Теңдеу құруға арналған есептер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері

№143 сабақ. Тақырыбы: Теңдеу құруға арналған есептер

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.8 барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін айнымалысы бар өрнектер мен теңдеулер түрінде;құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Есептерді теңдеудің көмегімен шығаруға болады. Теңдеуді шешкенде белгісізді айнымалы арқылы белгілейді. Есептің шарты бойынша теңдеу құру барысындағы қадамдық пайымдаудың алгоритмі:

1-қадам. х – ... болсын

2-қадам. Теңдеу құрамын.

3-қадам. Теңдеуді шешемін.

4-қадам. Теңдеуді шешу жолын жазамын.

5-қадам. Есептің жауабын жазамын

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе

Әйнекшені толтыр

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Әр топқа қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарымен байланысты қарапайым теңдеу құруға арналған кеспеқағаз-үлгіні таратып беріңіз. Әр топтан бір оқушыдан шығып құрған теңдеулерін шешу жолын түсіндіруді сұраңыз.

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Керемет!», «Жақсы!», «Өте жақсы!» т.б.

Асқабақ пен қарбыз

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Асқабақтың массасын теңдеу арқылы табуды сұраңыз. Оқушыларға теңдеуді дұрыс жауабы арқылы тексеруді ұйымдастырыңыз.

Жа уабы.

х∙ 4= 4+4+4

х∙4= 12

х= 12:4

х=3

3 ∙4=4+4+4

12=12

-Теңдеу деген не?

-Теңдеуді шешу деген не? (түбірін табу)

*Есептерді теңдеудің көмегімен шығаруға болады. Теңдеуді шешкенде белгісізді айнымалы арқылы белгілейді. Есептің шарты бойынша теңдеу құру барысындағы қадамдық пайымдаудың алгоритмі:

1-қадам. х – ... болсын

2-қадам. Теңдеу құрамын.

3-қадам. Теңдеуді шешемін.

4-қадам. Теңдеуді шешу жолын жазамын.

5-қадам. Есептің жауабын жазамын.

Сөздік бағалау жүргізу «Керемет!», «Жақсы!», «Өте жақсы!»

Тауық

(Т.Ж) Тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз. Оқушылардың дәлелдемелерін тыңдаңыз. Есепке байланысты теңдеу дұрыс құрылған ба тексеріңіз. Шығару жолы да дұрыс екені туралы қорытынды жасатыңыз. Топтағы талқылау барысын бақылауды,

оқушыларға бағыт беруді ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

Тауықтардың

жалпы саны

Барлық

тордың саны

Бір тордағы

тауықтардың саны

54

6

х

6∙х=54

х=54:6

х=9

6∙9=54

54=54

Бір торда 9 тауық.

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Елші әдісі

(Ж.Ж ) Әрбір топқа бірдей тапсырма жазылған кеспе қағаз таратып беріңіз.Берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, тапсырманы орындап болған соң жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа баруды ұйымдастырыңыз. Әр топ «Елшіге» тапсырманың орындалу алгоритмін математикалық тілмен түсіндіріп берулері керек. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, өз тапсырмаларының дұрыстығына көз жеткізеді. Бұл әдіс елшінің математикалық тілді қолдану шеберлігін дамытады.

Жауабы: 15мысық

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Гүлзарда

(Ж.Ж) Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға берілген тапсырманы теңдеу құру арқылы шығаруды ұсыныңыз. Бұл тапсырмадан оқушылардың есепті теңдеу құру арқылы шығаруды меңгергенін анықтайсыз.

Жауабы:

х · 4 = 16 + 28

х · 4 = 44

х = 44 : 4

х = 11

11· 4 = 16 + 28

44 = 44

Жауабы: әр бөліктің ауданы 11 м²

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Ойлан, тап

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Тапсырманы алдымен жеке орындайды , сосын жұптар дәптерлерін ауыстырып, бір –бірінің тапсыр-масын дайын жауап арқылы тексеруді ұйымдастырыңыз. Бұл тапсырмада дәптердің санын х арқылы белгілеп, теңдеу құрады, сұрақтың жауабын тауып жазады.

Жауабы: (х∙6)+24=300

х∙6=300-24

х∙6=276

х=276:6

х=46

(46∙6) +24=300

300=300

Жауабы:Маржанның 46 дәптері бар.

«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Блиц - турнир

(Ұ.Ж.) Оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратылып беру. Әрбір оқушы сұраққа сәйкес келетін есептің дұрыс жауабын табады. Тапсырманы орындап болған соң, тақтағы дұрыс жауабы арқылы оқушылар өзін- өзі тексереді. Қателескен оқушыға тиімді кері байланыс беру арқылы көмектесуді ұйымдастырыңыз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар-

дың тақырыпты қалай меңгергендігін анықтауға болады.

Жауабы:

1.Қалада барлығы 72 кітапхана бар. Оның 18-і балаларға арналған.Үлкендерге арналған қанша кітапхана бар?

18+х=72

2. Белгісіз санды 7 есе арттырғанда 602 шықты. Белгісіз санды тап.

с ∙7 = 602

3.Бір үстелде 45 дәптер бар, екінші үстелге одан 3 есе кем дәптер қойылған. Екінші үстелге неше дәптер қойылған?

х ∙3= 45

4.Тігінші 42 түймені 6 шапанға қадады. Әр шапанға неше түймеден қадады?

а ∙ 6= 42

5.210 теңгеге 3балмұздақ сатып алды. Бір балмұздақ қанша теңге тұрады?

х∙3=210

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Сабақ соңында «Тазалықшы» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.

Не үйрендік?

Шабадан – әрі қарай менің керегіме жарайды.

Ет тартқыш – алған ақпаратты өңдеймін.

Себет – барлық ақпаратты тастаймын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу