Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару

Оқу мақсаттары: 6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару

Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

нұсқалар ағашын тұрғызуға арналған комбинаторикалық есептерді шешеді;

іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді дұрыс шеше алады.

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

  • Белгілі бір есептер шығарғанда шешуі: «нешеу», «неше тәсілмен» деген сұрақтарға жауап беруді қажет ететін есептер комбинаторикалық есептер делінеді. Мұндай есептерді шешумен айналысатын математика саласы комбинаторика деп аталады.

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушыларды топқа бөлу үшін «Тобыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.. Сандарының қосындысы 10-ға, 15-ке, 5-ке тең оқушылар бірге топтасады. Мысалы:

1 топ –25-13+3-10=5

29-18+6-12=5

20-14+4-5=5

2 топ – 28-15-7+4=10

21+5-16=10

14+9-18+5=10

13+9-16+4=10

3 топ – 12+15-3-9=15

29-16+9-7=15

5+9+13-12=15

13-10+12=15

2. Білімді өзектендіру

Топпен жұмыс:

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;

Ой қозғау.

1) 2 таңбалы неше сан бар? Жауабы: 90

2) бірдей цифрлардан құралған 2 таңбалы неше сан бар? Жауабы: 9

3) цифрлары әртүрлі болатын 2 таңбалы неше сан бар? Жауабы: 81

Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады.

Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады.

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

3. Жаңа сабақты түсіну

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 1.

Бұл ізденісті талап ететін сипаттағы тапсырма. Сұхбаттасу барысында қандай заттар берілген шартты қанағаттантандырулары мүмкін екенін және заттарды қалай теріп шығуға болатынын айқындау маңызды, мысалы бірінші сары және қоңыр қонжықты жазып, осы жиыннан шартты қанағаттантандыратын заттарды таңдауды ұсыну.

№1.

Дүкеннің сөресінде екі қонжық жатыр – сары және қоңыр, екі машина – қара және ақ және үш доп – қызыл, жасыл және көгілдір. Бекжанға 3 ойыншық сатып алу керек: бір қонжық, бір машина және бір доп. «Ағаштың» көмегімен Бекжан оны қанша тәсілмен сатып алатынын анықтаңыз.

Жауабы: 12

№2.

Берікте әртүрлі түсті екі бейсболка, төрт футболка және екі джинсы бар. Егер ол бейсболка, футболка және джинсы кисе, Берік қанша түрлі киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз.

Жауабы: 16

Дескриптор: Білім алушы

- нұсқалар ағашының деңгейінің санын анықтайды

- нұсқалар ағашын салады

- киім кию нұсқаларының санын табады

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау

4. Жаңа сабақты меңгеру.

Жұптық жұмыс.

Мұғалім де оқушылардың күмәнін туғызу үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады

Тапсырма 2.

№1.

Сыныпта 6 үздік оқушы бар. Осы оқушылардың ішінен неше тәсілмен 4 оқушыны математикадан олимпиадаға жібере алады?

Жауабы: 15

№2.

Би үйірмесіне 7 оқушы қатысады. Олардың 4-еуі қыз, 3-еуі ұл. Вальс биін билеу үшін, оқушылар қанша тәсілмен жұптаса алады?

Жауабы: 12немесе

Есептердегі кейбір дәлсіздіктер мен қателіктер талқыланады.

Сергіту сәті.

«Дем алу» жаттығуынан бастаймыз. Ендеше көзімізді жұмып жаттығуды бастаймыз

  • Дем алу - дем шығару - үзіліс
  • 2 рет дем алу - 2 рет дем шығару - үзіліс
  • 3 рет дем алу - 3 рет дем шығару - үзіліс

5. Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс.

Тапсырма 3.

Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

№1.

3, 4, 5, 6 цифрларынан ондықтар саны бірліктер санынан артық болатындай барлық екітаңбалы сандарды жазыңыз.

Жауабы: 6

№2.

4 фигура бар: үлкен және кіші үшбұрыштар, үлкен және кіші дөңгелектер. Бірінші орынға үлкен үшбұрышты және пішіні бірдей фигуралар қатар тұрмайтындай қанша тәсілмен осы фигураларды бір қатарға орналастыруға болады?

Жауабы: 2

№3.

3, 4, 5, 6 цифрларынан барлық жұп екітаңбалы сандарды құрастырыңыз.

Жауабы: 8

Дескриптор: Білім алушы

- бірінші жартысында жүрген жолды табады;

- екінші жартысында жүрген жолдың жылдамдығын табады;

- барлық жолдың ұзындығы мен уақытын есептейді;

- орташа жылдамдықты табады;

- жылдамдықтардың өзгеріс ауқымын есептейді.

Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері есепті түсініп шығаруына жетелейді.

6. Сабақты қорытындылау.

Жаздың ыстық күнінде данышпан қария келе жатса ауыр құрылыс тастарын тасып алып келе жатқан үш адамды кездестіреді. Данышпан олардың әрқайсысына «бүгін немен айналыстың» деп сұрақ қояды? 1-шісі былай деп жауап береді: «Күні бойы тастарды тасумен болдым» депті, 2-шісі: «Мен тек өз міндетімді адал атқардым» деп күрсініпті, ал 3-шісі: «Мен мешіттің тастарының қалануына ат салыстым» деп күлімсіреп өзінің атқарған жұмысына баға берген екен .

Балалар, сіздерде өздеріңіздің бүгінгі жұмыстарыңызға баға беріңіздер.

1-ші адам сияқты жұмыс атқарғандарымыз стикерлерімізді қызыл түске апарамыз;

- жұмыстарын адал атқарғандар– сарыға;

- тастардың қалануына ат салысқандар– жасыл түске стикерлерімізді жапсырамыз.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә., Корчевский В.Е., Алгебра 12 жылдық мектепке арналған. 2010 ж.
  • Шыныбеков Ә.Н. Алгебра – Алматы «Атамұра» 2012.
  • Матақаева Ғ. «Ықтималдықтар теориясына арналған есептерді шешу» Алматы «Қазақ университеті» 1991.
  • Зубарева И.И,Мордкович А.Г - Методическое пособие. Математика.5-6кл_2008.
  • Математическая логика. Под редакцией А.А. Столяра. –Минск.: Высшая школа, 1991.
  • Марков А.А. Элементы математической логики.–М., 1984.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу