Үлеспен есептер шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Үлес

№52 сабақ

Тақырыбы: Үлеспен есептер шығару

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігібойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер, түрлі түсті қарындаштар, геометриялық фигуралар макеті.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: бұл сабақта санның үлесін табу мен үлесі бойынша санды қалай табу білімін бекіту қажет. Санның үлесін табу үшін тең бөліктерге бөлуді орындау керек. Ал үлесі бойынша санды табу үшін көбейтуді орындау қажет.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Психологиялық дайындық."Тілек шоғы" әдісі. Мақсаты: сыныпта жағымды ахуал, жақсы қарым-қатынас орнату. Алдыңыздағы оқушыға тілек тілеп, бір тал гүлді ұсыныңыз. Гүлді алған оқушы келесі оқушыға тілек тілеп береді, осылайша жалғасып, ең соңғы оқушы гүлін өзіңізге беруі қажет.

(Ұ.Ж) Математикалық диктант

Мақсаты: Санның/шаманың үлесін табу және үлесі бойынша санды табу.

Сынып ұжымына математикалық диктант жазғызыңыз. Орындап болған соң, интербелсенді тақтада дұрыс жауаптарын көрсетіңіз. Оқушыларға өзін-өзі дұрыс жауап кілттерімен тексеруді ұсыныңыз. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелетінін хабарлаңыз. Соңында ең көп ұпай жинаған оқушыларды атап, «Отшашу» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз.

- Сыныпта 28 оқушы бар. Оның бөлігі футбол үйірмесіне қатысады. Қанша бала футбол үйірмесіне қатысады?

- Бақта 18 жеміс ағашы өсіп тұр. Оның бөлігі шие ағашы. Бақта қанша шие ағашы өсіп тұр?

- 1 алманың салмағы 300 грамм. Осы алманың бөлігі қанша грамм болады?

- 1 қап ұнның бөлігі 10 килограмды құраса, бір қап ұнный салмағы қанша килограмм?

- артық па, әлде артық па?

- Саяхатшы барлық жолдың бөлігін, яғни 200 километр жолды жүріп өтті. Саяхатшы барлығы қанша километр жол жүру керек?

- Қарбызды теңдей етіп 7 бөлікке бөліп, оның 2 бөлігін Самалға берді. Самалдың үлесін бөлшек түрінде жаз.

Жауабы:

  • 7 бала
  • 6 шие ағашы
  • 50 грамм
  • 50 кг
  • 800 км

(Т.Ж) Ойлан тап. Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оларға шахмат тақтасы бейнеленген А4 форматтағы парақтар таратып шығыңыз. Әр топқа әр түрлі тапсырма дайындаңыз.

1-топ. Шахмат тақтасының бір қатары ондағы барлық шаршының қандай үлесін құрайтынын табады.

2- топ. Шахмат тақтасының екі қатары ондағы барлық шаршының қандай үлесін құрайтынын табады.

3-топ. Шахмат тақтасындағы ақ түсті шаршылар ондағы барлық шаршының қаандай үлесін құрайтынын табады.

  • Сұрақтар:
  • -Шахмат тақтасында ақ түсті шаршылар саны қанша? Қара түсті ше?
  • - Барлық шаршылар саны қанша?
  • - Бір қатардағы шаршылар саны қанша?

Оқушыларға осы тапсырманы сызба түрінде көрсетуді сұраңыз. Тапсырманы орындауға уақыт беріңіз. Жұмыстарын бақылаңыз. Әр топтың спикеріне өз шешімдерін тақтада көрсетуді ұсыныңыз. Тапсырманың шешуін талқылап, салыстырыңыз. Топтардың жұмысын смайлик арқылы бағалаңыз.

Жауабы: 1-топ - ; 2-топ - ; 3-топ - .

(Ж.Ж) Сен маған, мен саған» әдісі бойынша оқушыларды жұптастырып, жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар жұбына әр түрлі фигуралары бар парақтар таратып беріңіз. Жұптағы бірінші оқушыға фигураның боялған бөлігін бөлшек түрінде жазып көрсетуді, екінші оқушыға боялмаған бөлігін бөлшек түрінде жазып көрсетуді тапсырыңыз. Соңында бірін-бірі тексеріп, басбармақ арқылы бағалайды.

Жауабы:

(Т.Ж) Есепте. Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Әр топқа есептің қысқаша шартын сызба түрінде параққа жазуды ұсыныңыз. Келесі сұрақтарды қойыңыз:

-Мектеп ауласындағы гүл көшеттерінің жалпы саны қанша?

- Раушан гүлдері жалпы гүл көшеттерінің қандай бөлігін құрайды?

- Раушан гүлдері көшеттерінің санын білуге бола ма? Қалай?

-Есеп неше амалмен орындалады? Қалай білдің?

Содан соң есепті топпен шығаруды ұсыныңыз. Есепті шығарған соң, әр топ мүшесіне шешімдерін тақтада талқылауды сұраңыз. Жауаптарын салыстырыңыз. Сәйкес келмеген жағдайда, жауабы өзгеше топтарға бұл тапсырманы қалай орындағанын түсіндіруді сұраңыз. Топтардың жұмысын смайликпен бағалаңыз.

Жауабы: 8 раушан гүл көшеттері

) "Тиіннің жасын тап" Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар есептің шартын талдайды және шығарады. Жұптық жұмыста есептің шартын сызба арқылы параққа түсіруді ұсыныңыз. Қиындық туындаған жағдайда келесідегідей сұрақтар қойыңыз:

- Қоян қанша жыл жасайды?

- Тиін қоянның жасының қандай бөлігін құрайды?

- Тиіннің жасын қалай анықтауға болады?

- Есеп қанша амалмен орындалады? Неге?

Бір жұптан есептің шешімі туралы айтуды сұраңыз, ал қаландарына өз шешімдерін онымен салыстыруды ұсыныңыз.

Жауабы: тиін 6 жыл өмір сүреді.

) Көңілді баспалдақ.

Мақсаты: үлесі бойынша санды табу.

Тапсырманы сайыс түрінде өткізіңіз. Уақыт белгілеп, белгі соғылған уақытта келген баспалдаққа белгі соғуды ұсыныңыз. Тапсырманы ең төменгі баспалдақтан бастау керектігін хабарлаңыз. Ең жоғарғы баспалдаққа шыққан оқушы жеңімпаз деп танылады.

Жауабы: 32, 3, 60, 40, 12, 54.

(Т.Ж) Есеп құрастыр және шығар. Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырыңыз.

Оқушыларға сызба бойынша есеп құрастыруды тапсырыңыз.топтарға дайын сызба таратып беріңіз. Сызбадағы мәліметтерді өздері топта ақылдаса отырып толықтырып, есепті шығарып, әр топ мүшесіне тақтада шешімдерін жариялауды ұсыныңыз. Есептің шешімдерін оқушылармен талқылаңыз. Топтардың жұмысын смайлик арқылы бағалаңыз.

(Ө.Ж) Есептеп шығар.

Тапсырманы өз беттерінше орындайды. Содан кейін балалар жұпта шешімдерімен алмасуды сұраңыз.

Жауабы: Оқитын 40 бет қалды.

Оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде меңгергенін білу үшін келесі сұрақтарды қойыңыз:

-Үлесі бойынша санды қалай табуға болады?

-Санның үлесін қалай табуға болады?

-70 санының 1/5 бөлігі нешеге тең?

Сабақ рефлексиясы. Менің нысанам.

Тақтаға нысана суреті бар ватманн қағазын іліңіз. Оқушыларға осы сабақтағы өз жұмыстарын, мұғалім жұмысын, сабақтың пайдасын, өмірде қолдану дағдысын 1-ден 5-ке дейінгі нысана шеңберімен бағалауды ұсыныңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу