Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару»

Сабақтың мақсаты:

6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару;

6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  •  арифметикалық орта, сандық деректер қатарының құлашы, медианасы, модасы

ұғымдарын біледі;

  •  арифметикалық ортаны таба алады;

- сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын таба алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтер таратып, көңіл-күйлерін анықтау.

Психологиялық ахуал

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Солай жалғасып оқушылар шеңбер бойына тұрады.

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар дауыстап оқи отырып, үй тапсырмасын дұрыстығын тексереді, егер дұрыс болмаса, онда тақтаға шығып орындайды немесе қалай шығатынын түсіндіреді.

Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»

Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

Топқа арналған ереже:

  • белсенді болу;
  • шыдамдылық таныту;
  • достық қарым-қатынаста болу;
  • бір-бірінің ойын сыйлау;
  • басқа адамды тыңдай білу;
  • барлығын бірге жасау;

ынтымақтастықта жұмыс жасау.

Оқушылармен өткен сабақты пысықтау мақсатында топтармен топтық жұмыстар жіргізу.

Топтық жұмыс

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады. Басқа топ мүшелеріне де ойын осылай жалғасады.

Топтық жұмысты болғаннан соң оқушыларға тағы топтық тапсырмалар беріледі.

Топтық жұмыс

І топ

1. Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай табуға болады ?

2. Жылдамдықтың 45 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.

3. Велосипедші 250 м жолды 2,5 м /с жылдамдықпен жүрген. Осы арақашықтықты велосипедші қанша уақытта жүріп өтеді ?

4. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығын тап.

5. 0, 1, 2 және 4 цифрларымен неше екі таңбалы жұп сандарды жазуға болады? Ж: 9 сан.

ІІ топ

1. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейді ?

2. Жылдамдықтың /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.

3. Автомобильдің 3 сағат ішінде /сағ жылдамдықпен жүрген жолын тап.

4. Автомобиль жолдың бірінші жартысын /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығын тап.

5. Туристер Қазақстанның Түркістан, Алматы және Семей қалаларына саяхат жасаулары керек. Туристер осы қалаларға неше нұсқада саяхат жасай алады? Ж: 6 нұсқа.

ІІІ топ

1. Егер жол мен уақыт белгілі болса, онда жылдамдықты қалай өрнектейміз ?

2. Жылдамдықтың /с - пен берілген мәнін км /сағ - пен өрнекте.

3. Велосипедші 20 минут ішінде 8 км жол жүрді. Велосипедшнің жылдамдығын табу керек.

4. Автомобиль жолдың бірінші жартысын /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын /сағ жылдамдықпен қозғалды. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығын тап.

5. 4 бөлменің 4 кілті бар. Қай кілт қай бөлменікі екені белгісіз. Осы 4 бөлмені ашу үшін ең қиын жағдайда кілттерді неше рет тексеру керек?

Топтық жұмысты болғаннан соң оқушылармен сергіту жұмыстары жүргізіледі.

Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық,2, 3, 4 – алақанды соғайық,Оң жаққа бұрылып,Сол жаққа бұрылып,Бір отырып, бір тұрып,Біз жүгіріп алайық.5 дегенде асықпай,Орнымызды табайық.

Сергіту сәтін болғаннан соң оқушыларға шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін тағы да топтық жұмыс беріп, өз білімдерін шыңдайды.

«Есепті жалғастыр ...»

Әр топ өмірмен байланысты қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға және іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді құрастырып, өздері орындарында шығарады және сол есептерін келесі басқа топқа беріп, нәтижесін өздері тексереді. Уақыт аяқталғаннан соң топ мүшелері өз жұмыстары бойынша қорытынды жасайды және бірін-бірі бағалайды.

Топтық жұмысты орындап болғаннан соң, қатар отырған топтар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалайды. Бүгінгі сабақ бойынша түсінбеген сұрақтары болса сұрайды.

Үйге тапсырма беріліп, оның шығару жолдарына түсінік жұмыстары жүргізіледі.

Үйге тапсырма: №673.

Содан соң оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады, қорытындылайды.

Рефлексия:

1. Сабақтың мақсаты қандай болды?

2. Мен мақсатқа жеттім бе?

3. Мен не білдім?

4. Мен нені үйрендім?

5. Мен нені түсінбедім?

6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек?

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу