Мынау қай жануардың мүсіні? (1). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (оқулық: «Қазақ тілі», «Көкжиек» баспасы)

4-тарау

Сәулет өнері

6-сабақ

Мынау қай жануардың мүсіні?

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым дағдысын шыңдау көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Үлгі бойынша әр мүсінді сипаттап айтады.

Оқушылардың көпшілігі: Шеңбер бойымен әңгімелеу барысында маған/саған/сізге/оған септелген есімдіктерді орынды қолданады.

Оқушылардың кейбірі: Тірек сөздерді қолданып, «Шығыс күнтізбесі» субұрқағын сипаттап айтады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар/топтар санына қарай көбейтіп алыңыз:

  • «Мозаика» әдісін қолданып, топтарға бөлу үшін және оқушылар назарын сабаққа шоғырландыру үшін берілген 3 суретті А4 формтты қағаздарға шығарып алыңыз (бір данадан 3 парақ). Әр суретті бірнеше қиындыларға бөліп қиыңыз. Қиындыларды жақсылап араластырып алыңыз. АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда №1 слайдты қолданыңыз;
  • №2 слайдта берілген суретті кластерді әр топқа 1 дана болатындай етіп шығарып алыңыз;
  • Грамматикалық кестені әр топқа 2-3-тен таратуға болатындай етіп шығарып алыңыз;
  • Тақтаға №5 слайдта берілген кестені іліңіз немесе интербелсенді тақта мүмкіндіктерін пайдаланыңыз;
  • «Шығыс күнтізбесі» субұрқағының суреті мен тірек сөздер және дескриптор жазылған қағаздарды дидактикалық материалдар жинағынан шығарып алаыңыз;
  • «Стикерлі вагондар» плакаты мен стикерлерді дайындап алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң шеңбер бойымен тұрғызып, «Мозаика» тәсілі арқылы топтарға біріктіріңіз. Әр топқа өз суреті бойынша 1-2 сөйлем айтуды тапсырыңыз (№1 слайд).
  • №2 слайдты ашып, қысқа мерзімді жоспарда берілген сұрақтарға жауап алыңыз. Сабақтың тақырыбын болжатып көріңіз және тақырыпты жариялаңыз.
  • Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірлесе отырып құрыңыз (№3 слайд).

Грамматикалық терминдерді қолданбай, жіктеу есімдіктерінің барыс септігіндегі қолданысын меңгертіңіз (№4 слайд). Үлгіні көрсетіп, өзін тексеруді тапсырыңыз.

(1-тапсырма - №5 слайд) Тақтада алдын ала дайындаған кесте мен үлгі тұрады. Мұғалім оқушылар назарын оқулықта берілген мүсіндерге (суреттерге) аударады.

Тақтадағы үлгімен танысады:

ҮЛГІ: Маған жылқының мүсіні ұнайды. Жылқының мүсінінің түсі – қоңыр.

  • Әр оқушы өз атын және өзіне ұнайтын мүсіннің атауын кестеге жазады да, үлгі бойынша сипаттап айтады.
  • Бағалау «Шапалақ» тәсілі арқылы жүзеге асырылады.

2-тапсырманы орындау барысында тақтадағы (1-тапсырма барысында толтырған кестесін) кестеге назарын аударыңыз. Тапсырманың орындалу ретімен таныстырыңыз. №6 слайдты қолданыңыз.

№7 слайдта берілген сурет пен тірек сөздермен таныстырыңыз және тапсырманы орындау жолымен, регламентпен таныстырыңыз. Топтарға мәтінді дайындауға 5 минут, топтық жұмысты қорғауға 2 минуттан берілетінін ескертіңіз. Топтық жұмыстарды қорғау кезінде дескриптор арқылы өзін өзі бағалау немесе топаралық бағалауды қолданыңыз.

Рефлексия жүргізу үшін №8 слайдты ашыңыз немесе «Стикерлі вагондар» плакатын қолданыңыз. Оқушылар таратып берген стикерлерге өз атын жазып, сәйкес вагонға жапсырады. 2-3-вагондарға жапсырылған стикер иелерінен осылай бағалау себебін сұраңыз, мәселені шешудің жолын сыныптастарымен бірге қарастырыңыз.

Үй тапсырмасын орындаудың жолдарын түсіндіріңіз (№9 слайд).

Құрметті әріптес! Сіздің оқушыларыңыздың тілді меңгеруін қызықты әрі жеңіл ету үшін, сізге әріптестік көмек көрсету үшін әрқашан СМК порталынан қажетті ресурстарды ала алатыныңызға сенімдімін! Іске сәт!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу