Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту/Қазақ халқының ұлы ағартушылары. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Оқу мақсаттары: мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар:суреттер,кесте
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:Бұл сабақта үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритім қарастырылады.
1.Бірліктерді көбейтіп,бірліктердің астына жазады.
2.Ондықтарды көбейтіп,ондықтардың астына жазады.
3.Жүздіктерді көбейтіп,жүздіктердің асына жазады.
Жоспарланған іс-әрекет:
Ынталандыру.
Мұғалім қазақ ағартушылары туралы әңгімелейді. XIX ғасырдың екінші жартысында Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин сынды қазақ мәдениетінің айтулы ағартушылары өмір сүріп, шығармашылықпен айналысты.
Оқушылар ауызша есептеудің тәсілдерін еске түсіреді және өрнектің жұп мәндерін атап – Ш.Уәлихановтың кім болғанын білетін болады, ал тақ мәндерін атап – Ы.Алтынсариннің кім болғанын біледі.
Оқушылар ауызша есептеудің тәсілдерін еске түсіреді және өрнектің жұп мәндерін атап – Ш.Уәлихановтың кім болғанын білетін болады, ал тақ мәндерін атап – Ы.Алтынсариннің кім болғанын біледі.
143-ті 2-ге көбейтуді көбейту алгоритмі бойынша түсіндіру.
1.Бірліктерді көбейтіп,бірліктердің астына жазады.
2.Ондықтарды көбейтіп,ондықтардың астына жазады.
3.Жүздіктерді көбейтіп,жүздіктердің асына жазамын.
4.Жауабын оқиды.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
(Ж.Ж) 2- тапсырманы жұппен орындайды, өрнекті баған түрінде жазып, есептейді. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтудің алгоритмін пайдалаып орындайды.
үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритім қарастырылады.
1.Бірліктерді көбейтіп,бірліктердің астына жазады.
2.Ондықтарды көбейтіп,ондықтардың астына жазады.
3.Жүздіктерді көбейтіп,жүздіктердің асына жазамын.
142 122 242 321
х 2 х 4 х2 х 2
28 4 488 484 642
3- тапсырманы орындайды, оның жанама есеп екеніне мән бере отырып, есепті екі амалмен орындайды, оқушылар қандай есеп жанама есеп деп аталатынын атаңыз.
Егер есептің шарттары жанама түрде көрсетілген болса, жанама түрде жазылған мәтін есептерді қысқаша жазбаға дұрыс ауыстыру маңызды.
Бұл үшін, алдымен, есеп шарттарын қысқаша жазбастан бұрын, оқушылар үлкен немесе кіші санды анықтап, бірінші амалын табу керек. «бұл» сөзі қыздарды, яғни қыздардың саны ұлдардан 4 есе кем екенін білдіреді. Яғни, ұлдардың санын қыздардан 4 есе көп деп айтуға болады, демек, бірінші амалда оларға көп санды табу керек.Үлкен санды табу үшін не керек екенін анықтап, оқушылар есептің шарттарынан қысқаша жазба жасайды, есепті екі амалмен шығарады, есепке өрнек құрып, жауабын жазады.
Қыз бала -211, бұл 4 есе кем
Ұл бала -? ? оқушы
Ш: 1)211·4=844 (ұл бала)
2)211+844=1055(о)
Ж: барлығы 1055 оқушы оқыды.
(Ж.Ж) 4-тапсырманы жұпта орындайды. Тапсырманы жұпта орындауды ұйымдастырыңыз.қосындыны санға бөлу тақырыбынан алған білімдерін пайдалана білуге бағыт беріңіз.
Қатысты- 48 ұл және 36 ұл бала
Әр топқа -3 баладан
Неше топ -?
Ш: (48+36):3=28 (топ)
Ж: 28 топ болды.
(Ж.Ж)5-тапсырма.Тапсырманы жұпта орындайды. Оқушылар тапсырманы жұпта орындау кезінде меңгерген дағдыларды бекітеді. Олар мысалдарды жұпта талқылап, шешуін дәптерге амалдардың орындалу тәртібі арқылы жазады.
609+(12+21)·3=708 (401+113·3)+214=954
213·3-122·3=273 413·2+123·3=1195
980-141·2=698 1000-212·4+81=233
Өздік жұмыс
6- тапсырманы орындайды, өрнектердің біреуіне есеп құрастыр. Есептеу кезінде жазбаша есептеудің сәйкес алгоритмін қолданады.
Өткенді қайталау.
(Ж.Ж) 7- тапсырманы парақшаға орындатыңыз., үш таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайту алгоритмін қолданып, өрнекті баған түрінде жазып, үш таңбалы сандардың айырымы мен қосындысының мәнін есептейді. Бұрын болған жұп жауапты оқиды.
318+498=816 300-195=105 1000-654=346
676-167=509 784-206=578 68+525=593
8- тапсырманы топпен орындайды. Геометриялық фигураның әрбір қабырғасындағы сандардың қосындысы ортасында тұрған санға тең болатындай, бос орындарға сандар жазады.
Рефлексия. Оқушылардың сабақта үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді қалай түсінгенін бағалау үшін «Иә-Жоқ-Білмеймін» әдісін жүргізіңіз.
-Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейткенде жүздіктен бастап көбейтеміз. (Жоқ)
-Баған түрінде жазғанда бірлікті бірліктің астына жазамыз.(Иә)
-Ондықтарды көбейтіп,жүздіктің астына жазамыз.(Жоқ)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?