Ағаш сумен өседі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, презентация.
7-бөлім: Су – тіршілік көзі
Сабақтың тақырыбы: Ағаш сумен өседі.
Сабақтың мақсаты:
Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінемін;
Сөздік қорды толықтырамын.
«Белгісіз ақпарат» әдісі.
Жаңа сөздер
«Дефиниция» әдісі
айнала
әрине
Төңірек, маңай
Иә, әлбетте деген қолдау мағынасындағы сөз
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құр.
Үлгі:
Үйдің айналасы. Үйдің айналасында гүл өседі.
Әрине, келемін. Бүгін мектепке, әрине, барамын.
(Ұ) Тыңдалымалды тапсырмасы:
Біздің мектебіміз қандай?
Мектеп айналасында не бар? Нені байқадыңыздар?
Мектеп айналасында қандай өсімдіктер өсіп тұр?
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтін не туралы?
Мектеп неше қабатты?
Мектептің айналасы қандай?
Мектеп айналасы кімге ұнайды?
(Ө) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
Мәтінге сәйкес келетін 2 тұжырымды белгіле.
Кері байланыс. Не қиын болды? Неліктен?
(ЖЖ) Айтылым
1-тапсырмасы:
Тірек сөздерді пайдаланып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын жұптасып әңгімелейді.
Тірек сөздер:
Шырша, мектеп айналасы, ағаш отырғызылды, әрине, ұнайды,екі қабатты.
Дескриптор:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтады.
Тірек сөздерді дұрыс қолданады.
Сөйлем құрылымын сақтайды.
2-тапсырма: Суретке қара, мектеп айналасында не бар?
Ата, мынау- ...... ағаш?
Бұл – алмұрттың ......
Ал ..... – қандай ағаш?
Бұл алма ......
Міне, алманы ...
Ата , ағаштар шөлдей ме?
Әрине, балам. Қазір ағаштарды сурамыз. Ағаш сумен өседі.
Суретті сипаттай отыра, диалогқа түс.
Кері байланыс: «1 жұлдыз, 1 тілек» жұптар бірін-бірі бағалайды.
Кел, жаттайық!
Жақсылықты қолдаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Тал егеміз бақтарға,
Айналасын қоршаймыз.
Бақдәулет Төлебаев.
Рефлексия
Үй жұмысы
Бағалау
Сұрақтарым көп. Белсенді бола алмадым
Сұрақтарым жоқ. Белсенді болдым
Маған бәрі түсінікті болды.Өте белсенді болдым.
Б.Төлебаевтың бір шумақ өлеңін жаттап келу. 74 бет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру