Тамақ және сусын "Жеміс және көкөністер" жазылым (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7

Күні: 5.04.2016

Сынып: 1

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тамақ және сусын

"Жеміс және көкөністер" жазылым (1-сабақ).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж2 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.

А6 Қарапайым айтылымдарды қайталайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Білетін әріптерді пайдалана отырып қарапайым сөздер құрайды.

Қарапайым айтылымдардың кейбірін қайталайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.

Кейбір оқушылар:

Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым айтылымдарды өздігінен қайталайды.

Жетістік критерийлері

Әңгімені қарапайым, түсінікті тілмен жүйелі және сауатты жаза алады.

 Сөздік қор

Жидек, құлпынай, таңқурай, қарбыз, қарақат, шие, дәмді, пайдалы, домалақ, ащы, жұмсақ, қатты.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Жемістер мен көкөністерді ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(МК) «Сағаттың тілімен»

Көкөністер мен жемістердің атаулары жазылған парақшалар жерге қойылады.Оқушылар әуенге қимылдап, сағаттың тілімен парақшаларды айналып жүре бастайды. Әуен тоқтаған кезде қай жеміс пен көкөністің қасында тоқтаса, сол туралы білетіндерін айтады.

  • Атауы
  • Сипаты

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

Сабақ ортасы

10 мин

5 мин

3 мин

10 мин

3 мин

(Ж) «Кім тапқыр?»

Мұғалім оқушыларға жұмбақ жасырудың үлгісін ауызша көрсетеді. Ал оқушылар «Whiteboard» парақтарына жұпта бір біріне осы үлгіде екі сөз жасырады.

Ол- жеміс. Жемісте төрт әріп бар. Ол дәмді. Қай жеміс?

Жауап: Алма

(Ұ) «Көңілді таспа»

Оқушылар шеңберде мұғалімнің бастап айтқан сөйлемін тыңдай отырып, ойды жалғастырып жемістер, көкөністер, жидектер туралы әр оқушы бір сөйлемнен айтып таспаға қосылып отырады.

Мынау- жидек. Ол-құлпынай. Оның түсі қызыл. Ол дәмді. Ол тәтті. Ол дөңгелек.

(МК) «Полюстер» кері байланыс.

Жасаған жұмыстарына кері байланыс жасайды. Берілген тұжырымға қатысты келісіп/келіспей, тиісті жақтан (оң жақ, сол жақтан) орнын табады, өз ойын дәлелдейді.

  • Мен жидек туралы жалғастырып айта алдым.

) «Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларға жидек, жеміс, көкөністің әрқайсысына екі сөйлем жазады.

  • 4-5 сөйлем жаза алды.
  • Бас әріп пен нүктені дұрыс қойды.

Уақыт арқылы саралау. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар екі немесе бір жеміс туралы жазады, Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар толық үш түрі туралы ақпарат жазады.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________

(МК) "Кубик" арқылы өзінің жазба жұмысына баға беру.

Қызыл түс – түсінбедім.

Сары түс – сұрақтарым бар.

Жасыл түс –түсінікті болды.

Сабақтың соңы

2 мин

(МК) «Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

1 5 10

Бағалау критерийлері:

  • Мен сұрақтар құрастырдым.
  • Жемістер туралы сөйлемдер жаздым.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

оқушылар заттардың түстерін анықтап сөйлемде айта алады.

Қабылдау деңгейі орташа Сөйлемдерді берілген үлгіге негізделіп жазады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу