Мобильді қосымшалар. Информатика, 11 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қосымшаларды әзірлеу | Мектеп: | ||||||||||||||
Мерзім: | Мұғалім аты-жөні: | ||||||||||||||
Сынып: | Сабаққа қатысқандар саны: | қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мобильді қосымшалар | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құр | ||||||||||||||
Сабақ мақсаты: |
| ||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар:
| Оқытудың тілдік мақсаты Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология қолданушы интерфейсі, компоненттер қасиеті, код блоктары, цикл, тармақталу, шарт. Диалог / жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы Құрастырылған қосымша ... қажет. Келесі компоненттер: ... ... құрастыру үшін қолданылды ... қасиеттерін ... компоненті үшін өзгертілді. Тармақталу және цикл ұйымдастыру үшін ... блоктары қолданылды. | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақта жұпталған жұмыс бір-бірлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге, ал практикалық жұмысты орындау қызметтің нәтижесіне жауапкер болуды қалыптастыруға септігін тигізеді. Жобаны құруда көшбасшылар басқаларға көмектеседі. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика: құрастырылатын қосымша математикалық есептеулерді орындайды. | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар объектілі-бағдарланған ортада және бағдарламалау ойын ортасында қосымшалар жасау дағдыларына ие. | ||||||||||||||
Сабақ барысы С = бүкіл сыныптың жұмысы, Т = топ ішіндегі жұмыс, Ж = жұп ішіндегі жұмыс, Д = дербес жұмыс, О = оқу эксперименті, М = мұғалімнің көрсетуі, қ= қалыптастырушы бағаны қолдау | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы | (С) Миға шабуыл 4 сурет ұсынылады. Төмендегі сұрақтар бойынша талқылауды ұйымдастырыңыз. Суретте не көріп тұрсыз? Олар туралы не айта аласыз? Сабақ не туралы болмақ? Сабақтың тақырыбын анықтап көріңіз? (С) Оқушылармен оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижелер туралы талқылаңыз. | Презентация | |||||||||||||
Сабақтың ортасы | (С) Оқушыларға түрлі смартфондарда қолданылатын операциялық жүйе туралы және оларға арналған бағдарламаларды құру мүмкіндігіне ие таныс орталар жөнінде талқылауды ұсыныңыз. (Ж,Қ) Оқушыларға MIT App Inventor 2 ортасының мүмкіндіктерін зерттеуді (сілтеме 1), кейін зерттеу нәтижелерін талқылауды ұсыныңыз. ! Оқушыларға тапсырманы орындау үшін сілтеме бойынша тіркелуден өту керек. ! Қолдау көрсету үшін 1 –ші ресурсты ұсынсаңыз болады. Тапсырма.
Палитра - Просмотр - Компоненты - Свойства -
Оқушыларға мини-жоба ұсыныңыз. Мини-жоба Сценарий Арсен 2-ші сыныпта оқитын қарындасына математика пәнінен үнемі көмектеседі. Ол бір және екі таңбалы сандарды қосу немесе көбейтуді жаттықтыратын бағдарлама құрғысы келді. Бағдарлама есептеуге арналған тапсырмаларды кездейсоқ енгізіп, кіріс деректерін тексеруді қамтамасыз етуі керек. Талдау. (С) Сыныппен бірнеше мәселені талқылауды ұсыныңыз:
Мұғалім: Неге біз жоғарыдағы мәселелерді анықтап алуымыз қажет? (М) Қосымшаны құрудың кезеңдеріне қысқаша түсінік беріңіз (сілтеме 2). Жоспарлау. (С) Оқушылармен жұмысты тексеру дескрипторларын толықтырып алыңыз.
Қосымша дизайнынын құрастыру. (C) Екі суреттің айырмашылығын талқылатыңыз. Оқушылар ойын дизайн және қосымшаның терезесі ұғымдарына жетелеңіз. (Т) Оқушыларға қосымша интерфейсінің дизайнын қағазда құруды ұсыныңыз. (А3 немесе А2). ! ПРОТОТИП терминіне назар аударыңыз (сілтеме 1) ! қолдау көрсету үшін ресурс 3 ұсыныңыз (М) Компоненттер қасиетін арнайы терезеде қалай өзгертуге болатындығын көрсетіңіз. (Д) Қосымша интерфейсін құру (сілтеме 1). Ол үшін онлайн қосымша құру конструкторының формасына негізгі компоненттерді орналастырады. Алдыңғы сабақта жасалған дизайнды негізге алады. Кейін компоненттер қасиеттерін өзгерту арқылы қосымшаның терезесін өңдейді. Тапсырма
(Т, Қ) Оқушыларға өз жұмыстарын басқа сыныптастарына көрсетуді ұсыныңыз. Бағалауды критерий арқылы жүзеге асырыңыз. | Сілтемелер:
- мобильді қосымшаларды құрудың кезеңдері Ресурс 1 Презентация Ресурс 2. Презентация Презентация Ресурс 3. Мысал 2.10.1. “Тренажер” қосымшасы, 85-86 бет, сілтеме http://appinvent.ru/__f/__uroki/AppInventor-Programma-Praktikum.pdf | |||||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс. Оқушылардың орындалған жұмыстарына пікір айтыңыз. Оқушылармен бірге келесі қадамдар мен әрекеттерді анықтап алыңыз. Келесі сабақта осы жобаны жалғастырылатынына назарларын аударыңыз. | ||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Дифференциация: Шығармашылық тапсырмада өз дизайндарын қолдану арқылы даралау. Өзара көмек ұйымдастыру. | Қосымша интерфейсінің прототипін бағалауды ұйымдастыру. | Информатика кабинетінде сақталу ережелерін естеріне салып отыру. Көзге жаттығу жасату. | |||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру