Ежелгі уақыттағы өлшеуіш құралдар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
59-сабақ. Фигуралар салу
Тақырып: Ежелгі уақыттағы өлшеуіш құралдар. | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.1.5 берілген ауданы бойынша торкөзді қағазға жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсіндіру 3.5.2.3 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын әліпбиінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу | ||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Фигуралар салу. | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
0–3 | Ынталандыру. Мұғалім адамдар бұрынғы кезден өлшейтін және сызатын құралдарды қолданғаны туралы әңгімелейді. Біздің кезімізге дейін жеткен құралдар бар ма? Олар қандай деп ойлайсыздар? | 4-слайд | |||||||||
4–6 | Белсендіру. Суреттерді қараңыздар. Параллель және параллель емес түзулерді атаңыздар. Мұны қалай дәлелдеуге болады? | Қаланың, шағын жерлер мен баулардың планы. | |||||||||
7–11 | Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңыздың басыңызда туындаған қандай да бір қиындықты тауып, оны түзейміз. | ||||||||||
12–40 | Өздік жұмыс 2-тапсырма.Оқушылар ауданның берілген мәндері бойынша фигуралар сызуды орындай ала ма екенін білу үшін, оларға аудандары 18 см2, 24 см2, 12 см2болатын, бірақ әртүрлі қабырғалы екі тіктөртбұрышты сызады.. Білім деңгейі жоғары оқушыларға ауданның мәнін өздері таңдап алады..
9 см =3 см 10 см =2 см 4-тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны.Аудандары 16 см2, 25 см2, 9 см2болатын шаршылар сызады және дәлелдейді. 4см 5 см 3см Шаршының ауданын қалай табамыз? Аудан белгілі болғанда шаршының қабырғ аларының ұзындығын қалай табамыз? Бұл тапсырманы орындай отырып, оқушылар өткен формулалармен тапсырма бойынша білімдерін және тәжрибелерін қайталайды. Оқушылар барлық тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындайды. Тапсырманы орындау кезінде өз бетімен жұмыс істеуде қиындыққа кездескен оқушыларға көмек көрсету. «Шапалақ» арқылы бағалау 5-тапсырма. а)Ұзындығы қызыл кесіндіден 2 есе артық кесіндіні тап. ә) Қай кесіндінің ұзындығы көк кесіндінің жартысын құрайды? (Ж.Ж)6-тапсырма жұптпа орындалады.Көпбұрыштың қабырғаларының ұзындығын өлше.Олардың периметрін табады. Периметр – фигураның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы. Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» 7-тапсырма. Шеңбер туралы алған білімдерін қолдана отырып,шеңберлер сызады. (Ж.Ж) 8-тапсырма. Фигураларды жұпта мұқият қарап, қайсысы симметриялы болатынын анықтайды. -Қандай заттардың симметрия осі дұрыс жүргізілген? – Қандай заттардың симметрия осі дұрыс жүргізілмеген? Сызғыштың көмегімен симметрия осін қалай жүргізу керек екенін көрсет. Жұпта пікір алмасады.. Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» (Ө.Ж) 9-тапсырманы өз беттерінше орындайды. Екі симметриялы фигураны таңдап,оларды дәптерлеріне сызады. Тапсырма симметрия осіне қатысты симметриялы заттарды келтіру дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардан алдын ала суреттеу кезінде ең басты шарт қандай екендігін түсінеді. (бөліктері бірдей болуы қажет). (Ж.Ж) Өрнектің мәнін тап.10-тапсырманы жұпта орындайды.Бұрын болған жұптан бір оқушы жауабын оқиды. Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» (Ж.Ж) Салыстыр.11-тапсырманы жұпта орындайды.Бұл тапсырма аудан бірліктерін салыстыруға арналған.Аудан бірліктерінен алған білімдерін еске түсіріп,орындайды. (Т.Ж) 12-тапсырма топта орындалады.Бір торкөздің ауданы - 4 см2.фигураның боялған,боялмаған және барлық бөліктерінің ауданын табады. а)Боялған – 24 см2,боялмаған бөлігі-56 см2,барлығы-80 см2 ә) Боялған –20 см2,боялмаған бөлігі-40 см2,барлығы-60см2 б)Боялған – 28 см2,боялмаған бөлігі-16см2,барлығы-44 см2 в)Боялған – 32 см2,боялмаған бөлігі-4см2,барлығы-36 см2 Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» | Дәптер, оқулық. 5-слайд 6-слайд 7-слайд 8-9-слайд 10-слайд 11-слайд 12-слайд | |||||||||
41–45 | Рефлексия. – Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық? – Осы мақсаттарға жете алдық па? – Сіздерде қиындық туындаған ба еді? – Сіз оларды өте алдыңыз ба? – Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды? Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?