Тамақ және сусын «Кешке арналған айрықша ас мәзірі» оқылым (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Тамақ және сусын «Кешке арналған айрықша ас мәзірі» оқылым (3-сабақ). | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т 5 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Мәтінді түсінгендігін әр түрлі әрекеттермен көрсете алады. | ||||||||||||
Сөздік қор | Сусындар, ыстық тағамдар, көкөніс салаты, жеміс салаты, | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, құрмет | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тағам атауларын біледі. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 7 мин | (МК) «Лото» ойыны. Оқушылар сандарды таңдау арқылы ашылған ұяшықтағы суретті атайды.
| ||||||||||||
Сабақ ортасы 7 мин 15 мин 7 мин | (Ө) Сөздікпен жұмыс. Оқушыларға сөздер беріледі. Пантомима арқылы сөздерді қалай түсінетіндігін көрсетеді. Оқушылар осы арқылы сөздердің мағынасын болжайды.
(МК, Ж) Бейнематериалмен жұмыс. Оқушылар жеміс салатын жасау туралы бейнематериалды екі рет қарайды. Бейнематериал бойынша «сұрақ-жауап» әдісі арқылы бір-біріне жұпта сұрақтар қойып, жауап береді. Сұрақ құрастыруға көмек ретінде сұрау есімдіктерін еске түсіріп, тақтаға жазып қояды. (Ө) «Мен білемін». Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазады. Мен .................................................. жасаймын. Маған ........................................................................................ керек. Алдымен ......................................................................... Содан соң ....................................................................... Сосын ............................................................................. | ||||||||||||
Сабақтың соңы 4 мин | (МК) «Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру. 1 5 10 Бағалау критерийлері:
|
| |||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: оқушылар заттардың түстерін анықтап сөйлемде айта алады. Қабылдау деңгейі орташа Сөйлемдерді берілген үлгіге негізделіп жазады. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||
Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру