Екі жақты бұрыш. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2А Кеңістіктегі перпендикулярлық | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Екі жақты бұрыш | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.3.3 Жазықтықтар арасындағы бұрыш анықтамасын біледі (екі жақты бұрыш) сызбасын сала біледі, өлшемін есептейді; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Жазықтықтар арасындағы бұрыштар (екі жақты бұрыш) анықтамасын білу, сызбасын салу, екі жақты бұрыштың сызықтық бұрышын салу, екі жақты бұрышты есептеп табуға арналған есептерді шығара алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Жазықтықтар арасындағы бұрыш анықтамасын біледі; - Суреттегі бірнеше бұрыштардың ішінен екі жақты бұрышты, екі жақты бұрыштың сызықтық бұрышын тауып, көрсете біледі; - Екі жақты бұрыштың сызықтық бұрышын сала біледі; - Екі жақты бұрышты есептеп табуға арналған есептерді шығара алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән бойынша лексика және терминология нүкте; түзу; жазықтық; кеңістік; кеңістіктегі параллелдік; кеңістіктегі перпендикулярлық; айқас түзулер; кеңістіктегі бұрыш; екіжақты бұрыш; фигуралардың параллель және ортогональ проекциялары; көпжақ; дұрыс көпжақ; көпжақтың қимасы; кеңістіктегі нүкте мен түзу арасындағы арақашықтық; нүкте мен жазықтық арасындағы арақашықтық; айқас түзулер арасындағы арақашықтық; кеңістіктегі нүктелердің геометриялық орны. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер егер түзудің екі нүктесі жазықтыққа тиісті болса, онда... ; екі жазықтық өзара параллель, егер... егер жазықтықтағы түзу көлбеуге перпендикуляр болса, онда ол.... берілген нүктеден берілген жазықтыққа түсірілген перпендикуляр деп... екі жазықтық арасындағы бұрыш деп... фигураның берілген жазықтыққа ортогональ проекциясы деп… дөңес көпжақтың әрбір жағы… дөңес көпжақтың қимасы деп … кеңістіктегі нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық деп… кеңістіктегі нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық деп… кеңістіктегі нүктелердің геометриялық орны … | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу, қазақ тілі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны қолдану дағдысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Түзулер арасындағы бұрыш, параллель түзулер ұғымы, перпендикуляр түзулер, көлбеу және проекция туралы қғымдар және айқас түзулер арасындағы бұрыш. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Ұ 5 минут М 10 минут Ж 10 минут ЖЖ 10 минут | Сұрақ-жауап 1. Жазықтықтағы бұрыштар ұғымын қайталау. 2. Түзулер арасындағы бұрыштарды келесі жағдайлар үшін қарастырып көріңіз, егер түзулер - қиылысса; - параллель болса; - айқас болса сызбасын салып мысалдар арқылы бұрыштарды табу. 3.Түзумен жазықтық арасындағы бұрыш дегеніміз не?. Оқушыларға сызбасын салуды ұсыну. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Әр оқушыға парақ таратамын және екі жазықтық арасындағы бұрышты көрсетулерін сұраймын. Содан кейін екі жақты бұрыш ұғымын енгіземін және оның жақтары мен қырын көрсетемін. Сызықтық бұрышын көрсетемін. Осы екіжақты бұрышты, оның сызықтық бұрышы: 1) 30° 2) 60° 3) 90° 4) 150° болатындай етіп бүгіңдер. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. 1. Білу және түсіну Анықтама. Қиылысатын екі жазықтық арасындағы бұрыш деп, олардың қиылысуынан пайда болған бұрыштардың кішісін айтады. Екіжақты бұрыш деп ортақ бір түзумен шектелетін екі жарты жазықтықтан жасалған фигураны айтады. Жарты жазықтықтары – екіжақты бұрыштың жақтары деп, ал оларды шектейтін түзуді қыры деп атайды. Жақтары α және β, қыры a болатын екіжақты бұрышты αаβ деп белгілейді. Ескерту. Кейде αаβ екіжақты бұрышы а ортақ шекаралық түзуге ие болатын α және β екі жарты жазықтығынан құралған деп те айтады. Мысалы 1. Бір кітаптың екі бетімен жасалған, кубтың екі көршілес жақтарымен жасалған фигуралар – екіжақты бұрыш моделі. Екіжақты бұрышты өлшеу үшін оның сызықтық бұрышы ұғымын енгіземіз. αаβ екіжақты бұрышының а қырына кездейсоқ О нүктесін белгілейміз және α мен β жақтарында О нүктесінен а қырына перпендикуляр ОА және ОВ сәулелерін жүргіземіз. Осы сәулелерден құралған АОВ бұрышы αаβ екіжақты бұрышының сызықтық бұрышы деп аталады. және болғандықтан, АОВ жазықтығы а түзуіне перпендикуляр. Бұл екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы берілген екіжақты бұрыш пен оның қырына перпендикуляр жазықтықтың қиылысуы дегенді білдіреді. Анықтама. Екіжақты бұрыштың өлшемі деп, оның сызықтық бұрышының өлшемін айтады. Екіжақты бұрыш сүйір, тік және доғал болады, егер оның сызықтық бұрышы сәйкесінше сүйір, тік немесе доғал болса. Параллель немесе беттесетін жазықтықтар арасындағы бұрыш нөлге тең деп қабылданады. Екіжақты бұрыш ұғымына сынып бөлмесінен, қоршаған ортадан мысалдар келтіру. 2. Қолдану Жұптық жұмыс 1 тапсырма. ABCDA1B1C1D1 куб. Табан диоганалдарының қиылысу нүктесі О және сәйкесінше О1. Сызбаны сызып, кестені толтыру:
2 тапсырма. Екіжақты бұрыштың шамасы ге тең, Оның бір жағында орналасқан А нүктесінен екінші жағына АВ перпендикуляры түсірілген. Егер 1) 60° ; АВ=2м болса, онда А нүктесінен екіжақты бұрыш қырына дейінгі қашықтықты табыңдар. Жауабы: 4 м. Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау 1 тапсырма. ABCDA1B1C1D1 куб. Табан диоганалдарының қиылысу нүктесі О және сәйкесінше О1. Сызбаны сызып, кестені толтыру:
2 тапсырма. Екі жақты бұрыштың шамасы: 1) 60°. Екі жақты бұрыштың бір жағында орналасқан А нүктесінен қырына дейінгі қашықтық 10 см болса, онда оның екінші жағына дейінгі қашықтықты табыңдар.
| 1 – 3 слайд 4 слайд 5 – 8 слайд 9 – 16 слайд А.Н.Шыныбеков геометрия 10 сынып үшінші басылым Алматы «Атамұра» 2014 жыл 17 – 21 слайд 22 – 24 слайд А.Н.Шыныбеков геометрия 10 сынып үшінші басылым Алматы «Атамұра» 2014 жыл | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс 2 минут | 1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру. 2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: 1 тапсырма. Екі жақты бұрыштың шамасы:1) 30° 2) 45° Екі жақты бұрыштың бір жағында орналасқан А нүктесінен қырына дейінгі қашықтық 10 см болса, онда оның екінші жағына дейінгі қашықтықты табыңдар. 2 тапсырма. Екіжақты бұрыштың шамасы ге тең, Оның бір жағында орналасқан А нүктесінен екінші жағына АВ перпендикуляры түсірілген. Егер 1) =30°, АВ=5см 2)=45°, АВ=дм болса, онда А нүктесінен екіжақты бұрыш қырына дейінгі қашықтықты табыңдар. | А.Н.Шыныбеков геометрия 10 сынып үшінші басылым Алматы «Атамұра» 2014 жыл 171, 173 есеп | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдарына берілген кубтың моделіне қарап жазықтықтар арасындағы бұрыштарды, екіжақты бұрыштарды олардың сызықтық бұрышын толық көрсете алуына ерекше мән беріледі. Жұмысты жылдам әрі дұрыс орындаған, жеке жұмысты толық әрі нақты орындаған оқушыларға дербес қолдау көрсетіп отырамын. | Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау деңгейіне қарай бағалау критерийін негізге ала отырып бағалаймын. | Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру