Ежелгі және қазіргі орнаменттер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тақырыбы: Симметриялы мен симметриясыз жазық фигуралар

Оқу мақсаттары: 3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу

3.3.2.2 берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің көмегімен шеңбер салу

Сабаққа қажетті ресурстар:ою-өрнек, фигуралар,парақшалар

Сабақта қолданатын деректі материалдар: Симметрия – дегеніміз қандай да бір заттың нүктеге немесе түзуге қатысты фигураның бөліктерінің немесе заттардың бірдей орналасуы, тепе-теңдігі, сәйкестігі. Осьтік симметрия – дегеніміз түзуге қатысты симметрия. Айналамыздағы заттардың көбі оське қатысты симметриялы болады (көбелек, адам т. б.) Кейбір заттарда бірнеше симметрия осін жүргізуге болады (жұлдыз).

Ынталандыру.

Мұғалім көне заманда қазақтар үйлерін қалай безендіргенін әңгімелейді.

Қандай өрнектерді қолданды?

Қазақ ою-өрнегі ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өренктер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын байқау қиын емес. Оюлардың ертеден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Ал көне түркілердің түсінігі бойынша құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі болған.Сондықтан ежелден келе жатқан ою-өрнектердің нұсқасынан аңды, жан-жануарлар мен құстарды жиі тұспалдап тұрғанын аңғару қиын емес.

Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген.

 

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

  •   №1 суретті қарауды ұсыныңыз.
  •   Ерте замандардан қазақтар өз үйлері мен киімдерін әртүрлі ою-өрнектермен безендірген. 4-5-слайдтарды көрсете отырып мынадай сұрақтар қойыңыз.
  •   Ою-өрнектерден қандай геометриялық пішіндерді танып тұрсыздар?
  •  Егер осы суреттерді ортасынан бөлсе, әр бөлік туралы не айтуға болады?

-Сіз бөліктері бір-біріне қатты ұқсайтын фигураларды қалай атайтынын білесіз бе?

Егер түзу сызық фигураны тең екі бөлікке бөлсе,бұл фигура түзуге қатысты симметриялы деп аталады.фигураны тең бөліктерге бөлетін түзу симметрия осі деп аталады.

Бұлар –симметриялы фигуралар.

.Ж) 2-тапсырма.Берілген тапсырманы топта орындатыңыз. Кез келген фигураны бүктеу арқылы олардың симметрия осін табуды ұсыныңыз.

 Тапсырманы ойын түрінде орындатыңыз. Әрбір топқа қағаздан қиылған үшбұрыш,ою,алтыбұрыш т. б.заттарды таратылады. (заттар симметриялы болуға тиісті). Әрбір топтың мүшесіне суретті таңдап алып, екі жартысы беттесетіндей етіп бүгеді.Содан соң бір-біріне көрсетуді ұсынады. Бүктелген суреттерді жазып, бүктелген жерде түзу шыққанын анықтайды.Заттардың екі бөлігі бүктегенде беттесетін болса, оларды симметриялы деп аталады.Заттар түзуге, біздің жағдайда сияқты бүктеу сызығына қатысты симметриялы болады. Бұл түзуді «симметрия осі» деп аталады.

(Қиындық келтірген оқушыларға көмек беру)

Смайликтер арқылы бағалаңыз

Жаңаны ашу.

(Ж.Ж) 3-тапсырма. «Ойлан,жұптас,ақылдас» әдісі арқылы жұпта орындатыңыз.

Бірінші оқушы дөңгелектің жартысының суретін салады, ал екіншісі айнаны қояды. Кейін орындарын ауыстыруға болады, ал дөңгелектің орнына басқа заттың жартысын толықтыруға болады.

Тапсырма симметрия осіне қатысты симметриялы заттарды келтіру дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардан алдын ала суреттеу кезінде ең басты шарт бөліктері бірдей болуы қажет.

Симметрия осін сақтай отырып, оқушылар ойын түрінде симметрияны сақтаудың шарттарын бекітеді.

«Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» сөздері бағалаңыз.

Топқа топтасу. 4-тапсырма топта орындауды ұсыныңыз. Симметриялы ою-өрнектер арқылы оқушылар топтастырыңыз.Тапсырмаларды әр топқа бөліп беріңіз.

Қабілетті оқушылардың басқа достарына көмектесуін ұйымдастырыңыз.Топтарға есептің қысқаша шартын және шешуін жазуын ұсыныңыз.Соңында әр топтың бір мүшесі тақтаға жазып көрсетеді.Топтардың жұмысын бағалаңыз.

І-топ: 4-тапсырма (а)

Сатып алынды – 9 м - 5 бума

Тағы - 20 м ? тоқымабау

Ш:9·5+20=65 (м)

Ж:барлығы 65 метр тоқымабау сатып алынды.

ІІ-топ: 4-тапсырма (ә)

І түрі-186 ою ? ою

ІІ түрі -? ,75-і артық ою

Ш:(186+75)+186=447 (ою)

Ж:қаптамада барлығы 447 ою-өрнек бар.

ІІІ-топ: 4-тапсырма (б)

І шеберханада- 12 тігінші, бұл 9-ы кем

ІІ шеберханада- ? т ? тігінші

Ш:(12+9)+12=33(т)

Ж:барлығы екі шеберханада 33 тігінші бар

«Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» сөздері бағалаңыз.

(Ж.Ж) 5-тапсырма.Теңдеуді шешуді жұпта орындауды ұсыныңыз. Оқушылар жұпта теңдеулерді шешу жолын талқылайды, көбейту және бөлудің компоненттерін атай-

ды, теңдеулердің шешуін дәптеріне жазады.Тапсырманы орындаған соң, жауаптарын жұпта салыстыруды сұраңыз және қажет болған жағдайда қатемен жұмыс жасатыңыз.

Көмек қажет ететін оқушыларға жетелеу сұрақтарын беру арқылы көмек беру.

«Бағдаршам» арқылы бағалаңыз

(ҚБ) «Сәйкестендір» ойыны. 6-тапсырмада өздіндік жұмыс түрінде орындатыңыз. Таратылған парақшаға берілген тапсырма мен жауаптарын жазып қойыңыз.Тапсырманың дұрыс жауабын сызық арқылы қосып көрсетуін ұсыныңыз.

Дұрыс жауапты эталон арқылы тексертіңіз.

«Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» сөздері бағалаңыз.

(Ж.Ж)7-тапсырманы ұжымда орындатыңыз. Оқушылар тапсырманы орындау

барысында, симметрия осін сызу мен табу дағдысын бекітеді. Тапсырманы орындағаннан кейін, жұптағы мүшелердің ауысуы бойынша өзара нәтижелерімен алмасуды жүргізіңіз. Оқушылардың назарын ме сағат пен көбелекке аударыңыз. Оқушылардан бұл заттарда қанша симметрия осін жүргізуге болатынын сұраңыз.

Дайын фигураларды алыңыздар.Ортасынан бүктеңіздер. Қай фигураны алмасақ та, бүктегенде сәйкес келеді. Қалай ойлайсыздар, бұл барлық фигураларға тән қасиет пе? (Иә, жоқ, білмейміз).

– Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақта немен айналысамыз? (Барлық фигуралар ортасынан бүктеген кезде де біріне-бірі сәйкес келе ме, соны анықтаймыз)

– Біз мұндай фигуралар қалай аталатынын білетін боламыз. Сонымен, барлық фигуралар ортасынан бүктеле ме, соны тексеріп көрейік.

– Бүктеген кезде екеуі біріне-бірі сәйкес келетін және келмейтін де фигуралар бар.

– Бүктеген кезде біріне-бірі сәйкес келетін фигуралар симметриялы деп аталады. Симметриялы фигуралар ортасынан бөлгенде бір-біріне симметриялы екі жарты бөліктен тұрады.

Рефлексия.

Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;

«Мен … өзімді мақтан етемін»;

«Әсіресе маған ұнағаны …»;

«Бүгін … менің қолымнан келді»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу