіп,әр суретте қандай мұздақ бейнеленгенін анықта.

4.Амалдадардың орындалу ретін анықта және есепте.

876:2-672:4+(1000-703)=

(315·3-179·4)-65+768=



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу