Санды өрнектерді салыстыру. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

104 сабақ. Тақырыбы: Санды өрнектерді салыстыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.1.5 үш амалдан артық әріпті, санды өрнектерді салыстыру

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Санды өрнектерді атай алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Санды өрнектерді салыстырады.

Оқушылардың кейбірі:

Әр өрнектің мәнін табады және салыстырады.

Бағалау критерийлері

Санды өрнек құрады, мәнін табады, салыстырады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: өрнек, салыстыру, амалдар реті

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

  • 98+2 қандай өрнек?
  • Санды өрнекті қалай салыстыруға болады?
  • Санды өрнек пен әріпті өрнектің қандай айырмашылығын білесің?

Құндылықтар

Бір-бірінің пікірімен санасуға, ұжымда жұмыс істеуге дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Бекіту

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

Кіріспе тапсырма.

Жасырынған сөзді тап

.Ж) Оқушылар жасырынған сөзді табу үшін алдыңғы меңгерген білімдері мен амалдарды қайталауға берілген мысалдарды шығарады. Жасырынған сөзді табу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау.

Тапсырма: Жасырынған сөзді тап.

96:16+27 =33 у 52:4·5=65 л

53+84:2=95 і 17-72:24= 14 т

58:2+40=69 к (36+52):8=11 е

100:(59-39)= 5 р (39+33):24·9=27 ө

76·(56-55)= 76 ы 27:3+59= 68 д

(25+7):4·7=56 н (71-65)·3·10=180 а

230-84:6+154=370 с

370

180

56

68

76

27

5

56

11

69

14

11

5

68

95

370

180

65

76

370

14

76

5

33

-Санды өрнек дегеніміз не?

-Арифметикалық амалдармен байланысқан сандарды санды өрнектер деп атаймыз.

-Санды өрнектерді қалай салыстырамыз?

- Әр өрнектің мәнін табу және салыстыру.

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Жақсы», «Өте жақсы» т.с.с

Слайд №2

Слайд №3

Слайд№4

Слайд №5

Сабақтың ортасы

Сәйкестендір

.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.Оқушылар жауаптары бірдей өрнектерді сәйкестендіреді. Жұптар арасында дәптерлерін ауыстырады және өзара тексереді.

Тапсырма:

64:8+(3·20) 30:6+4·4

(19-24:6) +72: 12 (72:9+36)-34

42-56:7·4 (7+56)+45:9

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Сыңарын тап

.Ж) Әрбір топқа өрнек жазылған қолғаптар таратып беріңіз. Топта қолғаптың сыңарын тауып, өрнектерді салыстырады. Әр топтан жұмысты тексеру үшін бір сарапшы таңдап алу. Тапсырманы орындап болған соң , сарапшы басқа топтың жұмысын тексереді.

Тапсырма:

55:1+497·0=1 19:19-0·86=1

36+4-7·5=75 50-(21+9):5=44

48-40:8+6=51 24: (12:3)+4·7=34

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау.

Ойлан- жұптас- бөліс

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Тапсырманы алдымен жеке орындайды. Сосын жұпқа бірігіп, дұрыс жауабын таңдайды. Жұптар өздерінің жаңа шешімімен сыныппен бөліседі. Теңдік тура болатындай мысалдардағы түсіп қалған арифметикалық амалдарды жазу.

Тапсырма: Тиісті арифметикалық амал таңбасын жаз.

24 □ 3=96 :12 76 □ 19= 19·3

85□ 17= 17·4 100: 20=75 □ 15

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Өрнек құрастыр және салыстыр

.Ж) Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Дайын жауап арқылы өзін –өзі тексеріп, бағалайды.

Тапсырма: Өрнек құрастыр және оларды нәтижелерін салыстыр.

а) 69 бен 23 –тің бөліндісін 19-ға көбейт;

ә) 53 –ке 84 пен 2 –нің бөліндісін қосып, 24-тен азайт.

«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізу

Мәре

) Әр топқа жануарлар суретін таратып беру. Әр жануарда жазылған өрнектердің мәнін табу. Нәтижесінде қай жануардың мәреге бірінші болып жеткенін табады. Оқушылар есептеп болған соң жауабында ең аз шыққан жануарды жоғары көтерулерін сұрау. Егер дұрыс есептесе, барлық топтар да бір жануарды көтереді.

Тапсырма:

66+84:14:3= таутеке

7·7-4·5+4·(44-37)= құлан

9·(11-9):3+8·4= зебра

27:9·8:6+5·5= елік

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

Кім жылдам?

.Ж) Бұл тапсырманы жарыс түрінде ұйымдастыру. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, тақтаға орындайды. Кім жылдам әрі қатесіз орындаса, сол топ жеңіске жетеді.

Тапсырма. Салыстыр

  • 6·5-16:2·3+49 * 48:6·4+6·9-26
  • 32:8·4+48:6:2·5* 4·3+24:3+18:2·9

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу

Слайд №7

Слайд№8

Слайд№9,10

Слайд№11,12

Слайд№13,14

Слайд №15

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Желкенді қайық» әдісі арқылы жүргізу

-Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя;

-Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя;

-Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.

Слайд №16



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу