Екі жақты бұрыш. Геометрия, 11 сынып, презентация, 2 сабақ.


Сұрақ-жауап:

1. Екі жазықтық арасындағы бұрыш деп нені айтады?

2. Екіжақты бұрыш деп қандай фигураны айтады?

3. Екіжақты бұрыштың жақтары деген не?

4. Екіжақты бұрыштың қыры деп нені айтады?

5. Екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы деп қандай бұрышты айтады?

6. Екіжақты бұрыштың өлшемі дегеніміз не?

7. Екіжақты бұрышты жазықтықпен қиып, сызықтық бұрышын қалай алуға болады?

8. Параллель немесе беттесетін жазықтықтар арасындағы бұрыш неге тең?

1. Қиылысатын екі жазықтық арасындағы бұрыш деп, олардың қиылысуынан пайда болған бұрыштардың кішісін айтады.

2. Екіжақты бұрыш деп ортақ бір түзумен шектелетін екі жарты жазықтықтан жасалған фигураны айтады.

3. Жарты жазықтықтары – екіжақты бұрыштың жақтары деп атайды

4. Жарты жазықтықтарды шектейтін түзуді қыры деп атайды.

5. Екіжақты бұрыштың қырына перпендикуляр жазықтық оны қиып өткенде пайда болатын бұрышты екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы деп аталады.

6. Екіжақты бұрыштың өлшемі деп, оның сызықтық бұрышының өлшемін айтады.

7. Параллель немесе беттесетін жазықтықтар арасындағы бұрыш нөлге тең деп қабылданады.

Екіжақты бұрыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.3 Жазықтықтар арасындағы бұрыштар анықтамасын біледі (екі жақты бұрыш) сызбасын сала біледі, өлшемін есептейді;

Сабақ мақсаты:

Екі жақты бұрышты есептеп табуға арналған есептерді шығара алады.

Бағалау критерийлері

Жазықтықтар арасындағы бұрыштардың ішінен екі жақты бұрышты, екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышын тауып, есеп барысында қолданады.

Екіжақты бұрышты есептеп табуға арналған есептерді шығара алады.

Деңгейлік тапсырмалар

А деңгейіндегі тапсырмалар

1 тапсырма. Градустық шамасы 60°-қа тең екіжақты бұрыш берілген.

М нүктесі оның бір жағында жатады және екінші жағынан 18 см қашықтықта тұр. М нүктесінен екіжақты бұрыш қырына дейінгі қашықтықты табыңдар.

2 тапсырма. Екіжақты бұрыш 60°-қа тең. берілген. Екіжақты бұрыш қырының бойынан алынған М нүктесінен әр жақтарына екі перпендикуляр кесінді жүргізілген: МК=3,5 м және МN=1,2 м. К және N нүктелерінің арақашықтықтығын табыңдар?

3 тапсырма. Егер ұзындығы 65 м эскалатор горизант жазықтықпен 42° бұрыш жасайтын болса, онда метростанция қанша тереңдікте орналасқан?

В деңгейіндегі тапсырмалар

1 тапсырма. О нүктесінен екі жақты бүрыштың жақтарына түсірілген өзара тең перпендикулярлардың ұзындығы 36 дм. Егер екі жақты бұрыштың градустық шамасы120°-қа тең болса, онда О нүктесінен екіжақты бұрыш қырына дейінгі қашықтықты табыңдар?

2 тапсырма. Сүйір екіжақты бұрыштың бір жағында жататын М және N нүктелерінен оның екінші жағына ММ1, NN1 және оның қырына ММ2, NN2 перпендикулярлары жүргізілген. ММ1=3см, ММ2=5см, NN1 =9см деп алып, NN2-нің ұзындығын есептеп табыңдар?

Рефлексия

Нені түсіндім?

Нені түсінбедім?

Өтілген тақырыпты меңгеруге не қажет?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу