Ежелгі және қазіргі орнаменттер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
54-сабақ. Симметриялы мен симметриясыз жазық фигуралар
Тақырып: Ежелгі және қазіргі орнаменттер | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру 3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу 3.3.2.2 берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің көмегімен шеңбер салу | ||||||||||
Күтілетін нәтиже |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Симметриялық өрнек туралы тұрмыстық түсінік | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
0–3 | Ынталандыру. Мұғалім көне заманда қазақтар үйлерін қалай безендіргенін әңгімелейді. Қандай өрнектерді қолданды? Қазақ ою-өрнегі ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өренктер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын байқау қиын емес. Оюлардың ертеден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Ал көне түркілердің түсінігі бойынша құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі болған.Сондықтан ежелден келе жатқан ою-өрнектердің нұсқасынан аңды, жан-жануарлар мен құстарды жиі тұспалдап тұрғанын аңғару қиын емес. Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген. | 3-4 слайдтар | |||||||||
4–6 | Белсендіру. Өрнектерді қара. Олар қандай фигуралардан құралған? Мына шеңберлердің радиустары туралы не айтуға болады? | ||||||||||
7–11 | Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Сіз бөліктері бір-біріне қатты ұқсайтын фигураларды қалай атайтынын білесіз бе? Топқа топтасу. Симметриялы ою-өрнектер арқылы оқушылар топтасады. Оқушыларға шеңбер,шаршы,тіктөртбұрыштарды бүктеу арқылы симметриялы фигураларды топта талдау. Заттардың екі бөлігі бүктегенде беттесетін болса, оларды симметриялы деп атайды. Заттар түзуге, біздің жағдайда сияқты бүктеу сызығына қатысты симметриялы болады. Бұлар –симметриялы фигуралар. Егер түзу сызық фигураны тең екі бөлікке бөлсе,бұл фигура түзуге қатысты симметриялы деп аталады.фигураны тең бөліктерге бөлетін түзу симметрия осі деп аталады. (Т.Ж) 2-тапсырма.Берілген тапсырма топта орындалады. Кез келген фигураны бүктеу арқылы олардың симметрия осін табады. Тапсырманы ойын түрінде орындату.Әрбір топқа қағаздан қиылған үшбұрыш,ою,алтыбұрыш т. б. заттарды таратылады. (заттар симметриялы болуға тиісті). Әрбір топтың мүшесіне суретті таңдап алып, екі жартысы беттесетіндей етіп бүгеді.Содан соң бір-біріне көрсетуді ұсынады. Бүктелген суреттерді жазып, бүктелген жерде түзу шыққанын анықтайды..Заттардың екі бөлігі бүктегенде беттесетін болса, оларды симметриялы деп аталады.. Заттар түзуге, біздің жағдайда сияқты бүктеу сызығына қатысты симметриялы болады. Бұл түзуді «симметрия осі» деп аталады. (Қиындық келтірген оқушыларға көмек беру) «Смайликтер» арқылы бағалау
| 5-6-слайдтар 7-слайд | |||||||||
12–30 | Жаңаны ашу. (Ж.Ж) 3-тапсырма. «Ойлан,жұптас,ақылдас» әдісі.Тапсырма жұпта орындалады. Бірінші оқушы дөңгелектің жартысының суретін салады, ал екіншісі айнаны қояды. Кейін орындарын ауыстыруға болады, ал дөңгелектің орнына басқа заттың жартысын таңдауға болады. Тапсырма симметрия осіне қатысты симметриялы заттарды келтіру дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардан алдын ала суреттеу кезінде ең басты шарт бөліктері бірдей болуы қажет. Симметрия осін сақтай отырып, оқушылар ойын түрінде симметрияны сақтаудың шарттарын бекітеді. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» (Т.Ж) 4-тапсырма топта орындалады.Оқушылар топта бірін-бірі тыңдауға,ақылдасуға, қатесін түзетуге дағдыланады. І-топ: 4-тапсырма (а) ІІ-топ: 4-тапсырма (ә) ІІІ-топ: 4-тапсырма (б) «Басбармақ» арқылы кері байланыс (Ж.Ж) 5-тапсырма.Теңдеуді шешу.Оқушылар теңдеу шешу арқылы белгісіз бөлінгіш,белгісіз бөлгіш және белгісіз азайғыштарды табады. Көмек қажет ететін оқушыларға жетелеу сұрақтарын беру арқылы көмек беру. (ҚБ) 6-тапсырмада өздіндік жұмыс түрінде орындалады. «Сәйкестендір» ойыны.Таратылған парақшаға берілген тапсырма мен жауаптарын жазып қойылған.Тапсырманың дұрыс жауабын сызық арқылы қосып көрсетеді. 7-тапсырма ұжымда орындалады. Дайын фигураларды алыңыздар.Ортасынан бүктеңіздер. Қай фигураны алмасақ та, бүктегенде сәйкес келеді. Қалай ойлайсыздар, бұл барлық фигураларға тән қасиет пе? (Иә, жоқ, білмейміз). – Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақта немен айналысамыз? (Барлық фигуралар ортасынан бүктеген кезде де біріне-бірі сәйкес келе ме, соны анықтаймыз) – Біз мұндай фигуралар қалай аталатынын білетін боламыз. Сонымен, барлық фигуралар ортасынан бүктеле ме, соны тексеріп көрейік. – Бүктеген кезде екеуі біріне-бірі сәйкес келетін және келмейтін де фигуралар бар. – Бүктеген кезде біріне-бірі сәйкес келетін фигуралар симметриялы деп аталады. Симметриялы фигуралар ортасынан бөлгенде бір-біріне симметриялы екі жарты бөліктен тұрады. | Қиылатын фигуралар. Оқулық, дәптер,айна. Тұсаукесер. 8-слайд 9-10-11-слайдтар 12-слайд 13-14-слайдтар | |||||||||
41–45 | Рефлексия. Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …; «Мен … өзімді мақтан етемін»; «Әсіресе маған ұнағаны …»; «Бүгін … менің қолымнан келді» | Жетістік сызғышы. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?