15-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 15-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

 

 Сабақтың мақсаты:

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау.

3.5 Түрлі дереккөздер ден қажетті ақпаратты алу

3.​3.​5.​1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу.

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.

 

 Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, таныстырылым, үлестірме смайлик суреттері, түрлі түсті қарындаштар немесе фломастерлер.

 

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  • Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
  • Мәтіннің мазмұны бойынша сюжеттің даму желісін анықтайды.
  • Тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтайды.
  • Сызба арқылы постер құрады.

 

 Сабақтың басы

 Үй тапсырмасын тексеру. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар кезекпен-кезек қолына микрофон ұстап, дайындап келген фотоколлаждарын сипаттайды, тиісті ақпарат береді.

Ой қозғау. «Күш – білімде, // Білім – кітапта» нақыл сөзін қалай түсінетіндерін сұрап, оқушылардың назарын сабақ тақырыбына аударып, оларды коммуникативтік қатынасқа тартыңыз.

Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырасыз. Сабақ мақсатын интербелсенді тақтадаға шығарып қоясыз:

 Тыңдаған әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

 Мәтіннің мазмұны бойынша сюжеттің даму желісін анықтау.

 Тақырыпқа қатысты ақпарат жинау.

 

 Жазылым. Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Үлгі бойынша сызбаны толтырып, постер жасауды тапсырыңыз. Бірінші топқа – Абай Құнанбаев постерін, екінші топқа – Шоқан Уәлиханов постерін, үшінші топқа Бауыржан Момышұлы постерін дайындатыңыз. Әр топқа өз постерін қорғап шығуды тапсырыңыз. Топтар жауабын «Шапалақ» әдісі арқылы бағалатыңыз.

 

 Жазылым. Айтылым. Оқушыларға топтасып, берілген сурет бойынша қосымша дереккөздерден Ә.Қастеевтің туындысы туралы ақпарат жинауды тапсырыңыз. Ә.Қастеев туындылары туралы қосымша ақпаратты интернеттен, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда алдын ала қағазға шығарылған материалдардан немесе кітап-жинақтардан алуға болатындай жағдай жасаңыз. Сол бойынша кестені толтыртыңыз. Жазған ақпараттары мен суретке сүйеніп, берілген туынды туралы әңгімелеуді тапсырыңыз. Дескриптор: тақырыпқа қатысты ақпаратты іріктейді; ақпаратты кестеге орналастырады; жинақтаған ақпараттың негізінде әңгімелейді.

 Сергіту сәтін ұйымдастырыңыз. «Қызыл гүлім-ай» (https://www.youtube.com/ watch?v=sPX27NNVWCY) бейнематериалын көрсетіп, кейіпкерлердің қимылдарын қайталатқызыңыз.

 

Тыңдалым. Жазылым. Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің «Асыл шөп» атты әңгімесін мұқият тыңдауды тапсырыңыз (http://www.ikitap.kz сайты). Содан кейін тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз: 1) Әңгіменің негізгі кейіпкерлері кім? 2) Әңгімедегі іс-әрекеттер? 3) Әңгіме неге үйретеді? Негізгі ғибраты қандай?

Мәтіннің басына, ортасына, соңына сәйкес келетін сабыр, аһлап-уһлеу, шөп салу, екі қыз, жәшік ауырлығы тірек сөздерін суреттің әр бөлігіне сәйкестендіріп жаздырыңыз.

 Дескриптор: тірек сөздерді суреттің бөліктеріне сәйкес орналастырады; мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сәйкес тірек сөздерді анықтайды.

Тапсырманы орындап болған соң, оқушыларға өз-өздерін смайликтер арқылы бағалатыңыз.

Рефлексия. Оқушылардан сабақтан алған әсері туралы сұраңыз. «Бүгінгі сабақтағы көңіл күйіңді қай суретке теңейсің? Неліктен?» деген сияқты сұрақтар арқылы балаларды коммуникативтік қатынасқа тартып, олардың сабақ тақырыбын: 1) өте жақсы, 2) жақсы түсінгенін немесе 3) толықтай түсінбегенін байқайсыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу