Өрнектерді салыстыру. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

бөлім:

«Өрнектермен танысу»

Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Көкшетау қаласы

Күні: 04.03.2016

Мұғалімнің аты-жөні: Кудайбергенова С.Р

Сынып: 1 «В»

Қатысқандар:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Өрнектерді салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

ТТ1.2 Санды және әріпті

(a+7 және 8 +a)

өрнектерді салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Өрнектерді салыстыра алады

Жетістік критерилері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді әріпті және санды өрнектерді салыстырады және салыстыру тәсілін түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар жасай алады: Сандар мен шамаларды салыстырады және олардың теңдік немесе теңсіздік болатынын түсіндіре білу

• сонша|бірдей,мәні сондай, тең, теңдік; теңсіздік

• мәні басқа, бірдей емес,әр түрлі,), тең емес ,теңсіздіктерді қамтиды

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет, еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық байланысы

ИКТ,

Алдыңғы меңгерілген білім

білдіреді,көрсетеді

• санды өрнек, әріпті өрнек

• ауыстырымдылық қасиет, орнын алмастыру

• оған қарағанда артық/кем; тең, тең емес, теңдік, теңсіздік дегендерді қамтиды.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да,

Бүгінгі жарқырап тұрған күн

Көңілденіп қарап тұр.

Математикалық диктант

- а-ға 6-ны қос; 20-дан а-ны азайт; 2-ге, 4-пен а-ның қосындысын қос

- Қандай өрнектер жаздық? Бұлардың мәнін таба аламыз ба?

- Әріпті өрнектердің мәнін табу үшін не істейміз?

Үлкен сандармен берілген теңдеудегі әр санның орнын анықтайды.

5+а=17

-Бүтін мен бөлікті ажыратыңдар

-Осы теңдеудегі бүтін мен бөлікті атап көрсетіңдер

-Ережесін оқушылар өздері айтып береді

-Тақтада нелерді көріп тұрсыңдар?

-Енді мына өрнектерді қалай бөлуге болады?

(дұрыс, айырмаларды бір бөлек, қосындыларды бір бөлек бөлуге болады екен.)

Талдау: -Ұқсастығы қандай? (екеуі де өрнек, екеуінде де сан бар, таңбалары бірдей) -Айырмашылығы қандай? (біреуінде сан бар, екіншісінде әріп жок) -Қорытынды: Өрнекте әріп болса-ол әріпті өрнек, ал әріп болмаса онда ол санды өрнек.

Сөзді есепті шығар

Азаматтың бірнеше қарындашы болды.Ол інісіне 7 қарындаш бергенннен кейін азаматта 8 қырандаш болды.

Есепке сұрақ қойып шығар.

Тез орында!

Қызыл матаның ұзындығы 15 см, ал жасыл матаның ұзындығы 23 см.

Есепке сұрақ қойып шығар,

Жауаптары: 4+7=11,9+7=15,13-5=8,13,4,4см.

Жұпта тексеріп, баға қояды.

Оқушыларға жұпта салыстыруға өрнектер беріледі. Оны орындаған соң оқушылар басқа жұптарға барып тексертеді.

Сөзді есеп шығару.

1) Құс ұя жасау үшін 9 шыбық пен 6 қауырсын әкелді. Шыбықтар қауырсындардан қанша артық?

2) Ернар 5 ұя, ал Қанат одан 3-еуі кем ұя жасады. Қанат неше ұя жасады?

Өзіндік жұмыс. Оқушылар дәптерлеріне жазып шығарады.

слайд

Сабақтың соңы

Ш.Бағалау. (Ж,Қ) Бағалау: өзін-өзі бағалау. Маған бүгін сабақта қиын болды, өйткені...Маған сабақта .... көмектесті.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу