Өрнектерді салыстыру. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3А бөлім: «Өрнектермен танысу» | Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. Көкшетау қаласы | |||||
Күні: 3 тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 1 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Өрнектерді салыстыру | |||||
Оқу мақсаттары | ТТ1.2 Санды және әріпті (a+7 және 8 +a) өрнектерді салыстыру | |||||
Сабақ мақсаттары | Әріпті өрнек туралы біледі, ажырата алады. Теңдеу туралы біледі, шешу жолдарын түсіндіре алады. | |||||
Бағалау критерилері | Әріпті және санды өрнектерді салыстырады және салыстыру тәсілін түсіндіре алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Санды және әріпті өрнектерді салыстырады және олардың теңдік немесе теңсіздік болатынын түсіндіре білу • сонша|бірдей,мәні сондай, тең, теңдік; теңсіздік • мәні басқа, бірдей емес,әр түрлі,), тең емес ,теңсіздіктерді қамтиды | |||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, еңбек және шығармашылық | |||||
Пәнаралық байланысы | ИКТ, | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | білдіреді,көрсетеді • санды өрнек, әріпті өрнек • ауыстырымдылық қасиет, орнын алмастыру • оған қарағанда артық/кем; тең, тең емес, теңдік, теңсіздік дегендерді қамтиды. | |||||
Сабақбарысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Өлең жолдарын бірге қайталайық: Мынау менің жүрегім Бәрі осыдан басталады. Мынау басым ақылды, Бәрі оны басқарған. Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым, Барлық істі атқарған. | слайд | ||||
Сабақтың ортасы | (Ұ) Оқушыларға санды және әріпті өрнектер жазылған карточкалар таратылып, топқа бөліну ұсынылады. Оқушылар санды өрнектер бөлек, әріпті өрнектер бөлек тұруы тиіс. -Балалар, өрнектердің қандай ұқсастығы бар? -Қандай айырмашылығы бар? -Қай өрнектердің мәнін тез табуға болады? -Қай өрнектерді салыстыруға оңай? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (Ұ)Өрнектерді салыстыру және түсіндіру 3+4 және 4+2 бұл санды өрнектер, 3+4 > 4+2 . 3+а және а+2 әріпті өрнектердің мәні белгісіз болса белгілі қосылғышқа қарап салыстырамыз 3 > 2 демек, 3+а > а+2 . 7-3 < 7-2 және Ь-2 > Ь-3 себебі азайтқыш артса, айырманың мәні кемиді (Т)«Ойлан тап» ойыны. Сандар мен өрнектерді салыстыру: Оқушыларға әріпті өрнектерді сандар арқылы салыстыруға болатынын көрсету үшін, түрлі карточкалармен бірнеше рет тапсырманы қайталап орындату. а * а + 3 с + 3 * 3 + с а=6 В=7 C=5 в * в – 3 5 – с * 10 - с (Ж )Теңдік пен теңсіздіктерді құрастыру үшін, жұпта немесе шағын топтарға осындай тапсырмалар беріп, сәйкес жұмысты ұйымдастыру. (Ө) Карточкамен жұмыс 1-Тапсырма. Санды және әріпті өрнектерді салыстыр 7+в * 8+в23+х * 25+х Х+56 * 65+хх+32 * 23+х Х+12 * 12+хх+11 * 12+х 2-тапсырма. Санды және әріпті өрнектерді салыстыр. d-ның мәні 8-ге тең 25+8 * 24+d 23+5*d+15 16+d * d+13 d -3* 15-8 (Ө) Дәптермен жұмыс. 38-39-беттегі тапсырмаларды орындау | Санды және әріпті өрнектер жазылған карточкалар Карточкалар ҚБ тапсырмалары Жұмыс дәптерлері | ||||
Сабақтың соңы | (Ұ) Бекіту:Ойын: « Сақина салу» Жүргізуші оқушы шығып басқа оқушыға сақина салады. Қалғандары оны тауып алу керек. Оқушылар сақинасы бар оқушыны тауып алса әріпті өрнек айтады, ал жүргізуші әріптің орнына сан қойып, әріпті өрнектің мәнін табады. Рефлексия:Сөйлемдерді жалғастыр -Маған бүгін сабақта қиын болды, өйткені... -Маған сабақта .... көмектесті. -Мен үшін .... қызықты болды. -Мен ..... түсіндім. | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар өздері теңдеу құрады | Бағалау – оқушылардың материалды меңгерудеңгейін тексеру жоспарыңыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?