Нобай және техникалық сурет. Графика және жобалау, 10 сынып, презентация, 5 сабақ.
«Иық тірескен шеңбер» ойыны
Бүгінгі сабақта не білгіңіз, не көргіңіз келеді?
Алдыңғы білімге шолу
-Сіздерге қандай аксонометриялық проекциялар белгілі?
-Олардың айырмашылығы неде?
-Аксонометрияны салу кезінде осьтерді қандай бұрыштар жасап орналасады?
Нобай және техникалық сурет
2. Бөлім. Кескіндердің негізгі түрлері және салулар
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты:
Техникалық сурет пен нобайдың негізгі ерекшеліктерін түсіну;
Нобай мен техникалық суреттің қоладану салаларын білу;
Графикалық кескіндердің негізгі түрлерін, техникалық суреттерін орындайды, дәлелдейді.
Бағалау критерийлері:
Нобай мен техникалық суреттің айырмашылықтарын ажыратады;
Нобай мен техникалық суреттердің қай салада қолдануын біледі;
Ұтымды шешімдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды.
Терминология
Техникалық сурет - технический рисунок - technical drawing,
Нобай – эскиз - sketch.
Шатировка - chasing.
Шраффировка - scraping.
Нүктелік көлеңкелеу - точечное оттенение - dotted cast.
https://www.youtube.com/watch?v=EcJxJl_lNRo
Нобай- машинаның конструкциясын жасау кезінде қажет болады.
Техникалық сурет және нобай кез-келген машина құрастыру немесе өндірістік тетік бөлшектердің сызбаларын сызуда қолданылады.
Кескіндердің бұлай орындалуы техникалық сурет деп аталады.
Кез келген нәрсенің көрнекі кескінін,сызу аспаптарынсыз (қолмен) тор көзді қағазда орындау ыңғайлы. Бірақ өлшемдердің пропорционал қатынастарды сақтай отырып және аксонометриялық проекцияның ережелері бойынша орындалады.
Техникалық суретте көлеңке түсіру арқылы айқындалады.
Көлеңке түсіру шатировка, шраффировка және нүктелік көлеңкелеу тәсілдерімен жүзеге асады.
Техникалық суреттерді салу-қол жаттықтыру жұмысына жатады. Аспапсыз қолмен кесінділер, түзу бұрыштар сызып дағдылану керек.
Әдетте техникалық сурет тік бұрышты изометрия, фронталь және центрлік проекцияда орындалады.
Түзулерді салу кәдімгі жұмсақ қарандашпен орындалады. Ол үшін түзулерді, горизонталь сызыққа 30 және 45 бұрыш жасайтын сызықтарды жылдам сызып үйрену қажет. Мұндай сызықтар изометриялық және фронталь проекцияларда кездеседі. Аспаптарсыз бұрыштық өлшемдерін, параллель түзулерді салу суреттерде көрсетілген. Осыларды жаттығып үйренсе, кез келген техникалық суреттерді сала алады.
Жеке тапсырма
Өздері таңдап алған геометриялық денелердің техникалық суреттерін орындау. Техникалық суретті тік бұрышты изометрия, фронталь және центрлік проекцияда орындау керек.
Тапсырманы бағалау критерийлері:
Нобай мен техникалық суреттің айырмашылықтарын ажыратады;
Нобай мен техникалық суреттердің қай салада қолдануын біледі;
Ұтымды шешімдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды.
«Талқылаудағы әріптестер»
Серіктеспен талқылау:
Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:
Не оңай болды?
Не қиын болды?
Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе .
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру