Ежелгі уақытта ауданды қалай өлшеген? Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу
Оқу мақсаттары:3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу
3.3.1.3 тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш ауданы формуласын:S= (a·b):2, S=a2,S=a·b шығарып алу және қолдану, қоршаған орта обьектілері
3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /секунд өлшем бірліктерін қолданып өлшеу
Сабаққа қатысты деректі материалдар :Бір бұрышы тік болатын үшбұрышты тікбұрышты үшбұрыш деп аталатыны туралы түсінік беру қажет. Сабақта тіктөртбұрыштың формуласы арқылы тікбұрышты үшбұрыштың ауданын шығару керек. Егер тіктөртбұрыштың бір диагоналін жүргізсе, тіктөртбұрыш екі тікбұрышты үшбұрыштан құралған болады. Бұл бөліктердің аудандары бірдей. Яғни, бір тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу үшін тіктөртбұрыштың ауданын тауып, оны екіге бөлсек жеткілікті. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданының формуласы: S = (a • b) : 2,
мұндағы: а және b – тіктөртбұрыштың қабырғалары. Бұлар үшбұрыш үшін тік бұрышты құрайтын қабырғалары болып табылады.
Сабаққа қажетті ресурстар:қима қағаздар, фигуралар
Жоспарланған іс-әрекет
Белсендіру.
Тақтада әртүрлі фигуралар ілінген. Мұғалім тік бұрышы бар фигураларды таңдап алып, атауларын сұраңыз.
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Алдыңызда үшбұрыштар. Олардың ұқсастықтары неде?
Олардың барлығының бұрыштары тік. Олардың ауданын табуға бола ма?
Жаңаны ашу.
(Т.Ж) 1-тапсырма. «Джиксо» әдісі бойынша топта орындатыңыз.
– Мынадай тіктөртбұрыштың ауданын қалай табуға болады?(Палетканың көмегімен). Біздің алған білімімізді тіктөртбұрыштың ауданын табуға қолдануға бола ма?
Фигураның ауданын қалай табуға болатыны туралы оқушылар өз ойларын айтады. Содан соң тапсырманы топпен орындайды. Тапсырманы орындаған соң басқа топқа өз шешімдерін түсіндіру үшін, әрбір топта бір оқушыдан қалып, ал топтың басқа мүшелерінің келесі топқа барады, ондағы топтан қалған бір оқушы тапсырманың жауабын түсіндіретін болады.
Балалар өз болжамдарын ұсынып, нәтиже шығарады: тікбұрышты үшбұрыштың ауданы тік бұрыш болып қиылысып тұрған екі қабырғаларының көбейтіндісін екіге бөліндісіне тең. S=(ab):2.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
(Ж.Ж) «Жұптас,пікірлес,талқыла» әдісі бойынша жұппен орындатыңыз.
2- тапсырманы – практикалық жұмысты түсінік бере отырып орындайды.
Егер тіктөртбұрыштың бір диагоналін жүргізсе, тіктөртбұрыш екі тікбұрышты үшбұрыштан құралған болады. Бұл бөліктердің аудандары бірдей. Яғни, бір тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу үшін тіктөртбұрыштың ауданын тауып, оны екіге бөлсек жеткілікті. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданының формуласы: S = (a • b) : 2, мұндағы:
а және b – тіктөртбұрыштың қабырғалары. Бұлар үшбұрыш үшін тікбұрышты құрайтын қабырғалары болып табылады
Осы тапсырма тікбұрышты үшбұрыштың ауданын түсіну және оны шығару дағдысын қалыптаст ырады. Оқушыларға қалаулары бойынша тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табатын формуланың қалай шыққандығы туралы қорытынды жасайды.
(Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» ойыны бойынша жұппен орындатыңыз. 3 тапсырмада – үлгі бойынша тексере отырып өз бетімен саяжай ауданын табады. Бұл тапсырманы орындай отырып, оқушылар өткен формулалармен тапсырма бойынша білімдерін және тәжірибелерін қолдана алады. Оқушылар барлық тапсырмаларды үлкен қызыға орындайды. Тапсырманы орындау кезінде жұппен жұмыс істеуде қиындыққа кездескен оқушыларға көмек көрсету.
Ол үшін не белгілі, нені табу керектігін білу керек.
а)Саяжайдың ауласы және гүлзардың ұзындығы мен ені белгілі.Ендеше ауланың ұзындығы 60 метр,ені 10 метр.Гүлзардың ұзындығы 6 метр ені 3 метр.
S=60·10=600 (м2)
S=3·6=30 (м2)
ә)Саяжайдың ауласы және гүлзардың ұзындығы мен ені белгілі.Ендеше ауланың ұзындығы 25 метр,ені 10 метр.Гүлзардың ұзындығы 35 метр ені 10 метр.
S=25·10=250 (м2)
S=35·10=350 (м2)
4-тапсырма. Бұл тапсырманы ұжымда орындатыңыз.Фигуралардың қай бөлігі боялғанын бөлшек түрінде жазады.Ол үшін фигуралардың суретін іліңіз.оқушылардың ішінен дұрыс жауап айтқан оқушыға тақтаға жаздырыңыз. Фигуралардың ішінен симметриялы фигураны таптырыңыз.Симметриялы фигураларды тақтадан таптырыңыз.
(Ө.Ж)Қ.Б. «Кім жылдам?» ойыны.5-тапсырманы өзіндік жұмыс түрінде орындатыңыз.Амалдардың орындалу тәртібі бойынша орындап,эталон арқылы тексереді.Әр дұрыс орындалғын өрнекке 1 балл ұпай жинайды.
5-тапсырма
1000-(642+128)=230 129+871-400=600
286+(500-43)=743 503-(360-281)=424
900-(800-645)=745 (600-45)+186=741
Мына көрсеткіш арқылы өздерін бағалатыңыз.
5-6 ұпай – «өте жақсы»
3-4 ұпай -«жақсы»
1-2 ұпай – «талпын»
Бұл бағалау арқылы оқушылар өздерінің білім деңгейлерін байқайды.
Кері байланыс
«Иә», «Жоқ» әдісі бойынша кері байланыс беру.
-Шаршы тәріздес қабырғаның ауданы 16 м2 болса қабырғасы 5 метр болады. (Жоқ)
-Тіктөртбұрыштың ұзындығы 7см ені 4 см болса,ауданы 28 см2. (Иә)
-Шаршы тәріздес қабырғаның ауданы 49 м2 болса қабырғасы 7 метр болады. (Иә)
-Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 см,ауданы 32 см2 болса,ені 3 см болады. (Жоқ)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?