Әдептілік – әдемілік белгісі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 2

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Үсен Айгүл Мырзакелдіқызы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 10

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Әдептілік – әдемілік белгісі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Қазақ тілінің төл дыбыстарын қолданып, салыстыру жұмыстарын жүргізе алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды үндестік заңына сай қолдана отырып, Қожаның іс-әрекетіне баға береді.

 Күтілетін нәтиже

Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айтады.

 Бағалау критерийі

Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды үндестік заңына сай дыбыстап айтады;

Ауызша мәтіндер құрай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Оқушылар үндестік заңын ескере отырып, қазақ тілінің төл дыбыстарын айта алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Сотқар, қызба, тәртіпсіз, ұрыншақ, түбі адам болатын бала, т.б.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

 Сабақта қамтылатын

құндылықтар

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдалану үшін интербелсенді тақтаны қолданады.

Пәнаралық байланыс

әдебиет

Алдыңғы оқу

Алдыңғы сабақта оқушылар тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, нақты ақпаратты анықтаған болатын

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

10 минут

Қызығушылықты ояту

Суреттерді сәйкестендіру арқылы жұптарға бөлу

«Кім жылдам?» Қай әріп?

1.Өлеңде бар,әнде жоқ.

Бөлмеде бар, үйде жоқ. (Ө)

2.Ініде бар, ұлда жоқ.

Інде бар,ұяда жоқ. (І)

3.Құста бар,малда жоқ.

Ұяда бар,ағашта жоқ. (Ұ)

4.Әжеде бер, атада жоқ.

Әкеде бар, ағада жоқ. (Ә)

5.Үйректе бар,қазда жоқ.

Күнде бар айда жоқ. (Ү)6.Қалада бар, аулада жоқ.

Қаламда бар, дәптерде жоқ. (Қ)

7.Ғарышта бар, аспанда жоқ.

Ағада бар,ініде жоқ. (Ғ)

8.Аңда бар,қасқырда жоқ.

Оңда бар солда жоқ. (Ң)

9.Жиһазда бар,үстелде жоқ.

Гауһарда бар,алтында жоқ. (Һ)Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру;

Суреттер

Жұмбақтар

http://sabaqtar.kz/kazaksh/4152-azhayyp-rpter.html

Сабақтың ортасы

5 минут

7 минут

10 минут

Мағынаны тану

1.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойыңыздар

 

 

 

2.Венн диаграммасы

Қожа оқыған мектеп пен өзіңіздің мектебіңізді салыстырыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыз.

Бағалау. «Қол сигналдары» әдісі

  • Мен ... түсініп жатырмын және түсіндіре аламын (бас бармақ жоғарыға қарай көтерілген);
  • Мен кейбір тұстарды түсінбедім (бас бармақ жанына қарай көрсетіп тұр);
  • Мен түсінген жоқпын (бас бармақ төменге қарай көрсетіп тұр).

3.Жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру

«Сана саяжолы» әдісі (Conscience Alley)

Бұл әдістің мақсаты хикаяда проблема шешумен немесе дилеммамен бетпе-бет келгендегі кейіпкердің санасын зерттеу болып табылатынын түсіндіру.

Қожаның мектепке оқу құралдарын, оқулық сатып алуда кезекші мұғалім Сәбира Майқановаға өтірік айтуы дұрыс па? Сендер не істер едіңдер?

1-қатар Қожаның іс-әрекетін жақтайды.

2-қатар Қожаның іс-әрекетін жақтамайды.

Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

Флипчарт

маркер

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы

«Бүгін мен...................... білдім»

2.«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды.»

3.« ......................... екенін түсіндім»

4.«Мен..................................... білім алдым.»

5. «.................. мені таң қалдырды.»

стикер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу