Үй жануарлары №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Бізді қоршаған орта

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үй жануарлары №2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Зейін қойып тыңдау

1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды.

2.4 Диалогке қатысу

1.2.4.1 Анық сөйлеуі арқылы, мәселені жақсы және дұрыс түсінгенін көрсетеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, дұрыс қабылдайды.

Сөйлеуі арқылы, мәселені дұрыс түсінгенін көрсетеді.

Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. Анық сөйлеуі арқылы дұрыс түсінгенін көрсетеді.

Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және суреттен көрсетеді. Анық сөйлеуі арқылы, мәселені нақты, дұрыс түсінгенін көрсетеді.

Жетістік критерийлері

Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.

Берілген материалдағы мәселені анық, түсінікті сөйлеуі арқылы жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Үй құстары: әтеш, тауық, балапан, үйрек, қаз, мамыр, күркетауық.

Құндылықтарды дарыту

Үй құстарына қамқоршы болуға үйрету.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

http://www.zooclub.ru/voice/gallus_domesticus.shtml

Домашняя курица (Gallus domesticus) - голос звуки квохтанье петушиные крики в mp3

http://xmusic.site/%D0%B3%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%B0-%D0%BF%D1%82%D0%B8%D1%86-%D1%83%D1%82%D0%BA%D0%B0/

Үйректің даусы

http://www.zooclub.ru/voice/goose.shtml

Қаздың даусы

http://www.zooclub.ru/voice/meleagris_gallopavo.shtml

Куркетауықтың даусы

Бастапқы білім

Үй жануарлары №1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

Фонетикалық жаттығу.

Аа, Әә, Оо,Өө,Үү,Ұұ,Уу, Гг,Ғғ, Кк, Ққ, -хормен айту, Үү,Ұұ,Уу – дәптерге жазу.

(Оқушылардың дәптерлеріне жазғанын бақылау арқылы бағалау.)

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

«Мен анық сөйлеу арқылы, мәселені жақсы және дұрыс түсінгенімді көрсете аламын»

Сабақтың ортасы

(Ұ) Шеңберде тұрып үй жануарларының суреттеріне қарап айтады.

Мысалы: Мынау не? Мынау – түйе. Оның төлі не? Оның төлі – бота.(сиыр-бұзау, қой-қозы, ешкі-лақ, бие- құлын)Бұларды қазақ халқы төрт түлік мал деп айтады.

Шапалақ соғу арқылы бағалау.

- Тағы да қандай үй жануарларын білеміз? Оқушылар басқа жануарларды атайды: ит-күшік, мысық-марғау, есек, қоян-көжек, шошқа-торай

СЕРГІТУ СӘТІ.

Амансың ба, ботақан?!

Амансың ба, құлыным?!

Амансың ба, қошақан?!

Ботақандай маң басып,

Құлыншақтай жүгіріп,

Қошақандай секіріп,

Қолымыздан ұстайық.

Оқушылар үй құстарының(әтеш, тауық, үйрек, қаз, күркетауық) дауыстарын тыңдап, қандай үй құсы екенің айтады.

Оқушылар үй құстарының суреттері арқылы сөздерді қайталау.

(Ө) Оқушылар өздерінің үй жануарларын күту кезіндегі суреттерін салады және оны сыныпқа таныстыру үшін сөйлем құрайды.

Оқушылардан тыңдаған аудиожазбадан түсінгенін айтып беруді өтіну. Үй құстарын атап, олардың дауыстарын қолдануды және әр сөзді анық, дұрыс айтуды талап ету. Оқушылардың мәселені түсінгенін сұрақ қою немесе сұраққа жауап беру барысында бақылай жүріп, бағалауға болады. Бағалау барысында оқушылардың сөздерді анық, түсінікті айтуына көңіл бөлген жөн.

Жетістік критерийі:

  • Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
  • Берілген материалдағы мәселені анық, түсінікті сөйлеуі арқылы жеткізе алады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: жануарларын қалай күтетіні туралы айтып береді.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар:

жануарлардың үлгі бойынша аттарын атайды, сипаттайды.

Төрт түлік малдың суреттері

Таныстырылым

http://www.zooclub.ru/voice/gallus_domesticus.shtml

Домашняя курица (Gallus domesticus) - голос звуки квохтанье петушиные крики в mp3

http://xmusic.site/%D0%B3%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%B0-%D0%BF%D1%82%D0%B8%D1%86-%D1%83%D1%82%D0%BA%D0%B0/

үйректің даусы

http://www.zooclub.ru/voice/goose.shtml

қаздың даусы

http://www.zooclub.ru/voice/meleagris_gallopavo.shtml

куркетауықтың даусы

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

«Бағдаршам» кері байланысы

Жасыл- жақсы түсіндім.

Сары - жартылай түсіндім

Қызыл – түсінген жоқпын.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар жануарларын қалай күтетіні туралы айтып береді.

Шапалақ соғу арқылы бағалау.

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

Үй құстарына қамқоршы болуға үйрету.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу