Жаз. Жаздың сиқырлы күндері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

4-сынып

5-бөлім. Табиғат құбылыстары

6-сабақ. Жаз. Жаздың сиқырлы күндері

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым дағдысы дамытылып, оқылым материалы бойынша ой қозғап, сұрақ қою, сұрақтарға жауап беру арқылы диалог жүргізу, сөйлеу барысында жалғау түрлерін дұрыс қолдана білуге үйрету көзделеді. Жаңа сөздерді орынды қолдану дағдылары бағаланады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады.

 Грамматикалық минимум ретінде көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану қарастырылады.

Барлығы: жаз тақырыбына сұбхаттасу барысында нақтылап сұрау/қайталап сұрау/шағын мәліметті (3-4 сөйлем) баяндайды, кері байланыс береді, сөйлеу стилін сақтайды, дауыс ырғағын келтіріп сөйлейді, көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді дұрыс қолданады.

Көпшілігі: жаз мезгіліндегі табиғи құбылыстарды сипаттайды.

Кейбірі: жаз мезгілінің ерекшеліктерін айтады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

 Сабақ барысында «Суреттер сөйлейді» стратегиясын қолдана отырып, сөздік минимумы меңгеріледі.

Айтылым тапсырмасын орындау барысында оқушылар ұсынылған жағдаяттарды тиімді қолданып, айтылған ойды жалғастырады, сұрақ қою арқылы диалог құрады. Жауап бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

Мұғалім сыныпты аралап, оқушылардың жұмыстарын қадағалайды.

 Үйге «Жыл мезгілдері» тақырыбында өлең жаттау тапсырылады.

Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу