Көпжақ ұғымы. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1А бөлім: Көпжақтар | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Көпжақ ұғымы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың типі | Жаңа тақырып | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.1 көпжақ анықтамасын және оның элементтерін білу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Көпжақтардың анықтамасын біледі. Көпжақтарды, олардың түрлерін, элементтерін таниды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
| Оқушылар: Білу: Көпжақтың анықтамасын, элементтерін біледі; Білімін қолдану: Анықтамаларды қолданып көпжақтың элементтерін суреттен тауып, жаза алады. Зерттеу: Эйлер сипаттамасын жазу үшін, көпжақтарды зерттейді. Талдау: Зерттеу жұмыстарын талдап, қорытындылайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: көпжақтарды және олардың элементтерін атайды; Пәнге тән лексика мен терминология: көпжақтың қырлары, төбелері, жақтары, биіктігі, бүйір жақтың апофемасы; қиық пирамида; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: көпжақ деп ..., бүйір жағының биіктігі, | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзгенің пікірін тыңдайды және сыни баға береді. Жұптық жұмыста - өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеу, адамгершілік, бағалауда -шыншылдық, жарқындылық. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Архитектура, сурет, құрылыс | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ақпаратпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру, ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін дағдыларды дамыту | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Куб, параллелепипед және тетраэдр туралы түсініктері бар. Жазықтықта екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың орналасуын біледі және олардың арасындағы бұрыштар мен арақашықтықтарын таба алады. Қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын жақсы біледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | 1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау. 2. Бастапқы білімді қайталау, еске түсіру. Жаңа тақырыпқа жетелеу үшін алдыңғы білімдерін еске түсіру, қайталау. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы, қайталау қамтылады. Өзіне тиіселі сұраққа ауызша жауап береді. Мұғалім ауызша сұрайды, қиындық тудырған сұрақтарға көмек береді. Мұғалім мадақтап, қолдау көрсетеді. | Қосымша 1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут 7 минут 7 минут 5 минут 5 минут 5 минут 3 минут | 3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. (Оқушыларға сабақтың тақырыбы беріліп, мақсатын анықтайды) 4. Жаңа тақырып. Слайд 1) - Көпжақ анықтамасын енгізу. Көпжақтардың элементтері туралы түсінік енгізу: көпжақ, қырлары, төбелері, жақтардың диагоналы, көпжақтың диагоналы. - Оқушыларға суреттегі көпжақтар элементтерін жазуды ұсыну.(қағазға алдарына беру не флипчартта) 2) - Оқушыларға әртүрлі көпжақтардың ішінен дөңес және дөңес емес көпжақтарды таңдауды ұсыну. - Дөңес көпбұрыш ұғымына ұқсатып, аналогия бойынша дөңес көпжақ анықтамасын тұжырымдауды ұсыну. - Оқушыларға көпжақтардың әртүрлі болатындығын көрсету, призманы, пирамиданы және дұрыс көпжақтарды оқитынымыз, ал басқа көпжақтар берілгендердің комбинациясы ретінде қарастырылатыны туралы айту. 3) Көпжақтардың көптеген пішіндерін адамның өзі ойлап таппағаны, оны табиғат кристалл түрінде тудырғаны туралы айту. 5. Тақырыпты бекіту. Жұппен жұмыс. 1) bilimland.kz білім беру платформасын пайдаланып, жаңа тақырыпты меңгеру, бекіту. 1. Көпжақтың элементтері. 1,2 жаттығулар. 2. Көпжақтардың параллель жақтары. 3,4 жаттығулар. 3. Көпжақтардың перпендикуляр жақтары. 5-7 жаттығулар. 2) - Оқушыларға көпжақтарға мысалдар келтіруді ұсыну. - Көпжақтардың түрлерімен таныстыру. Эйлер сипаттамасы. - Оқушыларды топқа бөле отырып, көпжақтардың моделін таратып, берілген көпжақтарды қарастырып және өз беттерімен Эйлер сипаттамасын есептеуге мүмкіндік беріп, келесі кестені толтыруды ұсыну, мұндағы Т – төбелер саны, Қ – қырларының саны, Ж – көпжақтың жақтарының саны. - Алдыңғы үш графа мәліметтері бойынша қорытынды жасап, Эйлер сипаттамасы графасын толтырыңыз.
- Оқушылар кез келген пирамида мен кез келген призманың төбелерінің, қырлары мен жақтарының санын қалай есептеуге болатынына қорытынды жасап, кестені толтыру.
6. Өздік жұмыс. ҚБ. 1. Бүйір қырлары бірдей, тік және көлбеу призманың биіктіктерін салыстырыңыз. 2. Тікбұрышты параллелепипедтің диагоналі табан жазықтығымен βбұрыш жасайды. Биіктігі h- қа тең болса, диагоналін табыңыз. 7. Көпжақтардың қолданылуы. Қоршаған ортада көпжақтардың қолданылуына мысал келтіру. Көптеген ғимраттар көпжақтар формасында салынады. Сондықтан ғимараттарды жақсы пайдалану және модельдеу үшін көпжақтардың қасиеттерін оқу керек. Көптеген көпжақтарды адам ойлап тапқан жоқ, бірақ кристалдар идеясында табиғат жаратқан (тұз – куб; мұз, хрусталь – екі жағынан призма «кесілген»). Көпжақтар ғимараттарда. Оқушыларға Отанымыздың астанасы Нұр-Сұлтанның архитектурасы мысалынан стреометриялық фигураларды атауды ұсыну. | Қосымша 2 /bilimland.kz/ Қосымша 3 Қосымша 4
Қосымша 5 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Соңы 3 минут | 8. Үйге тапсырма: 1) №1. 2) 1-қатар оқушылары. Орал қаласы архитектурасынан стереометрия фигуралары болатын ғимараттар суреттерін әкелу. 2-қатар оқушылары. Табиғаттағы көпжақтарға материал (суреттер) әкелу. 3-қатар оқушылары. Тұрмыс заттарындағы көпжақтарға материал (суреттер) әкелу. 9. Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі. Мақсаты: Оқушыларға сабақтағы өз қызметіне талдау жасауға көмектесу. | Қосымша 6 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
оқушылар:
Қабілеті орта оқушылар:
| Ауызша сұрақтар-жауап арқылы бағалау.
| АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау. | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||
Жалпы баға: Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қосымша 1
1) Екіжақты бұрыштың анықтамасы
2) Көпбұрыш анықтамасы
3) Дөңес көпбұрыш анықтамасы
4) Дөңес көпбұрыш түрлерін атаңыз.
Қосымша 2
Алмаздың кристаллы | |
Ас тұзының кристаллы | |
Тау хрусталі | |
Аметист кристаллы |
Қосымша 3
№ | Көпжақтардың атауы | Төбелер саны | Қырлары саны | Жақтары саны | Эйлер сипаттамасы |
1 | Тетраэдр | ||||
2 | Параллелепипед | ||||
3 | Куб |
Қосымша 4
4 | п – бұрышты пирамида | п + 1 | 2п | п + 1 | п+1–2п+п+1=2 |
5 | п – бұрышты призма | 2п | 3п | п + 2 | 2п-3п+п+2 = 2 |
Қосымша 5
Пирамида | Параллелепипед |
Призма | Қиық пирамида |
Фигуралар комбинациясы | Фигуралар комбинациясы |
Қосымша 6
№1. Суретте берілген көпжақтардың төбелерінің (Т), қырларының (Қ) және жақтарының (Ж) санын есептеңдер. Т – Қ + Ж неге тең?
Жауабы: а) Т = 4, Қ = 6, Ж = 4; б) Т = 8, Қ = 12, Ж = 6; в) Т = 6, Қ = 12, Ж = 8; г) Т = 20, Қ = 30, Ж = 12; д) Т = 12, Қ = 30, Ж = 20.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру