Ағаш сумен өседі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су – тіршілік көзі»

Күні:

Сынып: 3

4-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ағаш сумен өседі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3. Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.1.3.1. тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру /кесте толтыру/ мазмұндау

2.1. Сөздік қорды толықтыру

3.2.1.1. берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тыңдаған материал мазмұнын мұғалімнің қолдауымен түсініп, жай сөйлеммен ойын жеткізеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, диалогқа қатысады.

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп,сипаттап сөйлейді.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді;
  • Сөздік қорды толықтырады.

Лексикалық минимум

айнала, әрине

Грамматикалық минимум

Жай және құрмалас сөйлем

Құндылықтарды дарыту

Суды бағалай білуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

7-бөлім: Су –тіршілік көзі. Суды үнемде №3

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Біз білімді баламыз,

Күнде бестік аламыз.

Жалқаулықты тастаймыз.

Жаңа сабақты бастаймыз.

Біз _____ баламыз (сыныптағы бала санын қояды)

Бүгін неше аламыз?

Бір керегі жоқ,

Екі керегі жоқ,

Үш керегі жоқ,

Төрт орташа,

Бес тамаша!!!

Оқушылардың белсенді қатысуымен қимыл-қозғалысына келтіріп, сабаққа зейінін аударту.

Ой шақыру

Ұ «Белгісіз ақпарат» әдісі.

Мұғалім сыныпты А және В оқушыларына бөледі. В-оқушылары теріс қарап отырғанда, А-оқушылары слайдтағы суреттің біреуін мұқият қарап шығады да, В-оқушысына суретті салдыртады. Ол үшін көргенін өз сөзімен сипаттауға тырысады. Сурет салуға 1 минут уақыт беріледі. Жұмыс аяқталысымен оқушылар түпнұсқамен салыстырады.

- Балалар, бүгін сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыздар?

-Әрине, дұрыс айтасыздар!

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінемін;
  • Сөздік қорды толықтырамын.

 

 

 

 

 

 

 Таратпа материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 слайд

Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

«Дефиниция» әдісі бойынша жаңа сөздерді меңгерту (сөздер және сол сөздерге жазылған анықтаманы сәйкестендіру)

айнала

әрине

  • Төңірек, маңай
  • Иә, әлбетте деген қолдау мағынасындағы сөз

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.

Үлгі:

Үйдің айналасы. Үйдің айналасында гүл өседі.

Әрине, келемін. Бүгін мектепке, әрине, барамын.

Бағалау «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі.

(Ұ) Тыңдалымалды тапсырмасы:

  • Біздің мектебіміз қандай?
  • Мектеп айналасында не бар? Нені байқадыңыздар?
  • Мектеп айналасында қандай өсімдіктер өсіп тұр?

) Тыңдалым мәтіні

Біздің мектеп үлкен. Мектебіміз екі қабатты ғимарат. Мектеп айналасы тамаша. Әрине, жыл сайын мектеп айналасына ағаш отырғызамыз. Биыл шырша мен алма ағаштары отырғызылды. Барлық жұмыс, әрине, оқушылардың қатысуымен орындалды. Балалар ағаштарды суарып, айналаны тазартты. Оқушыларға мектеп ауласы ұнайды.

Тыңдалым тапсырмасы

Мәтін бойынша сұрақтар тақтаға алдын-ала жазылады. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды.

  • Мәтін не туралы?
  • Мектеп неше қабатты?
  • Мектептің айналасы қандай?
  • Мектеп айналасы кімге ұнайды?

Бұл сұрақтарды арнайы конвертке салып, ұсынуға болады. 4 оқушы сұраққа жауап бергеде сипаттап айтады, қалған оқушылар жауаптың дұрыс/бұрысын анықтайды.

) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

Мәтінге сәйкес келетін 2 тұжырымды белгіле.

Тұжырымдар

+

-

А

Мектеп маңайына ағаш отырғызамыз.

+

В

Мектеп үш қабатты ғимарат.

-

С

Жұмыс оқушылармен орындалды.

+

Кері байланыс. Не қиын болды? Неліктен?

(ЖЖ) Айтылым

1-тапсырмасы:

Тірек сөздерді пайдаланып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын жұптасып әңгімелейді.

Тірек сөздер:

Шырша, мектеп айналасы, ағаш отырғызылды, әрине, ұнайды,екі қабатты.

Дескриптор:

  • Тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтады.
  • Тірек сөздерді дұрыс қолданады.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.

Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.

2-тапсырма: Суретке қарап, мектеп айналасында не бар?

Оқушылар сипаттай отыра, диалогқа түседі.

  • Ата, мынау- ...... ағаш?
  • Бұл – алмұрттың ......
  • Ал ..... – қандай ағаш?
  • Бұл алма ......
  • Міне, алманы ...
  • Ата , ағаштар шөлдей ме?
  • Әрине, балам. Қазір ағаштарды сурамыз. Ағаш сумен өседі.

Кері байланыс: «1 жұлдыз, 1 тілек» жұптар бірін-бірі бағалайды.

Кел, жаттайық!

Жақсылықты қолдаймыз,

Табиғатты қорғаймыз.

Тал егеміз бақтарға,

Айналасын қоршаймыз.

Бақдәулет Төлебаев.

Слайд

Таратпа материалдар

Слайд

Таратпа материал

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Сұрақтарым көп. Белсенді бола алмадым

Сұрақтарым жоқ. Белсенді болдым

Маған бәрі түсінікті болды.Өте белсенді болдым.

Үй жұмысы

Б.Төлебаевтың бір шумақ өлеңін жаттап келу. 74 бет.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу