Жаз. Жаздың сиқырлы күндері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ: ҚАЗАҚ ТІЛІ (L2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлімі. Табиғат құбылыстары | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 45 минут | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жаз. Жаздың сиқырлы күндері | |||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог). 4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында нақтылап сұрау/қайталап сұрау/шағын мәліметті (3-4 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу. 5.1 Тілдік грамматикалық дағдылар. 4.5.1.2 көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану. | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: жаз тақырыбына сұбхаттасу барысында нақтылап сұрау/қайталап сұрау/шағын мәліметті (3-4 сөйлем) баяндайды, кері байланыс береді, сөйлеу стилін сақтайды, дауыс ырғағын келтіріп сөйлейді, көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді дұрыс қолданады. Көпшілігі: жаз мезгіліндегі табиғи құбылыстарды сипаттайды. Кейбірі: жаз мезгілінің ерекшеліктерін айтады. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: кездейсоқтық жайылым жайбарақат құмар жалаңаяқ көздің жауын алады Сұрақ құрастыруда: Неге? Қандай? Қалай ойлайсың? Сіздің пікіріңізше .... | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауын және ӘА жүзеге асыру | Әрбір азамат қоршаған ортаға жауапты. Әсемдікке баулу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өнер | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор ресурстарын пайдалану | |||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Жыл мезгілдері | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | ||||||||||
Сабақтың басы 3 минут |
Сабақтың мақсаты:
|
| ||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут
20 минут 10 минут | Айтылымға дайындық тапсырмасы Сөздікпен жұмыс кездейсоқтық – күтпеген жайт жайылым – өріс жайбарақат – бейжай, қамсыз құмар – әуес жалаңаяқ – аяқ киімсіз көздің жауын алады – көзге түседі Сөздерді меңгерту Сурет бойынша сөйлем құрастыру, сұрақ қою арқылы айтылым тапсырмасына дайындық жұмысы ұйымдастырылады. Сергіту сәті. «Шаттық шеңбер» Жазғы ойын түрлерін қимыл арқылы көрсетіп, оларды табу. Айтылым Оқушыларға бірнеше жағдаяттар ұсынылады. Оқушылар мәтіндегі ойды жалғастырып, сұрақтар құрастырады. Жұбымен сұхбаттасады. (жұптар кездейсоқ таңдау арқылы белгіленеді) 1-жағдаят Табиғатта ешқандай кездейсоқтық деген нәрсе жоқ. Ештеңе өздігінен бола алмайды. Жаз – жылдың ыстық маусымы. Жаз ыстық болмаса не болар еді? 2-жағдаят Жаздың жайдары күндерінде жайылымдар мен жасыл орманды мекендеге жан-жануарлар жайбарақат күн кешеді. Ьұндай жайлы жағдайды оларға кім жасап береді? 3-жағдаят Күн көзіне күйіп, ыстық топырақты жалаңаяқ басқанға ештеңе жетпейді ғой. Жаздың болғаны қандай жақсы! Әйтпесе, құмарымызды қалай басар едік? 4-жағдаят Гүл – хош иісті әдемі өсімдік. Жазда бау-бақшада және үйдің ішінде гүл өсіреміз. Гүлдердің түсі қызыл, күлгін, ақ, көк сияқты әртүрлі болады, әрқайсысы өзіне тән әсемдігімен таңқалдырады. Солай емес пе? 5-жағдаят Жаз жадырап жетісімен алуан түсті көбелектер көздің жауын алады емес пе! Әсемдігі бірінен-бірі асқан, әрқайсысы – нағыз өнер туындысы. Көбелекке көз салып, оның әдемі келбетін бақылап көрші. Қандай сезімде болар екенсің? Бағалау критерийлері:
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. «Жаз» сөзіне синквейн құрастыру Ықтимал жауап Жаз Жайдары, ыстық Жайқалады, құлпырады, жарқырайды Жаз – жылдың жайдары мезгілі. Мезгіл Кері байланыс. Оқушылар жазған өлең нұсқаларын оқиды. | |||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Мен үшін ең қызықты ..... Мен үшін ең мағызды ..... Үйге тапсырма: өз таңдауы бойынша жыл мезгілдері туралы өлең жаттау. | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру