Тамақ және сусын «Кешке арналған айрықша ас мәзірі» оқылым (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Тамақ және сусын «Кешке арналған айрықша ас мәзірі» оқылым (2-сабақ). | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | О1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. Ж4 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады. | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Жетістік критерийлері | есту арқылы сөздерді, қарапайым сөйлемдерді сауатты жаза алады. | ||||||||||||
Сөздік қор | Сусындар, ыстық тағамдар, көкөніс салаты, жеміс салаты, ас мәзірі | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, құрмет | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тағамдарды атай алады. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 7 мин | (МК) «Қадамдар» ойыны. Әр оқушы тағамдардың атауларына байланысты білетін сөздерін айтып жарысады. Өткен сабақта өткен жаңа сөздер тексеріледі. Кешкі, түскі, таңғы ас, ас мәзірі, бешбармақ, палау, тұшпара, қуырдақ, қымыз, айран, шырын, шұбат, балмұздақ, бәліш, тоқаш, бауырсақ, құрт, ірімшік, сүзбе. | ||||||||||||
Сабақ ортасы 7 мин 10 мин 2 мин 7 мин 4 мин | (Ө) "Көңілді таспа". Мұғалім мәтіннің алғашқы сөйлемін айтады. Оқушылар бір сөйлемнен айтып, мәтінді жалғастырады. Сөйлем айтқан оқушылар таспаны бір-біріне беріп отырады. Бүгін Айдананың туған күні. Айдана туған күнге достарын шақырды. Кешкі ас мәзірінде .................................................................. (Ж) Шығармашылық жұмыс. "Ас мәзірі" Берілген мәзірді жұпта бірнеше рет оқып шығады. Мәзірдегі бөліктерге өз білген тағам атауларын толықтырып қосып жазады, ақпарат бойынша сөйлейді. Ыстық тағамдар
Сусындар
Салаттар
Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап билейді. (Ө) Оқы. Жап. Жаз. Тексер. Берілген сөздерді мұқият көз жүгіртіп оқиды. Есте қалғаны бойынша дәптерлерге жазады. Түпнұсқамен салыстырып, өз-өзін тексереді.
(МК) «Алақан» кері байланыс. Оқушылар қағазға өздерінің қолының суретін салып, әр саусаққа сабақта нені білгенін жазады. Жазғандарын берілген үлгіге сүйене айтады.
| https://www.youtube.com/watch?v=LeOmtCuOKxU | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | (МК) «Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру. 1 5 10 Бағалау критерийлері:
|
| |||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: оқушылар заттардың түстерін анықтап сөйлемде айта алады. Қабылдау деңгейі орташа Сөйлемдерді берілген үлгіге негізделіп жазады. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||
Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру