«Жеод» кинотеатры (ОМЖ бойынша 8-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып («Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ құрастырған ОМЖ бойынша)

4-тарау

Сәулет өнері

8-сабақ

«Жеод» кинотеатры

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және жазылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырып айтады.

Оқушылардың көпшілігі: Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Оқушылардың кейбірі: Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырып жазу барысында тыныс белгілерді орынды қолданады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.

  • №1 слайдпен танысыңыз. Дидактикалық материалдардан берілген 2 суретті шығарып алыңыз және оқушылар санына сәйкес әр суретті бірнеше бөлікке қиып алыңыз.
  • №3 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана суретті сөздікті топтарға тарату үшін шығарып алыңыз.
  • №4 слайдпен тансыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана берілген сурет пен мәтінді топтар санына сәйкес шығарып алыңыз. Дәптердің таза парақтарын немесе А4 форматты қағазды 1 сұраулы сөйлем сыятындай көлемде қиып, қорапқа (сандыққа) салып алыңыз.
  • №5 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда тірек сөздер мен дескриптор жазылған үлестірмелі қағаздарды дидактикалық материалдардан топтар санына сәйкес етіп шығарып алыңыз. Сондай-ақ А3 форматты қағаздар (2 дана) мен түрлі-түсті қарындаштарды дайындап қойыңыз.
  • Дәптердің таза парақтарын немесе А4 форматты қағаздарды оқушылар санына сәйкес дайындап алыңыз. Сонымен қатар түрлі-түсті қарындаштар дайындаңыз. Бұлар – рефлексия жасауға арналған құралдар.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқушыларға үй тапсырмасы бойынша толтырған кластерін алып, шеңбер құрып тұруын сұраңыз. Үй тапсырмасын мұқият орындағаны үшін оқушыларды мадақтаңыз. Тақтаға «Бурдж Халифа» мұнарасының суретін іліп қойыңыз. Оқушылардан шеңбер бойымен бір-бірін жалғастыра отырып, ғимарат туралы айтады деп күтіледі. Үй тапсырмасын тексеруге 3 минут уақыт бөліңіз.
  • №1 слайдты ашыңыз. Суреттермен жұмыстың 1-тәсілі (АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда): Суреттер бойынша сұрақтар қойып, жауаптар негізінде жаңа сабақтың тақырыбын болжап айтуды тапсырыңыз. Жаңа сабақтың тақырыбын жариялаңыз. Суреттермен жұмыстың 2-тәсілі: АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда берілген суреттердің қиындыларын оқушыларға таратып, суретті қалпына келтіруді тапсырыңыз. Оқушылар суреттерді қалпына келтірген соң сұрақтар қойып, тақырыпты жариялаңыз.
  • Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп құрыңыз. Оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе ватманға жазғызып, іліп қою ұсынылады.

(Сөздікпен жұмыс) Бұл сабақтағы жаңа сөздер: кір, қызғылт. Сондай-ақ көзілдірік, фильм көру сөздерінің де мағынасы мен қолданысын еске түсіру ұсынылады. Суретті сөздікті немесе №3 слайдты қолданып, жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстарын жүргізіңіз.

(1-тапсырма) «Даналық ағашы» ойыны. №4 слайдты ашыңыз. 1) Мәтінді сыныпта 1 рет оқыңыз. 2) Топтарда өз бетінше мәтінді оқуды тапсырыңыз. 3) Мәтінді оқып болған соң мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыруды тапсырыңыз. Құрастырған сұрақтарын қағаздарға жазып, қорапқа (сандыққа) салуды тапсырыңыз. 4) Қораптағы сұрақтарды араластырып, шетінен бір-бір сұрақтан алып оқып, жауап беруін сұраңыз. Әр жауапты «Шапалақ» әдісі арқылы бағалауды тапсырыңыз.

(2-тапсырма) №5 слайдты ашыңыз. Ал оқушыларға А3 форматты қағаз бен түрлі-түсті қарындаштар үлестіріңіз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындап қойған үлестірмелі қағаздарды (тірек сөздер мен дескриптор жазылған) әр топқа таратыңыз. Күтілетін нәтиже: Оқушылар тірек сөздерді қолданып, «Жеод» кинотеатры туралы диалог құрастырып, А3 форматты қағазға жазу барысында тыныс белгілерді дұрыс қояды. 1-топ өз жұмысын 2-топқа, 2-топ 1-топқа бағалауға береді. Әр топ басқа топтың жұмысын дескрипторға сәйкес бағалайды.

(рефлексия) Оқушылар назарын №6 слайдқа аударыңыз немесе әр оқушыға 1 парақтан таратып, алақанын параққа қойып, сызуды тапсырыңыз. Бас бармаққа «ең қызық ақпаратты» жазуды; сұқ саусаққа «ең қиын тапсырманы», ортаншы саусаққа «нені түсінбегенін», төртінші саусаққа «көңіл-күйін», бесінші саусаққа «нені білгісі келетінін» жазуды тапсырыңыз. Оқушылардың жазбаларын жинап алып, сабақтан кейінгі уақытта өз жұмысыңызға есеп беріңіз.

Оқушыларды үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.

Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстар кешенін ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу