Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту/Қазақ халқының ұлы ағартушылары. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


105-сабақ. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту/

Қазақ халқының ұлы ағартушылары

Тақырып: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту/Қазақ халқының ұлы ағартушылары.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Күтілетін нәтижелер

Барлықоқушылар:

Мына жағдайда: 123∙2 үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолданады.

Бірқатар оқушылар:

Мына жағдайда: 123∙2үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритміне сәйкес түсінік береді.

Кейбір оқушылар:

Тілдік

мақсаттар

Мына жағдайда: 123∙2үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Оқушылар:

үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтудің жазбаша тәсілдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді баған түрінде жазу ыңғайлы.

Бірліктерді бірлікке көбейтіп, бірліктердің астына жазады.

Ондықтарды ондықтарға көбейтіп, ондықтардың астына жазады.

Жүздіктерді көбейтіп, жүздіктердің астына жазады.

Хат:

Үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді жазбаша жазыңдар.

Тірек білім, білік, дағдылар

Разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту, үш таңбалы сандарды разрядты қосылғыштардың қосындысы ретінде ұсыну, қосындыны санға көбейту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

Қазақ халқының ұлы ағартушылары туралы әңгімелеу.

Ақын, композитор, ағартушы, қазақтың жазбаша әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев Қазақстан мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Абайға ескерткіш Қазақстанның және әлемнің көптеген қалаларында орнатылған. Оқушылар олардың бірнешеуі қай қалаларда орналасқанын өрнектің мәнін тауып, біледі.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Оқулық, портрет

3-4-слайдтар

4-6

Белсендіру.

Сабақта жаңа тақырыпты жақсы меңгеру үшін көбейту мен бөлу кестесін дұрыс білу керек, бұған математикалық ойындар көмектеседі. Мұғалім оқушыларды «үндемес» ойынының шарттарымен таныстырады. Оқушыларға пластикалық планшеттер таратылады, файлдарға салынған немесе ламинатталған қағаздар және «whiteboard» маркерге арналған ақ тақтаға жазу үшін маркерлер, жазылғанды жылдам өшіретін майлықтар таратылады. Мұғалім электронды тақтаға ауызша есептеудің тапсырмаларын шығарады, оқушылар планшетке жауаптарын жазып, оны көрсетеді. Мұндай сауалнамадан мұғалім қай оқушыда ауызша есептеуден қиындық туындағанын білетін болады.

Пластикалық планшеттер, ламинатталған немесе файлға салынған қағаздар және«whiteboard»маркерлері, майлықтар.

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Бүгін біз сіздерде қандай қиындық туындағанын білетін боламыз, қатемен жұмыс жасаймыз.

12-29

Өздік жұмыс

(Ж.Ж) 2-тапсырманы жұпта орындайды, амалдардың орындалу ретін анықтайды, разрядтан атамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритміне сәйкес амалдарды бағанға жаза отырып, үш таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды есептейді.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

(Ж.Ж) 3-тапсырмадағы есепті талдайды,шартын жазып,3 және 2 амалмен орындайды.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Дәптер, оқулық,

5-слайд

6-слайд

30-40

Өткенді қайталау

(Ө.Ж) 4(а) -тапсырмасын орындау барысында оқушылар есеп шығарады.

4(ә)- тапсырмасын орындау барысында оқушылар кері мәліметтер бойынша есеп құрастырады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

5 (а) тапсырмасын оқушылар топпен орындайды, өрнек бойынша есеп құрастырады және оларды шешеді.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

6- тапсырманы орындайды, амал тәртібін анықтайды, разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритміне сәйкес амалдарды баған түрінде жаза отырып, үш таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды орындайды.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет

7- тапсырманы орындайды,олар көрсетілген өлшем бірлігіне өрнектейді:

(1ц = 100 кг, 1м=10дм = 100см, 1дм = 10см, 1мин = 60с, 1сағ = 60мин)

«Шапалақ» арқылы бағалау

9- тапсырманы мектеп оқушыларының функционалды сауттылығының қалыптасуын тексеру үшін орындайды, ғылыми-зерттеушілік қасиетті қамтиды. Оқушылар бірінші суретті мұқият қарайды, бірінші суреттегі таразының табағындағы айырмашылықты байқайды (екі қызанақты бір алмұрпен алмастырған). Екінші суреттегі таразының табағында 6 қызанақ бар, 3 алмұрт оларды теңестіре ала ма?

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

11-слайд

41-45

Рефлексия.

– Сабақтың басында біз алдымызға қандай мақсаттар қойдық?

– Осы мақсаттарыңызға жете алдыңыздар ма?

– Қиындықтуындадыма?

– Солқиындықтардыжеңеалдыңыз ба?

– Бүгінгісабақнесіменқызықтыболды?

Өз жұмысын жетістік жолағымен бағалауды ұсынады.

Жетістік жолағы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу