Ежелгі уақытта ауданды қалай өлшеген. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
58-сабақ. Фигураларды салу
Тақырып: Ежелгі уақытта ауданды қалай өлшеген | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.1.5 берілген ауданы бойынша торкөзді қағазға жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсіндіру 3.5.2.3 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын әліпбиінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу | ||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Фигураларды салу. | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
0–3 | Ынталандыру. Бізге бүгінгі сабақта өлшейтін және сызатын құралдар қажет. Салуды орындау үшін өлшемдерін (ұзындығын, енін, биіктігін) білу керек.Бұрынғы кездерде қолдан жасалған құралдарды қолданған. №1 тапсырманың суреттерін қара және оларды салыстыр. | 4-слайд | |||||||||
4–6 | Белсендіру. Тақтада түрлі фигуралар. Мұғалім бұрыштары тік болып келетін фигураларды тауып алып, атауды ұсынады. (Тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар). | Геометриялық фигуралар. 5-слайд | |||||||||
7–11 | Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Екі түзу сызық сыз.
–Екі түзу сызық жазық бетінде қалай орналасқан? (Кез келген екі түзу сызық жазық бетінде қиылысуы да, қиылыспауы да мүмкін) –Екі түзу сызықтың қанша ортақ нүктелері болуы мүмкін? (Егер қиылысса, бір нүкте, егер қиылыспаса, екі нүкте.) | Қағаз беттері. | |||||||||
12–29 | Жаңаны ашу. Суретке қарап параллель кесінділер сызады. Тапсырма торкөзді немесе нүктелі қағазда алгоритм бойынша сызба жүргізу дағдысын дамытады. Жазық бетіндегі екі қиылыспайтын түзу параллель деп аталады. Бұл сөз гректің «параллелой» сөзінен шыққан, «қатар жүретін» деген мағына береді.. Практикалық жұмыс. Суретті қара. Параллель түзулерді салу үшін жоспар құр. Бұны әрқалай жасауға болады. Дәптеріңе параллель кесінділер сыз. Параллель түзулерге өмірден мысал келтір.
(Т.Ж) 2-тапсырма.Бір жағына тіктөртбұрыш сызылған,радиусы тіктөртбұрыштың еніне тең шеңбер сыз.фигураның қиылысу аймағын боя.
ә) Қағаздың ортасына ұзындығы 5 см болатын АВ кесіндісін сыз.А нүктесінен радиусы 4 см болатын, В нүктесінен радиусы 2 см болатын шеңбер сыз.Фигуралардың қиылысу аймағын боя.
(Ж.Ж) 3-тапсырма жұпта орындалады. Оқушылардан үш таңбалы сандарды баған түрінде жазуды және қосу алгоритмін қолданады. Оқушылардың үш таңбалы сандарды шешудің алгоритмін қадам бойынша сақтауларына мән береді. Бірнеше жұптан өз мысалдарын дауыстап оқып, жауабын айтады. Сыныптағы басқа оқушылардан белгі беретін кеспеқағаз арқылы, өздерінің бұл жауаппен келісетінін не месе келіспейтінін білдіруді сұраңыз. Бағалаушы оқушылардың көрсеткен белгілері әртүрлі болғ ан жағдайда, жауапты сыныпқа талқылайды. Жұптардың жұмысын бағалайды. «Смайликтер» арқылы бағалау (Ж.Ж) 4-тапсырма. Фигуралардың қабырғаларының ұзындығын есептеп,периметрі мен ауданын табады.
Фигуралардың периметрін табу үшін, қабырға- ларының ұзындықтарының қосындысын табу керектігін,ауданын табу үшін ұзындығы мен енін көбейтетінін еске түсіреді. Оқушыларға жұптық жұмысты мына түрде орындайды: тапсырманың бірінші бөлігін бірінші оқушы орындайды, ал екіншісі – тексереді, содан кейін екінші оқушы келесі бөлігін орындайды, ал бірінші оқушы оның дұрыстығын тексереді. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. 5-тапсырма. Тапсырманы оқи отырып, өз бетімен ауданын және периметрін табады. Практикалық жұмысқа түсінік бере отырып, сымнан майыстырып тіктөртбұрыш жасайды. Оның қандай ерекшеліктері бар?(Параллель қабырғалары тең, бұрыштары тік). | Оқулық. 6-слайд 8-9 слайдтар 10-слайд 11-слайд | |||||||||
41-45 | Рефлексия. Күн - мен бәрiн түcіндім Бұлтты күн - түcіндім, бiрақ ... Жaңбыр - мағaн әлi де көмeк қажет. | 12-слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?