Жобаның дыбыстың сүйемелдеуі. Информатика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Мұғалімге көмек ретінде:

https://learningapps.org/2268577 файлдардың типтерін анықтайтын тапсырма

https://www.youtube.com/watch?v=o5HYCxxCvlw – Дыбысты сапалы жазуды бейнелейтін ролик. Audacity.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:10.4А бөлім: Оқыту ойындары

Мектеп:

Күні:

Мұғаліматы-жөні:

Сыныбы:10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жобаның дыбыстың сүйемелдеуі

Сабақ түрі

Оқу материалын жалпылау және жүйелеу

Бұл сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.4 қосымшаға дыбыстық сүйемелдеу қосу

 Сабақ мақсаты

- мультимедианың мүмкіндіктерін қолданып қосымшаны дайындау

 Бағалау критерийлері

Білу

  • Дыбыстық файлдардың кеңейтілуін атайды

Түсіну

  • Дыбыстық сүйемелдеудің қосымшада қалай қолдануға болатынын түсіндіреді

Қолдану

  • Дыбыс редакторында дыбысты жазады

Бағалау

  • Өзін өзі бағалайды

 Тілдік мақсаттар

 

Оқыту ойындарында дыбыстық сүйемелдеудің қолданылуын талқылайды.

Пәнге арналған арнайы лексика және терминология:

Дыбыс, mp3, wav, Audacity, битрейт

Диалог пен жазылымға арналған пайдалы сөйлемшелер:

Дыбыстық сүйемелдеу қосымшада ... үшін қолданылады .

 Құндылықтарды бойға сіңіру

 

Ынтымақтастық, мақсаттылық

 Пәнаралық байланыстар

География, физика, математика, биология

Осыған дейін меңгерілген білім.

ОБП негіздері, компоненттермен жұмыс істеу, компонент қасиеттерін өзгерту, дыбыстық файл пішімдері

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспарланған сабақ іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Оқушылармен амандасу.

Әрекет:Топтардағы пікірталас. Нысандар (обьект) қандай әрекеттерді орындай алады?

Дескрипторлар:

  • Интерфейс элементтерін атайды
  • Интерфейс элементтерімен орырдауға болатын әрекеттерді талқылайды.

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Сыныпты екі топқа бөледі. Мобильді қосымшаның интерфейсін ұсынады.

Объектілерді/нысандарды басқару мәселелерін талқылау (алдыңғы тақырыпқа сілтеме)тапсырмасын береді.

Қосымшада дыбысты пайдалану туралы талқылауды қорытындылайды

Топтарда талқылайды.

Объектілерді басқару туралы өз көзқарастарын ұсынады.

Басқа топтардың пікірін бағалайды.

Әрекет: Оқу мақсаттарын және бағалау критерийлерін талқылау.

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Сабақтың тақырыбын және мақсатын жариялайды.

Сабақтың соңында оқушыларға қандай жетістіктерге жету керектігін талқылауды ұсынады.

Бағалау критерийлерін талқылайды.

Сабақ тақырыбын дәптерге жазады. Сабақтың соңындағы жетістіктерді талқылауға белсенді қатысады. Ұсынылған бағалау критерийлерімен келіседі немесе келіспейді.

Сабақтың басында келесі нәрселерге назар аудару:

- оқушылардың назарын шоғырландыру;

- оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтау;

- студенттердің «жақын арадағы даму аймағын» анықтау, сабақтың соңындағы күтілетін нәтиже.

PPT

Сабақтың ортасы

30 мин

Әрекет: алдыңғы білімдерін белсендіру.

Дескрипторлар:

1. Дыбыстық файл пішімдерін таңдайды

2. Дыбыстық файл пішімдерін салыстырады

3. Дыбысты жобада тиімді пайдалану үшін дыбыстық файл пішімін анықтайды.

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Оқушыларды ынталандыру үшін келесі сұрақты талқылайды: «Неліктен дыбысты сүйемелдеуі бар қосымшалар қолданушылар арасында танысмал?»

Дыбыстық файл пішімдерін анықтау үшін тапсырманы ұсынады.

*.mp3 және *.wav пішімдерінің арасындағы айырмашылықты талқылауды және оларды қосымшада қолданудың ұтымдылығын талқылауды ұсынады.

Қойылған сұраққа жауап береді.

Дыбыстық пішімдерді анықтайды.

Алдыңғы білімдерін қолданып, пішімдердің арасындағы айырмашылықты талқылайды.

Бағалау: БК1, БК2

Әрекет: Көрсетілім және практикалық жұмыс.

Дескрипторлар:

  • Дыбыстық файлды жазады

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Audacity қосымшасында дыбыстық сүйемелдеу қалай қолданылатынын көрсетеді.

Адамның денсаулығына теріс әсер ететін дыбыстық үзінділерге назар аударады.

Тыңдайды, дәптерге жазады, сұрақтар қояды.

Audacity бағдарламасында дыбысты жазуды ұсынады

Қосымшада қолдану үшін дыбыстық сүйемелдеуді дайындайды, редактірлейді және сақтайды.

Бағалау: БК3

PPT

Audacity

Сабақ соңы

3 мин

Әрекет: Рефлексия

Дескрипторлар:

  • Өзінің жұмысына баға береді.

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Оқушыларға өз жұмыстарын бағалауын ұсынады.

Өздерінің жұмысын бағалайды. Төмендегі сұрақтарға жауап береді:

- не білдің, нені үйрендің?;

- не түсініксіз болды?;

- қандай бағытта жұмыс істеу керек?

Бағалау:БК4

Үйге тапсырма «Жобаға арналған дыбыстық сүйемелдеуді жақсарту»

Стикерлер, PPT

Дифференциация Сізге неғұрлым қолдау көрсетуді қалайсыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

Оқушылар өздігінен болашақта пайдалану үшін дыбыстық жолдар жасайды.

Әлсіз оқушылар мұғалімнен қолдау алады.

Қабілетті оқушылар дыбыс редакторының күрделі функцияларын пайдаланады, әлсіздерге көмектеседі.

Оқушылар жауаптары, дыбыстық редактордағы жұмыс нәтижелері

Дыбыспен жұмыс істеу технологиясын сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың мақсаттары шынайыма?

Барлық студенттер оқудың мақсаттарына жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жасалды ма?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан кету неге керек болды?

Сабақты қорынындылау үшін осы бөлімдіпайдаланыңыз. Сол бағандағысабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқу туралы ойлаңыз)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтары мен нені көрдім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу