Тәні саудың – жаны сау «Тәні саудың-жаны сау» тақырыбында әңгімелер. (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8

Күні: 16.05.2016

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тәні саудың – жаны сау

«Тәні саудың-жаны сау» тақырыбында әңгімелер. (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

А 5 Медиақұралдарды пайдалану арқылы дауыс ырғағын мәтін мазмұнына, оқиға желісі өрбуіне сай өзгерте отырып, дұрыс және анық айтады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Медиақұралдарды пайдалану арқылы дауыс ырғағын мәтін мазмұнына, оқиға желісі өрбуіне сай өзгерте отырып, дұрыс айтады.

Оқушылардың көпшілігі:

Медиақұралдарды пайдалану арқылы дауыс ырғағын мәтін мазмұнына, оқиға желісі өрбуіне сай өзгерте отырып, дұрыс және анық айтады.

Кейбір оқушылар:

Медиақұралдарды пайдалану арқылы дауыс ырғағын мәтін мазмұнына, оқиға желісі өрбуіне сай өзгерте отырып, дұрыс және анық, еркін айтады.

Жетістік критерийлері

Оқиға желісіне қарай дауыс ырғағын келтіріп, сөздерді анық айта алады.

 Сөздік қор

Сүйек, сынды, құлады, соғылды, қап-қараңғы, қаңқа, саябақ, көңіл-күй.

 Құндылықтарды дарыту

Функционалдық сауаттылық

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Денсаулыққа қатысты сөздер мен сөз орамдарды түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту.

) «Сөйлемдер тізбегі»

Алғашқы сөзді мұғалім үлгі етіп айтады. Сол үлгі бойынша оқушылар тез жалғастырып сөйлемдер тізбегін жазайды. Сөйлемдерді екінші жақта айтып, кеңес береді.

Денің сау болу үшін тісіңді тазала.

  • Жуын
  • Тазалықты сақта
  • Дұрыс тамақтан
  • Жаттығу жаса
  • Қолыңды жу
  • Таза ауада серуенде
  • Спортпен шұғылдан
  • Тәтті көп жеме
  • Көп ұйықтама
  • Шашыңды тара
  • Киімді ұқыпты ұста

Презентация

Сабақ ортасы

5 мин

10 мин

7 мин

13 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

) «Сөздер сөйлейді»

Оқушыларға бейнематериалда кездесетін жаңа сөздермен танысады. Әр жұпқа бір сөзден беріледі. Жұптар бір-біріне сөздің мағынасын түсінгені бойынша айтады немесе қимылмен көрсетеді. Егер де дұрыс болмаса, мұғалім дұрыс жауапқа бағыттайды. Жауаптарын дұрыс/бұрыстығын презентация арқылы тексере алады.

  • Сүйек
  • Құлады
  • Сынды
  • Соғылды
  • Қараңғы

(Ж) Бейнематериалмен жұмыс.

Бейнематериалды қарайды да, тартпа сұрақтар арқылы бейне материалда болған оқиғаға сәйкес сұрақтарға жауап береді. Бейнематериалдағы оқиғаны реттілігін жинақтап айтады.

  • Оқиға қайда, қашан болды?
  • Сүйектерге не болды?
  • Сүйектерге кім көмектесті?
  • Сүйектердің көңіл-күйі қандай?
  • Сүйектердің қай жері ауырды?
  • Соңында не болды?

(Ө) «Ойлан, тап!»

Бейнематериалға қатысты сөздер мен сөз орамдарын жазып отырады. Жазған ақпараттарына сәйкес сұрақтарға жауап береді. Әңгімені қызықты баяндауда қолданады.

(Ж) «Жұлдызды сәт

Бейнематериал бойынша жазған сөздер мен сөз орамдарына сүйене отырып, оқиғаны қызықты әңгімелейді. Мұғалім алғашқы үлгісін өзі көрсетеді. Қалған оқушылар айтушыны бағалап отырады. Кейбір қабылдау деңгейі төмен оқушыларға суреттер беріледі. Сол суреттер мен жазған сөздеріне сүйеніп сөйлейді.

Оқушылар

Сөйлемдерді дұрыс айтты.

Оқиғаны мәнерлеп, қызықты айтты.

Қап-қараңғы түнде, қап-қараңғы қалады, қап-қараңғы үйде сүйектер өмір сүрді. Олар жүгірді. Бір кезде сүйектер бір-біріне соғылды. Сүйектер сынды.

https://www.youtube.com/watch?v=3hx52p-E3O0

Сабақтың соңы

2 мин

(МК) "Аяқталмаған сөйлем".

Мен бүгін сабақта ..........

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бір-бірін итермеу, жүгірмеу

Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу