Өрнектерді салыстыру. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Бөлшектер және пайыз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Өрнектерді салыстыру

Оқу мақсаты:

4.2.1.5бөлімдері немесе алымдары бірдей жай бөлшектерді салыстыру, сан сәулесінде салыстыру

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

салыстыру

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлшектің негізгі қасиетін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Кіріспе тапсырма. Сабақты Үш қоржын жаттығуынан бастау. Оқушылар таратып берілген қиықшаларды сәйкес қоржынға салулары керек. Соңында, қоржындарға салынған қиықшаларды бір-бірден алып, сыныппен бірге сандардың дұрыс салынғандығына көз жеткізу.

Қоржын суреттері

Сабақтың ортасы

(Ж) Шығарып көр. а) Тапсырма мақсаты — бөлшек, аралас сандарды салыстыру арқылы заттың ең үлкен, ең кіші бөліктерін анықтау. Оқушы бұл тапсырма арқылы танымын кеңейтеді, бөлшектерді салыстыруға жаттығады. Тапсырманы орындауды жұпта жасау. Ал, жұптар өзара талқылау арқылы дұрыс жауапты анықтау.

.ә) Тапсырма мақсаты — бұрыс бөлшектерді аралас сан арқылы жазуға үйрету, оларды салыстыру арқылы өсу ретімен орналастыруға үйрету, киіз үйлер туралы ақпарат арқылы тарихты білуіне ықпал ету. Оқушылар бұл тапсырманы жеке орындаса, дұрыс болады. Өйткені, бөлшектерді салыстыруды алдыңғы сабақта да қарастырған. Дәптерлеріне орындаған жұмыс жазбасын мұқият қарап, бөлшектермен жұмыс жасау деңгейін анықтау. Ол ақпаратты өзіңізге жазып алу. Оқушыларға дайындаған киіз үйлер туралы ақпаратпен таныстыру. Киіз үй шаңырағының ұзындығы оның қанат немесе кереге санымен анықталатынын, киіз үйдің шеңбері ұзындығы одан үш есе үлкен болатынын, бірақ есік орнатуға екі метр артығымен алынатынын айтып өту.

б) Тапсырма бөлшектерді салыстыруды қолдануға арналған. Оны топпен орындауға болады. Оқушыларды шағын топтарға біріктіру. Өз ішінде топ мүшелерін сайласын. Орындау уақытын хабарлау. Орындап болған соң, топтар ауысып, ақпарат алмасады. Жауаптарды салыстыру арқылы дұрыс шешімге келеді. Топ жұмысын бағалау критерийін беру. Оқушылар өзара бағалауды орындайды.

в) Оқушылар бұл тапсырманы орындауда бөлшектерді салыстырады, есеп шартына сәйкес жауап жазады. Орындап болған соң, өзара бағалау жүргізеді. Мәсі әперу керек

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақтың рефлексиясы.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолдану. Оқушылар сабақта ұнаған екі әрекетті және өзі көңілі толмаған бір әрекетті атайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу