Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару

Оқу мақсаттары: 6.4.2.1іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару

Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

мүмкін нұсқаларды іріктеу тәсілімен комбинаторикалық есептерді дұрыс шеше алады.

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

  • Белгілі бір есептер шығарғанда шешуі: «нешеу», «неше тәсілмен» деген сұрақтарға жауап беруді қажет ететін есептер комбинаторикалық есептер делінеді. Мұндай есептерді шешумен айналысатын математика саласы комбинаторика деп аталады.

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушыларды топқа бөлу үшін «Тобыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады. Оқушыларға әр түрлі сандар таратылады. Сандарының қосындысы 6-ға, 15-ке 24-ке тең оқушылар бірге топтасады. Мысалы: 1, 2, 3 cанын алған оқушылар, 4, 5, 6 санын алған оқушылар, 7, 8, 9 санын алған оқушылар бірге топтасады.

2. Білімді өзектендіру

Топпен жұмыс:

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;

Ой қозғау.

Қолдарыңыздағы цифрлармен неше үш таңбалы сан құрастыруға болады?

Әр топ өздеріндегі бар цифрлармен үш таңбалы сандар құрастырады.

Бұл кезеңде мұғалім барлық нұсқаларды табуды көздемейді.

Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады.

Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады.

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

3. Жаңа сабақты түсіну

Топтық жұмыс:

Тапсырма 1.

№1.

Сандар тобын екі жиынға бөліңіз.

Өз еркіңіз бойынша кез-келген ережені басшылыққа алуыңызға болады, алайда бастысы өз ойыңызды түсіндіріңіз!

Бұл кезеңде мұғалім барлық нұсқаларды табуды көздемейді.

Жауабы: Мысалы

№2.

1,3,7 цифрлары жазылған карточкалар көмегімен қанша қайталанбайтын үш таңбалы сан құрастырып жазуға болады?

Жауабы: 6

Ұсыныстар деп мүмкін нұсқаларды дәптерге жазып отыру керек.

4. Жаңа сабақты меңгеру.

Жұптық жұмыс.

Оқушыларға комбинаторикалық есептер шешімінің барлық мүмкін нұсқаларын табуға қатысты есептер ұсынылады. Бұл есептерді шығару барысында оқушылар толық іріктеуді орындайды.

Тапсырма 2.

Бұл зерттеушілік сипаттағы тапсырма, ол нұсқа кестесі немесе нұсқалық ағаш нәтижесі қандай болатыны туралы түсінікті қалыптастыруға бағытталған.

Сабақта мұғалім Алтынхан мен Айжанға іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығаруды ұсынды.

Есеп. Мектеп асханасында бірінше тағамға борщ, тұзды сорпа, саңырауқұлақ сорпасын, екінші тағамға – ет қосылған макарон, балық пен картоп, күріш пен тауық, ал үшіншіге - шай мен компот алуға болады. Аталған тағамдардан қанша әр түрлі түскі ас құрастыруға болады?

Олардың шешімдері төмендегідей болды.

Алтынханның шешімі.

Ықтимал нұсқаларды атап шығамыз:

Шай (Ш)Компот (К)

Ет қосылған макарон (М)

Балық пен картоп (Б)

Тауық пен күріш (Тк)

Борщ (Б)

БМШ/ БМК

ББШ/ББК

БТкШ/БТкК

Тұзды сорпа (Т)

ТМШ/ ТМК

ТБШ/ ТБК

ТТкШ/ТТкК

Саңырауқұлақ сорпасы (Сс)

СсМШ/СсМК

СсБШ / СсБК

СсТкШ/СсТкК

Айжанның шешімі. Мүмкіндіктер ағашы

.

Шешімдер дұрыс па?

Сіз неге олай ойлайсыз?

Ал сіз қалай табар едіңіз?

Бірнеше жұптардың жауаптарын тыңдауға болады. Есептердегі кейбір дәлсіздіктер мен қателіктер талқыланады.

Сергіту сәті.

Қолдарын кеудесіне қойып - Менің,

Қолдарын жайып - Отаным,

Шапалақтап - Қазақстан!

Жоғары- төмен қарайық,

Оңға, солға түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Біз дем алып алайық.

5. Жаңа сабақты бекіту.

Жұптық жұмыс.

Іріктеу нұсқаларының санын арттырып есептер ұсынылады.

Тапсырма 3.

№1. Саятта 3 мультфильмнің бейнетаспасы және 2 Алдар көсе туралы фильмнің бейнетаспасы бар. Ол бір бейнетаспаны қанша тәсілмен таңдай алады?

Жауабы: 5

№2. Әнелдің қуыршағында 2 түрлі көйлек және 3 түрлі (торлы, қауырсынды, жылтыры бар) қалпақ бар. Әнел қуыршағына қанша тәсілмен сәнді киім құрастыруға болады?

Жауабы: 6

№3. 0,1,2,4,5,9 цифрларынан қанша екі таңбалы жұп сандар құрауға болады?

Жауабы: 15

№4.

Тек 1, 4, 0 цифрларынан цифрлары қайталанбайтын неше үштаңбалы сан құрастыруға болады? Жауабы: 4

№5.

5, 8, 4, 0 цифрларынан цифрлары қайталанбайтын неше үштаңбалы сан құрастыруға болады? Олардың ішінен 800-ден кем қанша сан бар?

Жауабы: 18

№6.

2,4,7 цифрларынан тұратын, бірақ ол 2-ден басталатын, бір цифр екі реттен артық қайталанбайтындай қанша үш таңбалы сандар құрастыруға болады?

Жауабы: 8

Дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері есепті түсініп шығаруына жетелейді.

6. Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма:

Құрамында “8” цифры 1 рет кездесетін 5 таңбалы неше сан бар?

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә., Корчевский В.Е., Алгебра 12 жылдық мектепке арналған. 2010 ж.
  • Шыныбеков Ә.Н. Алгебра – Алматы «Атамұра» 2012.
  • Матақаева Ғ. «Ықтималдықтар теориясына арналған есептерді шешу» Алматы «Қазақ университеті» 1991.
  • Зубарева И.И,Мордкович А.Г - Методическое пособие. Математика.5-6кл_2008.
  • Математическая логика. Под редакцией А.А. Столяра. –Минск.: Высшая школа, 1991.
  • Марков А.А. Элементы математической логики.–М., 1984.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу