Жаз. Жаздың сиқырлы күндері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.
6-cабақ.
Дидактикалық материал
Жаз. Жаздың сиқырлы күндері
Сөздік:
кездейсоқтық
жайылым
жайбарақат
құмар
жалаңаяқ
көздің жауын алады
1-жағдаят Табиғатта ешқандай кездейсоқтық деген нәрсе жоқ. Ештеңе өздігінен бола алмайды. Жаз – жылдың ыстық маусымы. Жаз ыстық болмаса не болар еді? |
2-жағдаят Жаздың жайдары күндерінде жайылымдар мен жасыл орманды мекендеге жан-жануарлар жайбарақат күн кешеді. Ьұндай жайлы жағдайды оларға кім жасап береді? |
3-жағдаят Күн көзіне күйіп, ыстық топырақты жалаңаяқ басқанға ештеңе жетпейді ғой. Жаздың болғаны қандай жақсы! Әйтпесе, құмарымызды қалай басар едік? |
4-жағдаят Гүл – хош иісті әдемі өсімдік. Жазда бау-бақшада және үйдің ішінде гүл өсіреміз. Гүлдердің түсі қызыл, күлгін, ақ, көк сияқты әртүрлі болады, әрқайсысы өзіне тән әсемдігімен таңқалдырады. Солай емес пе? |
5-жағдаят Жаз жадырап жетісімен алуан түсті көбелектер көздің жауын алады емес пе! Әсемдігі бірінен-бірі асқан, әрқайсысы – нағыз өнер туындысы. Көбелекке көз салып, оның әдемі келбетін бақылап көрші. Қандай сезімде болар екенсің? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру