Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту/Қазақ халқының ұлы ағартушылары. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.
Математика 3-сынып
Дидактикалық материалдар
Тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. Балғожа сөзге шешен, тілге ұста, би, өз ортасына белгілі, беделді адам болған. Ы. Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды. 1850 жылы Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүреді. Дегенмен ынталы да зерек Ыбырай мектепті 1857 жылы үздік бітіріп шығады. Мектепті бітіргеннен кейінгі екі жылында өз елінде тілмаш болып қызмет етеді. 1859 жылы Ы. Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады. Шекаралық комиссияның төрағасы, профессор В.В. Григорьевпен танысады. В.В. Григорьевтің кітапханасынан орыс, дүниежүзі әдебиетімен танысады. Өз заманындағы көркем шығармаларды оқиды. Әдебиет, саясат, ағарту туралы жазылған басылымдарды оқуға мүмкіндік алады. Орынбордағы әдеби, саяси, мәдени, рухани дүниелермен танысу Алтынсариннің ой - өрісінің өсуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Ы. Алтынсарин өз халқын да білім нәрімен сусындатып, көкірек көзін ашуды мақсат етеді. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шешім шыққанда (Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы қалаларында) өзі сұранып, Торғай мектебінде мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылып кетеді. Ы. Алтынсарин ел ішінде оқудың мәнін түсіндіріп, халықтың білімге ықыласын ояту үшін алғашқы балаларды өз үйінде оқытады. Торғайдағы Ыбырай мектебі 1864 жылы қаңтарда ашылды. Бастапқыда он төрт бала қабылданады. Ыбырай Алтынсарин мектептегі оқу - тәрбие жұмысын мүлде жаңа үлгіде құрады. Сабақ ана тілінде - қазақ тілінде жүре тұрып, әр пән негіздерін үйретуді мақсат етеді. Ыбырай оқушыларының ғылым мен мәдениетті игеруіне, рухани бай азамат болып шығуына қызмет етеді. 1876 жылы Ы.Алтынсарин Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың мектеп, білім беру саласын зерттеп, орыс ағартушыларының еңбектерін оқиды. Сол негізінде қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды жоспарлайды. Ы.Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі - оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінеді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Қазақ арасында халықтық мектептер ашып, ағарту жұмысын белсенді жүргізудегі Ыбырай Алтынсариннің еңбегі ұшан-теңіз. Сонымен қатар көрнекті ағартушы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалау үстінде де орасан зор үлес қосты. Ауыз әдебиетінің дәстүрінен қол үзіп, жазба әдебиетінің үлесінде сюжетті өлеңді тұңғыш жаза бастаған ақынның бірі - Ыбырай Алтынсарин. Сондықтан да қазақ жазба әдебиеті тууы сөз бола қалғанда Ыбырай Алтынсаринның қадір есімі кемеңгер Абаймен қатар аталады. Жалғыз поэзия жанрында ғана емес, көркем прозаның қалыптасуына да Ыбырай Алтынсарин ат салысты. Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/biography/1292-altynsarin.html© www.ZHARAR.com
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?