Екі дос №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, презентация.
Болжайық!
Адамның жақсы және жаман қасиеттері
https://www.youtube.com/watch?v=5Rp4xHMUJwQ
Сабақтың тақырыбы:
Екі дос
Сабақтың мақсаттары:
- оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінемін;
- тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді әңгімелеймін.
Сөздік қоржын
Менің досым ақылды. Ол жаман сөз айтпайды.
Суреттер сөйлейді
дос
қорқу
ауырады
қасына келу
сұрау
ақыл айту
тастап кету
Самат пен Айбар келе жатып, бiр аюды көреді. Айбар үлкен ағаштың басына шығып кетеді. Саматтың аяғы ауырады. Ол ағашқа шыға алмайды. Жерге жатады. Аю Саматтың жанына келiп иiскелейді, кетіп қалады. Айбар ағаштан түседі, досынан сұрайды:
– Достым, аю құлағыңа не деді?
– Аю құлағыма ақыл айтты. Қиындықта сені досың тастап кетті. Онымен дос болма, – дедi.
Оқылым!!!
Мәтінді рөлге бөліп оқы, таныс емес сөздердің астын сыз.
Оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Мәтін не туралы?
2. Мәтіндегі кейіпкерлерді ата?
3. Екі дос қандай?
4. Саған оқиға ұнады ма? Несімен?
Кері байланыс
Мен білемін!
Берілген кестені мәтін мазмұнына сәйкес толтыр, айтып бер.
- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ!
- тапсырманы орындауда қателер болды!
- тапсырманы орындау қиын болды!
Кері байланыс
Аяқталмаған сөйлемдер
Бір күні ...........................
.................................. аяғы ауырады.
Кенет алдынан ......................................
Айбар ...................................................
Ал Самат ................................................
Аю ...................................................................
Айбар досынан сұрайды ................................
Самат ...........................................................
Дескриптор
- оқиға желісін сақтап, әңгімелейді;
- берілген сөздерді қолданады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;
- жалғауларды дұрыс байланыстырады;
Грамматикалық қоржын
Мен ақылды+мын
Сен ақылды+сың
Сіз ақылды+сыз
Ол ақылды.
-Сен ақылдысың ба?
-Иә, мен ақылдымын!
-Ақылды бала не істейді?
-Ол досына көмектеседі,
жаман сөз айтпайды.
«Қарама-қарсы»
Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа,
жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа.
Рефлексия
Мәтінді оқу, мазмұнын айту.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру