Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту/Қазақ халқының ұлы ағартушылары. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту

Оқу мақсаттары: мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар:кестелер,парақтар,маркер

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Бұл сабақта үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритім қарастырылады.

1.Бірліктерді көбейтіп,бірліктердің астына жазады.

2.Ондықтарды көбейтіп,ондықтардың астына жазады.

3.Жүздіктерді көбейтіп,жүздіктердің асына жазады.

Жоспарланған іс-әрекет

Ынталандыру.

Қазақ халқының ұлы ағартушылары туралы әңгімелеңіз.

Ақын, композитор, ағартушы, қазақтың жазбаша әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев Қазақстан мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Абайға ескерткіш Қазақстанның және әлемнің көптеген қалаларында орнатылған. Оқушылар олардың бірнешеуі қай қалаларда орналасқанын өрнектің мәнін тауып, біледі.

«Шапалақ» арқылы бағалаңыз

Белсендіру.

Сабақта жаңа тақырыпты жақсы меңгеру үшін көбейту мен бөлу кестесін дұрыс білу керек, бұған математикалық ойындар көмектеседі. Мұғалім оқушыларды «үндемес» ойынының шарттарымен таныстырады. Оқушыларға пластикалық планшеттер таратылады, файлдарға салынған немесе ламинатталған қағаздар және «whiteboard» маркерге арналған ақ тақтаға жазу үшін маркерлер, жазылғанды жылдам өшіретін майлықтар таратылады. Мұғалім электронды тақтаға ауызша есептеудің тапсырмаларын шығарады, оқушылар планшетке жауаптарын жазып, оны көрсетеді. Мұндай сауалнамадан мұғалім қай оқушыда ауызша есептеуден қиындық туындағанын білетін болады.

(Ж.Ж) 2-тапсырманы жұпта орындатыңыз, амалдардың орындалу ретін анықтайды, разрядтан атамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритміне сәйкес амалдарды бағанға жаза отырып, үш таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды есептейді.

800-223·3=131 444·2-378=510

121·4+298=782 610-132·3+119=333

120+33·12=782 920-241·2-169=269

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін түсіндіреді;

разрядтан атамай екі таңбалы санды біртаңбалы санға көбейту алгоритмін қолданады.Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

(Ж.Ж) 3-тапсырмадағы есепті талдайды,шартын жазып,3 және 2 амалмен орындайды.

Дүйсенбі- 24 оқырман- 3 кітаптан

Сейсенбі -14 оқырман -2кітаптан? кітап

Ш: 24·3+14·2=100 (к)

Ж:оқырмандар екі күнде барлығы 100 кітап алып оқыды.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Өткенді қайталау

(Ө.Ж) 4(а) -тапсырмасын орындау барысында оқушылар есеп шығарады.

4(ә)- тапсырмасын орындау барысында оқушылар кері мәліметтер бойынша есеп құрастырады.

2 кітап -600 теңге

3 кітап - ? теңге

Ш:600:2=300(теңге)

300·3=900 (теңге)

Ж:3 кітапқа 900 теңге төлеу керек.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

5 (а) тапсырмасын оқушылар топпен орындайды, өрнек бойынша есеп құрастырады және оларды шешеді.

5. Өрнектер бойынша есептер құрастыр және шығар.

А)123·2+240=486 Ә)500-32·3=404

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

6- тапсырманы орындайды, амал тәртібін анықтайды, разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритміне сәйкес амалдарды баған түрінде жаза отырып, үш таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды орындайды.

6. Өрнектерді амалдар бойынша жазып,есепте.

900-103·2+170=524 210+221·2-303=569

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет

7- тапсырманы орындатыңыз, көрсетілген өлшем бірлігіне өрнектейді

2 ц 60 кг=2060 кг 2 мин 2 с= 122 с

2ц 6кг=2006 кг 3 сағ 4 мин= 184 мин

520 кг= 5ц 20кг 7 мин 30 с= 25230с

98 дм= 9 м 8 см 3 м= 30дм 300см

8-тапсырманы ұсыныңыз. Өрнектерді баған түрінде жазып, есепте.

48+199+307=554 900-809=91

326+179+79=584 759-560=199

9- тапсырманы мектеп оқушыларының функционалды сауттылығының қалыптасуын тексеру үшін орындайды, ғылыми-зерттеушілік қасиетті қамтиды. Оқушылар бірінші суретті мұқият қарайды, бірінші суреттегі таразының табағындағы айырмашылықты байқайды (екі қызанақты бір алмұртпен алмастырған). Екінші суреттегі таразының табағында 6 қызанақ бар, 3 алмұрт оларды теңестіре ала ма?

Рефлексия.

– Сабақтың басында біз алдымызға қандай мақсаттар қойдық?

– Осы мақсаттарыңызға жете алдыңыздар ма?

– Қиындықтуындадыма?

– Солқиындықтардыжеңеалдыңыз ба?

– Бүгінгісабақнесіменқызықтыболды?

Өз жұмысын жетістік жолағымен бағалауды ұсынады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу