Демалыс күндері туралы оқу (4-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Саяхат

Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Демалыс күндері туралы оқу (4-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.1.2 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі көптік / тәуелдік / септік / жіктік жалғаулы сөздерді ауызша / жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

Сөйлеу және жазу барысында септік жалғауларын орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Демалыс, демалу, бос уақыт, саяхат, жағажай, қажетті заттар, жинау, алу, теңіз жағасы, күнге күю, шомылу, құм

Құндылықтарды дарыту

Құрмет

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Демалыс туралы сөйлемдер айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Диктор уақыты». Оқушылар берілген шаблонға сүйеніп, күнмен, ауа райымен таныстырады.

  • бүгін нешесі?
  • бүгін қай күн? (дүйсенбі, т.б.)
  • ауа райы қандай?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

8 мин

3 мин

7 мин

7 мин

10 мин

(Ж) «Ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер» Оқушылар «атомдар, молекулалар» ойыны арқылы 2 топқа бөлінеді. Белгіленген уақыт ішінде ішкі шеңбердегілер мәтінді мазмұндайды. Уақыт аяқталған соң бір адамға жылжып, тағы мазмұндайды. Содан соң топтар рөлдерімен ауысады.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту

Дескриптор:

  • мәтінді дұрыс мазмұндайды;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • сөздерді дұрыс айтады.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Қызыл түс – қиын болды

Сары түс – аздап қиындау болды

Жасыл түс – жеңіл болды

(МК) Грамматикалық қоржын. Оқушылар берілген сөйлемдерді оқып, белгіленген қосымшалардың мағынасын ашады. Осылайша барыс пен жатыс септік қосымшаларының айырмашылығын таниды.

(Ж) «Оқы, біл». Оқушылар жұпта тиісті сөздің біреуін таңдап мәтінді оқиды.

Жаз келді. Аружан жазғы (демалысқа, демалыста) шықты. Ол отбасымен (теңіз жағасына, теңіз жағасында) барды. Ол керекті заттар – жүзу киімін, сүлгі, шелек, күрек, доп алды. Аружан інісімен (жағажайға, жағажайда) доп ойнады, күнге күйді, (теңізге, теңізде) шомылды. Содан соң құмнан әдемі үй жасады. Олар (теңіз жағасына, теңіз жағасында) бір апта демалды. Демалыс өте қызықты болды.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың оқылым дағдысын дамыту, бағыт пен мекенді білдіретін септіктерді ажырата білу дағдысын жетілдіру.

Дескриптор:

  • жатыс септік қосымшаларын дұрыс қолданады;
  • барыс септік қосымшаларын дұрыс қолданады.

) «Мен білемін!» Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақ жауабының тиісті септікте тұруы қадағаланады.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың жазылым дағдысын дамыту, септік жалғауын қолдана алу дағдысын жетілдіру

  • Аружан демалыста қайда барды?
  • Аружан інісімен қайда доп ойнады?
  • Аружан қайда шомылды?
  • Аружан қайда бір апта демалды?

Дескриптор:

  • сұраққа дұрыс жауап береді;
  • барыс септікті сөзді дұрыс қолданады;
  • жатыс септікті сөзді дұрыс қолданады.

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия. «Балдық көрсеткіш» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу