Теңдеу құруға арналған есептер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Есептерді шығару тәсілдері

№ 143 сабақ.

Тақырыбы:Теңдеу құруға арналған есептер

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.8 барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін айнымалысы бар өрнектер мен теңдеулер түрінде;құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

Теңдеудің көмегімен есептер шығара алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеужәне шығару

Оқушылардың кейбіреулері:

Құрған теңдеулеріне талдау жасай алады

Ғылыми тіл

Оқушылар Есепке теңдеу құрады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Математикалық тілде «белгісіз санды» қалай белгілеуге болады?

Х:7=14 бұл теңдік қалай аталады?

Теңдеуді шешу дегеніміз не?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Шамалар және өлшем бірліктері

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Кіріспе тапсырма.

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі сәрсенбі күнің

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кіл бестікке толсын!

Кіріспе тапсырма

Әйнекшені толтыр

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Әр топқа қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарымен байланысты қарапа-

йым теңдеу құруға арналған кеспеқағаз-үлгіні таратып беру. Әр топтан бір оқушыдан шығып құрған теңдеулерін шешу жолын түсіндіреді.

Тапсырма:

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

□·a=□ □+с=□ □:х=□ □-b=□

а= с= х= b=

а= с= х= b=

□·a=□ □+с=□ □:х=□ □-b=□

а·□=□ с+□=□ х:□=□ b-□=□

а= с= х= b=

а= с= х= b=

а·□=□ с+□=□ х:□=□ b-□=□

Сөздік бағалау жүргізу «Керемет!», «Жақсы!», «Өте жақсы!» т.б.

Слайд №2

Слайд № 3,4

Сабақтың ортасы

30 мин

Асқабақ пен қарбыз

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Асқабақтың массасын теңдеу арқылы табу. Оқушылар теңдеуді дұрыс жауабы арқылы тексереді.

Тапсырма:

Сурет бойынша теңдеу құр және шеш.

-Теңдеу деген не?

-Теңдеуді шешу деген не? (түбірін табу)

*Есептерді теңдеудің көмегімен шығаруға болады. Теңдеуді шешкенде белгісізді айнымалы арқылы белгілейді. Есептің шарты бойынша теңдеу құру барысындағы қадамдық пайымдаудың алгоритмі:

1-қадам. х – ... болсын

2-қадам. Теңдеу құрамын.

3-қадам. Теңдеуді шешемін.

4-қадам. Теңдеуді шешу жолын жазамын.

5-қадам. Есептің жауабын жазамын.

Сөздік бағалау жүргізу «Керемет!», «Жақсы!», «Өте жақсы!» т.б.

Тауық

) Тапсырманы топта орындауды ұсыну. Оқушылардың дәлелдемелерін тыңдау. Есепке байланысты теңдеу дұрыс құрылған ба? Шығару жолы да дұрыс екені туралы қорытынды шығару. Топтағы талқылау барысын бақылау,оқушыларға бағыт беру.

Тапсырма:

Есепті теңдеу құрып шығар.

54 тауықты 6 торға тең бөліп орналастырылды. Бір торда неше тауық бар? Кестені толтырып, есептің қысқаша жазуын көрсет. Белгісізді х арқылы белгіле.

Тауықтардың

жалпы саны

Барлық

тордың саны

Бір тордағы

тауықтардың саны

«Басбармақ» арқылы бағалау

Елші әдісі

(Ж.Ж ) Әрбір топқа бірдей тапсырма жазылған кеспе қағаз таратып беру.Берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, тапсырманы орындап болған соң жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Әр топ «Елшіге» тапсырманың орындалу алгоритмін математикалық тілмен түсіндіріп берулері керек. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, өз тапсырмаларының дұрыстығына көз жеткізеді. Бұл әдіс елшінің математикалық тілді қолдану шеберлігін дамытады.

Тапсырма:

Егер бір мысық 3 күнде 1 л сүт ішетін болса, 45 л сүтті неше мысық ішіп тауысады?

Мысықтың саны

Сүт мөлшері(л)

Күн саны

1

1

3

х

45

3

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Гүлзарда

(Ж.Ж) Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар берілген тапсырманы теңдеу құру арқылы шығарады. Бұл тапсырмадан оқушылардың есепті теңдеу құру арқылы шығаруды меңгергенін анықтауға болады.

Тапсырма:

Маржан гүл отырғызу үшін 2 гүлзар дайындады. Ол дайын гүлзарды

бірдей 4 бөлікке бөлді. Әрбір бөліктің ауданы қандай?

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

Ойлан, тап

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Тапсырманы алдымен жеке орындайды, сосын жұптар дәптерлерін ауыстырып, бір –бірінің тапсырмасын дайын жауап арқылы тексереді. Бұл тапсырмада дәптердің санын х арқылы белгілеп, теңдеу құрып,сұрақтың жауабын табуды.

Тапсырма:

Маржан: «Менің дәптерімнің санын 6 есе арттырып, 24-ті қосқанда, 300

шығады», —деді. Маржанның неше дәптері бар?

«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізу

Блиц - турнир

.Ж.) Оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратылып беру. Әрбір оқушы сұраққа сәйкес келетін есептің дұрыс жауабын табады. Тапсырманы орындап болған соң, тақтағы дұрыс жауабы арқылы оқушылар өзін- өзі тексереді. Қателескен оқушыға тиімді кері байланыс беру арқылы көмектесу. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендігін анықтауға болады.

Тапсырма:

1.Қалада барлығы 72 кітапхана бар. Оның 18-і балаларға арналған.Үлкендерге арналған қанша кітапхана бар?

х∙3=210

2. Белгісіз санды 7 есе арттырғанда 602 шықты. Белгісіз санды тап.

18+х=72

3.Бір үстелде 45 дәптер бар, екінші үстелге одан 3 есе кем дәптер қойылған. Екінші үстелге неше дәптер қойылған?

а ∙ 6= 42

4.Тігінші 42 түймені 6 шапанға қадады. Әр шапанға неше түймеден қадады?

с ∙7 = 602

5.210 теңгеге 3балмұздақ сатып алды. Бір балмұздақ қанша теңге тұрады?

х ∙3= 45

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Слайд

№5,

Слайд

№,6,7

Слайд

№8

Слайд №9

Слайд №10

Слайд №11

Слайд №12

Слайд №13

Сабақ

тың соңы

5 мин

Рефлексия

Не үйрендік?

«Тазалықшы» әдісі арқылы жүргізу

Шабадан – әрі қарай менің керегіме жарайды.

Ет тартқыш – алған ақпаратты өңдеймін.

Себет – барлық ақпаратты тастаймын.

Стикерлер

Слайд №14



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу